Миллионер

Кризистен шығудың 5 жолы. Қуаныш Шонбай мен Ахметбек Нұрсила диалогы

Кризистен қалай аман шығамыз?

Кризистен қорықпаңыз. Қорыққанға қос көрінеді. Кризисті қауіп емес, мүмкіндік ретінде пайдалануға болады дейді отандық кәсіпкерлер. Balbal.kz мотивациялық сайты Қуаныш Шонбай мен Ахметбек Нұрсиланың инстаграмдағы тікелей эфирін тамашалап, материал ретінде дайындады.

Ахметбек Нұрсила – кәсіпкер, алғашқы қазақ тілді бизнес-тренерлердің бірі. «Швабские колбаски» шұжық комбинатының, «Саржайлау» қымыз шұбат өндірісі компаниясының иесі. «Асыл ағаш» жиһаз фабрикасын, Үржар ет комбинатын көтерген бизнесмен. Семей тері-тон тігу комбинатының негізін қалаушы. «Пестициды» ЖШС тыңайтқыштар сататын компанияның акционері. Қазір «Бизнес Бастау» атты жас кәсіпкерлік мектебінде дәріс береді.

Кәсіп деген не?

Кәсіп –  өзгеге пайда келтіру, мәселені шешіп беру деген сөз. Кәсіпкер сол мәселені шешкені үшін ақша алады. Ол үшін тұтынушы керек. Клиенттерді тартудың тиімді жолы – интернеттегі жарнама. Осы тұста Билл Гейтстің сөзі бар: «Интернетсіз бизнес – өлген бизнес».

Бизнесті орта жолдан тастамас үшін

Көп жас кәсіпкерлер бизнестегі қиындықтарға төтеп бере алмай, орта жолдан тастайды. «Бизнес Молодость» бизнес-тренингінің негізін салған Михаил Дашкиевтің есептеуі бойынша курсқа қатысқандардың 5%-ы ғана жетістікке жетеді екен. Оған себеп –  сенімділіктің аздығы. Бизнес саласында жетістікке жету үшін қандай болуымыз керек?

Оптимист

Кез келген негативті оқиғадан жақсы нәрсе көріңіз. Кризис сөзін қытайша қауіп деп те, мүмкіндік деп те оқуға болады екен. Соны мүмкіндік деп бағалаңыз.

Табандылық

Бизнесті жалғастыруға деген мотивацияңызды жоғалтпау керек. Әрдайым өзіңізге не үшін жалғастыруым керек деген сұрақ қойыңыз. Сол сұраққа жауап бере отырып, қалай мәселені шешуге болатынын да табасыз.

Салғыласу

Көңіліңіз түсіп, бәрін тастағыңыз келетін кезде ішкі түйсігіңізбен салғыласыңыз. Ол 4 пункттан тұрады:

Дәлел. Кәсіпкерлердің 99%-ы сәтсіздікке ұшырайды. Барлық атақты кәсіпкерлер қиындықтан өткен.

Альтернатива. Жағдай бұдан жаман болуы мүмкін еді ғой. Бұл кәсіптен басқа қандай іспен айналысамын, т.б.

Сұрақ қою. Қалай шешуге болады? Менің орнымда басқа адам қайтер еді деген сұрақтар қойыңыз.

Қорытынды. Барлығын саралай отырып, бір шешімге келіңіз. Ішкі түйсікті жеңіп шығыңыз.

Серпіліс

Жаңашылдықтан қашпау керек. Бір бизнес нәтижелі болмаса, екінші кәсіпті дөңгелетіп кетуге дайын болыңыз. Ахметбек мырза өз тәжірибесінде бірнеше кәсіппен айналысқан. 2015 жылы мал шаруашылығымен айналысса, кейін онлайн бизнеспен автожапқыш сатуды қолға алды.

Кризистен аман шығудың 5 жолы

Импорттан бас тарту

Сырттан тауар әкелетін кәсіптен бас тартыңыз. Бизнес тікелей теңгеге тәуелді болу керек.

Шығынды азайту

Мекемені жалдайтын болсаңыз, арзан мекемеге орналасыңыз немесе сауданы үйден жасаңыз.  Қызметкер санын азайтыңыз.

Жұмысшылар екіге бөлінеді: ақша әкелетін және ақша құртатын. Ақша әкелетін мамандықтарға маркетолог, СММ маманы, сайт, инстаграм жүргізетіндер кіреді. Ал ақша құртатын – пол жуатын, көше алдын сыпыратын, т.б. кіші қызметкерлер. Сіз екінші топтағы қызметкер санын азайтасыз. Себебі оларсыз-ақ сол жұмысты тындыруға болады.

Инвентаризация

Толық есептеу жүргізіңіз. Ақша тиыннан құралады. Әр ақшаңызды үнемдеп, тексеріңіз. Кредиторлармен келіскен дұрыс. Кризистен аман шыққанша несие алуға болады.

Актив сату

Бизнесті сақтап қалу үшін тәуекелге бару керек. Сол үшін артық заттарды сатсаңыз болады. Мысалы көлік, гаджеттер, жиһаздар, т.б.

Диверсификация

Диверсификация дегеніміз – ассортиментті кеңейту. Бір бизнестен екінші бизнеске кірісіп, екеуін қолға алыңыз. Қазіргі таңда онлайн бизнес өзекті.

Бизнес кезінде жіберілетін қателіктер

Жарнамаға үнемдеу

Үнемдеген дұрыс, бірақ өз орнымен. Жарнама, маркетингке ақшаны аямау керек. Оған кеткен шығын бірнеше есе қайтып келетінін естен шығармаңыз.

Тауарлы матрица

Бұл ассортимент саясатының талаптарын, дүкеннің ерекшеліктерін және орналасқан жерін ескере отырып, сатылатын тауарлардың толық тізімін қамтитын құжат. Бизнес үшін абырой маңызды. Аз пайда үшін клиентті алдаудың қажеті жоқ. Ондай кезде тұрақты тұтынушылардан айырыласыз.

Карантин кезінде не үйрену керек?

Бос уақытыңызды пайдасыз сериал, кино көруге жұмсамаңыз. Осы уақытта көп нәрсе үйрену керек. Бизнесіңіз дамуы үшін үйрену керек нәрселер:

Таргет

Таргетке бір мәтін жібере салмай қызықтырыңыз. Белгілі уақытты қамтитын шектеулі ұсыныс жіберу керек.

Ретаргет

Сайтқа кірген адам ұсынысқа қызығып, қалып қою керек.

Whatsapp business

Автожауап арқылы клиентке бірден жауап қайтаруды үйреніңіз.

Салқын қоңырау

Клиентті күттірмей, оны өзіңіз тауып аласыз.

Тегін алаңдар

Оlx.kz, market.kz алаңдарына жарнама беріңіз.

Контекст жарнама

Гуглға «шары алматы» деп тергенде сайтыңыз алғашқы үштікте болсын.

Затты фотосессия

Тауарды әдемі етіп фотоға түсіруді үйрен.

Лид магнит

Бұл ерекше контент. Клиенттің нөмірін базаға енгіз.

Сатылым скриптісі

Скриптілерді жаз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!