Миллионер

Сэм Уолтон – супермаркет желісін ойлап тапқан

Сэм Уолтон супермаркет желісін қалай ашты?

Сэм Уолтон – америкалық бизнесмен. Ең алғашқы супермаркет желісін ойлап тапқан адам. Америкадағы Walmart пен Sam’s Club супермаркет желілерінің негізін қалаушы. 1985-1988 жылдар аралығында Forbes журналы Сэм Уолтонды американың ең бай адамы деп жариялады.

Балалық шағы

Сэм Уолтон (Сэмюэл Мур Уолтон) 1918 жылы дүниеге келген. Ағасы екеуі 7-8 жасынан бастап газет, журнал таратып ақша табады. Сэм озат әрі сенімді бала болып өседі. Анасы оны үнемі жігерлендіріп отыратын. Оқу ақысы мен жеке шығынына қаражатты өзі табатын. Орта мектепті оқығанда даяшы және бассейнде құтқарушы болып жұмыс істейді. Миссури университетін тәмәмдайды. JCPenney дүкеніне стажер-менеджер қызметіне орналасады.

Бірінші дүкен және алғашқы Walmart

1945 жылы Сэм JCPenney дүкенінен кетеді. Ньюпорт қаласынан дүкен сатып алады. Көп ұзамай тағы бір дүкенді сатып алады. Кәсібі дамып, табыс әкеле бастайды. Бірақ 5 жыл өткеннен кейін екі дүкенді де жабуға тура келеді.

Уолтон және оның ағасы Бад Walton’s Five and Dime әмбебап дүкенін ашады. Өз-өзіне қызмет көрсету жүйесін енгізеді. Сол кездегі бүкіл әлем бойынша осындай форматтағы үшінші дүкен болды.

Бұл бизнес орасан зор табыс алып келеді. 60-жылдардың басында Сэм 1,5 миллион доллар кірісі бар 15 дүкеннің иесіне айналды.

1962 жылы Walmart деп аталатын супермаркет желісін ашады. Төмен баға және керектінің барлығы болады. 5 жыл ішінде АҚШ-та 20 супермаркет ашылды. Айналымы 12 миллион долларды құрайды. 1985 жылы супермаркет желісі 800-ге жетеді.

Кейінгі жылдары

1984 жылы Сэм директор қызметінен кетеді. Өз орнына Дэвид Глассты қояды. Осыған қарамастан ол өмірінің соңына дейін компанияның барлық мәселесіне белсенді қатысады. Өмір бойы қайырымдылық ісімен айналысты. 1992 жылы миелома ауруынан қайтыс болды. Бүгінде әлемнің 25 елінде 12000-нан астам Walmart желісі бар.

Цитаталары

Тұтынушыңыздың үмітін ақтаңыз. Оларға қалағанын және одан да артығын беріңіз.

Қызметкерді бағалаңыз. Себебі сізге мол табыс алып келеді.

Қызметкерге серіктес ретінде қараңыз. Ол да сізге солай қарайды. Армандаған биік шыңға бірге жетесіз.

Өз ісіңізге адал болыңыз. Басқаларға қарағанда көбірек сеніңіз.

Бәсекелесіңізді бақылағанша шығынды қадағалаңыз.

Дайындаған: Гауһар Бердібек

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!