Марк Цукербергтің есімін естімеген адам кемде-кем шығар. Марк Цукерберг – американдық программист. Ол 20 жасында ғаламды жаулаған «Facebook» әлеуметтік желісінің негізін салушы әрі дамытушы. 1984 жылы дүние келген Марк Цукербергтің есімі бүгінде өзі ашқан осы жаңалығының арқасында әлемдегі ең бай адамдардың ондығында еніп отыр.
Өзіңе сен
1. Адам асқан данышпан немесе түрлі қасиет пен қабілеттің иесі болып туылуы мүмін. Бірақ ол өзіне сенбесе, барлық қарым-қабілетін кәдеге жарата алмаса, көптің бірі болып қала бермек.
Сүйікті ісіңмен айналыс
2. Кәсіпті нәсіпке айналдырудағы басты қағида – қатты қалап, көңіл құлаған іспен айналысу. Мысалы, мен тек өзім айналысқым келетін іске барымды салдым, тынбай еңбек еттім. Мидың күшіне сендім.
Сұранысты анықтау үшін сұрақ қой
3. Адамдарға сұрақ қою – олар туралы не білгіміз келетіні үшін емес, керісінше, не жайында білгісі келетінінін анықтауға арналған әдіс.
Өмірді қиындатпа
4. Егер адам – білімі мен ақылын, жалпы мидың күшін басқа да болмайтын ойларға емес, тек нәтиже беретін істерге жұмсаса, оның өмірінде қиындық аз кездесер еді. Сонда өмірінде ауыр ойлар туғызатын дүниелер мүлдем болмауы да мүмкін.
«Facebook» не үшін құрылды?
5. «Facebook» компания болу үшін құрылған жоқ. «Facebook» – әлеуметтік миссияны яғни желі арқылы әлемді бір-бірімен ешқандай кедергісіз, ашық түрде байланыс орнату үшін жасалды.
Жарыстан қалма
6. Ғасыр сайын бұқаралық ақпарат құралдары өзгеріп отырады. Қазір уақыт – адамдармен желі арқылы ақпарат алмасатын кезең. Интернет жарнаманың жаһанды жаулап, нағыз жарысқа түсетін заман.
Білім ал
7. «Facebook» мен үшін үлкен сабақ болды. Жаңалық ашып, дүние жүзін мойындата алғаным және өте көп табысқа өз еңбегіммен жеткенім үшін бақыттымын. Бірақ колледжді аяқтамағаныма өкінемін. Себебі білім алу арқылы ішкі әлеміңізді ашасыз. Жан сарайыңызды байытасыз.
Достардан қол үзбе
8. Әлеуметтік желілер – виртуалды достасу ғана емес, сол достықты шынайы түрде жалғастыру үшін қажет.
Миссияңызды анықтаңыз
9. Миссия құрған соң ғана бизнес бастаңыз. Бұл тұжырымдамалар егіздер секілді қатар жүреді. Бір-бірінен ажыратсаңыз, шатасасыз. Кейін арманыңыздан қалай адасып қалғаныңызды білмей қаласыз.
Ең маңызды нәрсе не?
10. «Мен күн сайын өзіме негізгі бір сұрақ қоямын: «Мен мүмкін болатын ең маңызды нәрсені істеп жатырмын ба?» деген. Егер мәселерді шешуге болатын маңызды жайттармен жұмыс істейтінімді түсінсем, жұмсалған уақытымның бір минутына да өкініш артпаймын».
Дайындаған: Бекзат Ғажапбекқызы