Миллионер

Рэнди Гейджтің жеті заңдылығы

«Қалай ақылды, сау және бай болуға болады?»

Рэнди Гейдж — өзін-өзі дамыту маманы, табысқа жету және өмір сүру жөнінде кеңестер береді. «Неге сіз ақымақсыз, аурусыз және кедейсіз… Ал қалай ақылды, сау және бай болуға болады?» кітабымен танымал. Balbal.kz мотивациялық сайты Рэнди Гейдж және оның жеті заңдылығы туралы материал дайындады.

Өмірбаяны

Рэнди Пол Гейдж 1959 жылы 6 сәуірде АҚШ-тағы Мэдисонда дүниеге келді. Рэнди ешқашан әкесін көрмеген. Оны, үлкен ағасы Джей және кіші сіңлісі Лизді анасы Кей Гейдж тәрбиелеп өсірді.
Рэнди Гейдж жасөспірім кезінен бастап алкоголь, есірткіге әуестеніп, тәртібі нашар болған. Ол Мэдисондағы West High School мектебінен шығарылды. 15 жасында тонау және заңсыз қару ұстағаны үшін түрмеге барады.

Тентек жасөспірімді өзгерткен оқиға

1974 жылы Рэнди Гейджтің өмірінде өзгеріс енеді. Оған әсер еткен мұғалімі және досының әкесі — Бакстер Ричардсонның оны көруге түрмеге баруы. Бакстер оның жағдайын зерттеді, адамдармен ол туралы сөйлесті. Ол Рэндинің ұлы істерге қабілетті екенін байқады. Бұл Рэндинің дүниетанымын және өзін-өзі ұстауын өзгертуге әсер етті.
1975 жылы Рэнди Гейдж түрмеден шартты түрде босатылып, өмірін өзгертуге бел буды. 16 жасында тропикті аймақта өмір сүру үшін Майамиға, Флоридаға көшіп келеді. Ол Howard Johnson’s, Pancake House мейрамханаларында ыдыс жуды. Кейін Howard Johnson’s, Lum’s, Pizza Hut-тің менеджері болды. Тіпті бірнеше Mr Pizza мейрамханаларының қожайыны болды.

Қиындықтан пайда болған «өркендеу қағидасы»

30 жасында салық органдары оның мейрамханаларын тартып алып, қарыздар бойынша аукционға жіберді. Рэнди Гейдж жұмыссыз қалды. Мойнында 55 мың доллар қарызы бар еді. Өзін асырау үшін ол жиһаздарын сата бастады. Осындай қиын жағдайда Рэнди Гейдж «өркендеу принциптерін» зерттей бастады.
Бүгінгі таңда Рэнди Гейдж әлемге әйгілі маман. Ол мультимиллионер атанып, армандаған өміріне жетті. Елу елге сапар шегіп, әлі күнге дейін семинарлар өткізіп жүр.

Оның өмірлік позициясы: «Адамдар бай болу үшін туылады. Кедей болу — бұл күнә».

Рэнди Гейджтің жеті заңдылығы

1. Қағида заңы. Егер сізге жаңа аяқ киім керек болса, ескісін тастаңыз. Егер сізге жаңа киім керек болса, сөреңізді тазалаңыз. Таптаурындармен күресу үшін сізде жақсы ниет болуы керек.
2. Айналым заңы. Өзіңіз қалаған нәрсені алу үшін қолыңыздағы барды беруге дайын болыңыз.
3. Елес заңы. Алдымен өзіңіздің шарықтағаныңызды елестетіңіз. Керемет күніңіздің сипаттамасын жазыңыз және оны сенетін адамыңыздан басқаларға көрсетпеңіз. Бұл сипаттаманы ыңғайлы жерде сақтаңыз. Оны әрдайым оқи беріңіз.
4. Шығармашылық заңы. Адам өз ойы, түйсігі мен қиялының арқасында жақсы нәрсеге қол жеткізе алады.
5. Беру және алу заңы. Егер сіз бірдеңе берсеңіз, онда ол он есе болып оралады. Жақсылыққа ие болған кезде оны айналаңыздағы адамдармен бөлісу маңызды.

Егер сізде дарын бола тұрып, оны пайдаланбасаңыз, онда ол Құдайдың құдіретін қорлағанмен тең.

6. Ондық заңы. Ғалам әрқашан өзінікін алады. Яғни сізде бардың 10% алынады. Онның бір бөлігі сізге қалай оралатынын білмейсіз. Ақша түрінде немесе біреумен татуласу түрінде, жаңа таныстық, денсаулық және т.б.
7. Кешірім заңы. Егер сіз адамдарды кешіре алмасаңыз, өз бақытыңызды қабылдай алмайсыз. Егер сіздің жүрегіңіз жеккөрушілікке толы болса, онда махаббатқа орын табылмайды. Сізді жалықтыратын және сізге тыныштық сыйламайтын жағымсыз заттардан арылуыңыз керек.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!