Миллионер

Louis Vuitton: әйгілі сән үйі қалай пайда болды?

Louis Vuitton тарихы

Louis Vuitton – әйелдер, ерлер және балалар киімін өндіруге бағытталған франциялық сән үйлерінің бірі. Бұл брендтің ең танымал өнімі – шабадандар. Сән үйі 1854 жылы пайда болған.

Луи Виттонның өмір тарихы

1837 жылы Луи Виттон Парижге келіп, сандық жасайтын ұста – Марешаль мырзаның оқушысы болып орналасады. Өз ептілігі мен талантының арқасында Луи жол сандықтарын жасауды тез үйренеді. Біраз уақыттан соң оны француз аристократиясы да тани бастайды. Мұның себебі – Луидың жұмыс сапасы мен ол қолданатын қымбат өнімдер еді.

1854 жылы Луи Виттон өзінің алғашқы дүкенін ашады. Дүкен «Louis Vuitton: Malletier a Pars» деген атауға ие болып, Париждің Rue Neuve des Capucines көшесінен орын тепті. Бұл үйде әлі күнге дейін дүкен тақтайшасы ілулі тұр.

1858 жылы Луи өзінің «Trianon» деп аталатын жалпақ шабаданын ұсынды. Бұл шабаданның ерекшелігі сыртқы пішінінде еді. Бұдан кейін барлық шабадандар сол дизайнмен шығарыла бастады. Шабадан сұр су өткізбейтін матамен қапталды, шеттері соғылулардан сақтайтын темірлермен өрнектелді.

Осы кезден бастап Луидың дүкенінің атын жамылып, жалған шабадан шығарушылар пайда болды. Сол себепті ол өз шабадандарының түсін қызыл-ақ сызықтарға өзгертті. Әлемнің барлық бұрышынан тапсырыс түсе бастағандықтан үлкенірек үйге көшуге тура келді. Оның келесі өндіріс орыны Парижден 1 миль жердегі Аньер ауылы болды.

1968 жылы сән үйі король отбасылары мен элиталы тұтынушыларға қызмет ететін ірі компанияға айналды.

Луи Виттонның өнертапқыштығы

1869 жылы Суэц каналының ашылуына келген Исмаил-паша мен Мысыр Хедиві Louis Vuitton дүкеніне арнайы тапсырыс берген тұтынушылар тізімінің алдыңғы қатарында тұрды. Бұдан бөлек Луи әйгілі зерттеуші Пьер Саворньянға арнап шабадан-төсекті ойлап тапты. Бұл оның өнертапқыш ретіндегі атағын шығаруға үлкен көмегін тигізді.

Louis Vuitton
Луи Виттонныі шабадан-төсегі

1885 жылы дизайнер өз дүкенін Лондон қаласынан ашты. Луи өз брендінің әлемдік сатылымға шығуына байланысты тауардың түпнұсқалылығын дәлелдеу үшін «marquee Louis Vuitton deposee» деген жазумен шығарды. 1880 жылы компанияда барлығы 30 адам жұмыс істеді.

1890 жылы Виттон тумблер құлыпты таныстырды. Бұл оның шабадандарын нағыз сейфке айналдырған еді. Әрбір құлыптың кілті арнайы нөмірлермен шығарылды.

1892 жылы Луи Виттон қаза тауып, өз кәсібін ұлы Жорж Виттонға табыстады.

Құруышының қазасынан кейінгі Louis Vuitton

1895 жылы Жорж Виттон бастаған дизайнерлер монограммалы мата ойлап тапты. Бұны көшіріп басу қиын еді. Жорж ақшыл 4 жапырақты гүлі бар ақшыл шеңбер, жұлдыз және  «LV» жазуынан тұратын белгіні ойлап тапты.

Жорж өз өндірісін кеңейту мақсатында көп саяхаттап, мемлекеттен мемлекетке көшіп жүрді. Кейін дүкендер Нью-Йорк, Бомбей, Лондон, Вашингтон, Александрия, Буэнос-Айресте ашылды. 1914 жылы Париждегі Эллисей даласында брендтің жаңа дүкені ашылды. Бұл сол кездегі Париж қаласының ең үлкен дүкеніне айналды.

1920 жылы бренд өзінің алғашқы иіссуларын өндіріске енгізді.

ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Виттон көптеген сөмкелер түрін шығарды. 1901 жылы алғашқы Streamer bag пайда болды. Кейіннен бұл сөмке түрі былғарымен тігіле бастады. 1925 жылы Коко Шанельдің тапсырысы бойынша Squire bag сөмкесі шығарылды. Ал жаппай сатылымға 1934 жылы ғана енді.

1936 жылы Жорж Виттон қаза тауып, басқарма оның ұлы  Гастон-Луй Виттонның қолына өтті. Гастон-Луи сөмкелер мен былғары галантерияға жұмсақ былғарыны қолдана бастады. Бұның арқасында сөмкелердің кейбірі өз реңін өзгертті.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде бренд ұлтшылдарды қолдады және дүкендеріне еврейлерді кіргізбеді. Бұл олардың тарихындағы ең ұмытылмас кезең болып қалды.

Бүгінгі күнге дейін Louis Vuitton әлем бойынша 350 фирмалық дүкенін ашты. Ең атақты дүкен Париждің Елисей даласында орналасқан дүкен. Мұнда тауарлар 7 қабаттан тұратын ғимаратта сатылады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!