Миллионер

Бала блогерлер – миллионер Настя, Катя және Никиталар

Қазіргі уақытта өсіп келе жатқан балалар интернет жұлдыздарына қарап, танымал болғылары келеді. «Мен блогер боламын» деп айтатындары да жеткілікті. Balbal.kz сайты мектеп жасында алғашқы миллиондарын тапқан балалар жайлы сөз қозғамақ.

Райан Каджи, 8 жас

Табысы: 22 миллион $

Блог: Ryan’s World

Оқырман саны: 25, 4 миллион

YouTube-тегі жұлдыздардың тізімін бастап келе жатқан жас миллионер. Ойыншықтармен ойнағанды ұнататын 8 жасар баланың өмірін бақылайтын оқырмандары жетерлік. Видеоның түсіріліміне бүкіл команда жұмыс істейді. Өйткені аудиторияның назарын аудару үшін видео қызықты әрі сапалы болуы керек.

Настя Радзинская, 5 жас

Табысы: 18 миллион $

Блог: Like Nastya, Like Nastya Vlog, Stacy Toys и Funny Stacy

Оқырман саны: 90 миллион

2020 жылы Настя YouTube-тегі жұлдыздар арасында 3-ші орынға ие болды. Жас жұлдыздың әкесі де видеоблогқа тұрақты қатысады. Бірге ән ойлап табады, танымал ойын-сауық саябақтарына шолу жасайды.

Катя мен Максим Федорук, 5 және 8 жас

Табысы: 4 миллион $

Блог: Miss Katy и Mister Max

Оқырман саны: 35 миллон

Катя мен Максимнің ата-анасы балаларына арнап 2014 жылы канал ашады. Бүгінгі күнге дейін блогтарын сәтті дамытып келеді. Танымал отбасы Ұлыбританияда тұрады.

София Кузнецова, 8 жас

Табысы: 1 млн 165 т $

Блог: Little Miss Sofia

Оқырман саны: 6 миллион

София сізді өзінің сиқырлы әлеміне шақырады. Ағасы Макспен бірге қызықты лайфхактар ​​көрсетеді. Сондай-ақ қыздың мысығы Мия да блогқа қатысады.

Влад пен Никита, 7 және 5 жас

Табысы: 2 миллион $

Блог: Vlad and Niki

Оқырман саны: 42 миллион

Америкада тұратын ағайындылардың блогы бір жылда тез дамып, 42 миллион оқырман жинаған. Блогтың мазмұны басқалардан қатты ерекшеленбейді. Влад пен Никитаның ойнағаны, әр түрлі мамандықтарды таңдап, рөлге кіру түсіріледі. Видеолардың авторы Влад пен Никитаның анасы.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!