Миллионер
Томас Эдисонның шабыттандыратын сөздері
Томас Эдисонның шабыттандыратын сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.
Томас Эдисонның шабыттандыратын сөздері сіздің де бір кәдеңізге жарар.
Томас Альва Эдисон – америкалық өнертапқыш және кәсіпкер. Фонографты алғашқылардың бірі болып жасады. Сонымен қатар телеграф, телефон, киноаппаратураны жетілдірді, электр қыздыру шамының алғашқы коммерциялық нұсқаларының бірін әзірлеген.
Ендеше Томас Эдисонның шабыттандыратын сөздері арқылы сіз де өзіңізге жаңа серпін алыңыз.
Сіз бен біз телефонмен сөйлескенде пайдаланатын «алло» сөзін ойлап тапқан да осы Томас Эдисон болатын.
1.Мен ешқашан жеңілген емеспін. Тек жүзеге аспайтын 10 000 тәсілді байқап көрдім. Біздің ең басты қателігіміз – нәтижесін көрмей жатып, тез беріле салуымызда. Табысқа жетудің ең сенімді жолы — тағы бір рет қайталап көру.
2. Адамдардың көпшілігі күндердің күні бай болып оянатындарына сенеді. Олардың ойы жартылай дұрыс. Өйткені олар бір күні шынымен де оянады.
3. Маған аттар да, кемелер де керек емес. Оларға менің уақытым жоқ. Маған шеберхана керек!
4. Өркениеттің ең басты міндеті – адамды дұрыс ойлауға үйрету.
5. Біз барлығын қолымыздан келгенше соңына дейін істесек, нәтижесіне өзіміз таң қалар едік.
6. Данышпандықтың құпиясы қрапайым — еңбек, табандылық және парасаттылық.
7. Әрекеттегі әрбір сәтсіздік – бұл алға басқан тағы бір қадам.
8. — Сіз неліктен электр шамын жасағаныңызды білесіз бе?
— Жоқ… Бірақ бір білерім, үкімет бұл үшін адамдардан қалай ақша алуды жақында ойлап табатын болады.
9. Кемеңгерлік – 1% шабыт және 99% еңбектің арқасында келеді.
10. Жұмыс істеудің тағы бір тәсілі пайда болса, оның жолын тез арада тап.
11. Сенім — бұл ойлана алмайтындар үшін жұбаныш.
12. Адамдар өз мүмкіндіктерін өздері босқа жіберіп алады. Өйткені ол қолына күрек пен балға ұстаған жұмысқа ұқсайды.
13. Мазасыздық пен қанағаттанбаушылық – дамудың алғашқы шарты.
14. Менде демалыс және жұмыс күні болған жоқ. Өйткені мен жұмыс істеп жүріп рахаттандым.
15. Мен 33 жыл өнертапқыш-кәсіпкер болып қызмет еттім. Және менің өз тәжірибиемде байқағаным, Құдай бізге жіберген әрбір қиын мәселенің артында шешімін де тауып қойған. Егер өзіміз соның шешімін табуға талпынбаған болсақ, құдайды босқа кінәлі етуді қояйықшы.