Миллионер

Радислав Гандапас: Жеңілдету қиын, қиындату оңай

Радислав Гандапастың көзқарасы

Радислав Гандапас – ресейлік кәсіпкер және бизнес-жаттықтырушы. Әлемдік спикерлер рейтингінде 30-орынды иеленіп тұр. Радислав көшбасшылық және ораторлық қабілет бойынша 8 кітаптың, 14 фильмнің авторы. Balbal.kz сайты Радислав Гандапастың Сергей Суховқа берген сұхбатының қысқартылған нұсқасын ұсынады.

Таңдаған ісіңе болашақтағы миссияң ретінде қара

Адам белгілі миссиямен туылады деген пікірмен келіспеймін. Барлығымыз өзіміз таңдаған адаммен отбасын құрамыз. Сонымен қатар әрқайсымыз түрлі қабілетке иеміз. Мысалы, әнші жақсы қолбасшы немесе аспаз бола алуы мүмкін. Бірақ ол өзінің жанына жақын істі таңдады. Егер өзіңе ұнайтын саланы таңдасаң, оған миссияң ретінде қара. Оған барлық күш-жігеріңді сал. Уақыт өте бұл сала сені қызықтырмауы мүмкін. Осы кезде жаңа салаға аяқ басасың. Бұл салаға деген көзқарасың алдыңғысындай болуы керек.

Біз өмір сүретін қоғам бұрын-соңды болмаған еркіндікке ие. Өзімізді кез келген салада сынап көре аламыз.

Бизнес кәсіп емес, өмірлік тәжірибем

Бизнес деп кәсіпкер жұмыс істемесе де, табыс түсіп жататын саланы айтамыз. Ол демалыста болып, қайта оралғанда қаншалықты байығанын есептеуі керек. Менің жағдайым бөлек: мен жұмыс істемесем, ақша таба алмаймын. Мамандығымның қарғысы деп айтсам да болады. Тренингтің кесіренен демалысымды жоспарлай алмадым. Бұл мәселені шешу үшін арнайы тренингтер кестесін құрдым. Белгіленген есептен көп тренинг өткізбеймін. Есесіне, демалыс уақытымды еркін жоспарлауға мүмкіндік алдым.

Қаржымды еркін басқара аламын

Кәсіптегі қаржы мен жеке қаржым – жиналған ортақ актив. Бұған үйреніп кеттім. Өзімнің шығындарымды жарты жыл алдыға есептеп қоямын. Жарты жыл бұрын демалыс орынына билет сатып аламын. Мен дәптерге шығынымды жазып жүретін адам емеспін. Өмірлік тәжірибем кіріс пен шығысты қарыз алмайтындай етіп есептеуге үйретті.

Тренингтен бөлек, бірнеше кеңістікте өмір сүремін

Тренинг әлемінен бөлек мен бірнеше «кеңістікте» өмір сүремін.

Ұшақ. Мұнда кітап оқимын, кітап жазамын, фильм көремін. Ұшақта бірнеше сағатқа жалғыз боламын. Тіпті әуежайда да әлеуметтік желі арқылы жұмыс істеймін. Жүріп келе жатып немесе ұшақтан түскенде ағылшын тіліндегі музыка мен подкасттар тыңдаймын.

Үй. Пәтерім кең деп айта аламын. Дәл сондай саяжайым бар. Мұнда түрлі бөлмелер бар, бірақ менің кабинетім жоқ. Үйде барынша жұмыс істемеуге тырысамын. Жұмыс істейтін жағдайлар сирек болады. Егер жалғыздықта жұмыс істегім келсе, саяжайға барамын.

Кеңсе. Мұнда бес бөлме бар. Әйелім екеуміздің үстеліміз қарама-қарсы етіп орналастырылған. Ашық түстер көп. Кеңседе сирек боламын. Мұнда 4 сағаттан артық кідіре алмаймын. Үстелден бөлек мұнда барабан да бар. Ойланған сәтте немесе сұраұтың жауабын іздегенде барабанда ойнаймын. Өзгелерге кедергі келтірмейді, себебі барабан электронды.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!