Психология
Льюиси Кэрроланың «Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісі және синдромы
Микросипсия немесе "Алиса ғажайыптар әлемінде" синдромы
Льюиси Кэрроланың «Алиса ғажайыптар әлемінде» ертегісін есіңізге түсіріңіз. Қиял әлеміне тап болған Алиса метаморфиялық өзгерістерге тап болады. Ол сұйықтық ішіп, тәтті бәліш жегенде барлық заттардың көлемі бірде кішірейіп, бірде үлкейе бастайтын. Осындай атаумен таралған синдромның бар екенін білесіз бе? Balbal.kz мотивациялық сайты назарларыңызға синдром белгілері туралы ақпарат ұсынады.
Синдром туралы
Бұл ертегі 1865 жылы жазылды. Ал осы атаумен жаңа синдромның түрін дәрігер Липпман 1952 жылы анықтаған еді. 1955 жылы дәрігер-психиатр Джон Тодда бұл ауруды сипаттап берді. Оның басқаша атауы – Тодда синдромы. Бұл синдром басының сақинасы бар адамдарда жиі кездеседі.
Микросипсия дегеніміз не?
Ертегі авторы Льюис Кэрролдың өзінде бас сақинасының ауруы болған дейді. Мүмкін ол осы туындыда Алиса арқылы өзінің басынан өткен жағдайларды сипаттап берген болар.
Алиса ғажайыптар әлемінде синдромы немесе микросипсия — неврологиялық ауру. Ол бас сақинасы, эпилепсия, энцефалит, инфекциялық минонуклеоз, Эпштейн-Барр вирусы, мидың қатерлі ісігі, жүйке жүйесінің жұқаруы, галлюциногендік дәрілерді көп қолдану сияқты процесті бастан өткеретіндерде болады. Бірақ бұл синдром психикалық аурулардың қатарына енбейді.
Синдром белгілері
Алиса ғажайыптар әлемінде синдромы қоршаған ортаны дұрыс қабылдай алмаумен сипатталады. Оны агнозия деп атайды. Агнозия — қоршаған заттарды, тіпті адамның өз денесін сезінбеу. Олардың түсін, көлемін қабылдау кезінде көру, есту қабілеттерінің дұрыс жұмыс істемеуі. Сонымен қатар адам обьектілерді үлкейген мөлшерде – макропсия және кішірейген – микропсия түрінде қабылдайды. Ауру шабуыл жасағанда заттың көлемін,түсін ғана емес, олардың арақашықтығын да анықтай алмайды. Уақытты қабылдау, кеш пен күндізді ажырату қиындық тудырады.
Мәселен, үстел үстіндегі қасық кенет үлкейіп, ал алып ағаш кішірейіп кетеді.
Синдром уақыты
Синдром тәуліктің кез келген уақытында шабуылға шығады. Ол бірнеше секундтан 2 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Синдроммен кімдер ауырады?
Алиса ғажайыптар әлемінде синдромы 1000 адамның төртеуінде ғана кездесуі мүмкін. Көп жағдайда 5 және 13 жас аралығындағы балалар тап болады. Егер ауру бала кезде басталса, есейген соң жоғалып кетуі мүмкін.
Рим Хемслидің оқиғасы
Рим Хемсли – осы синдроммен ауырған адамдардың бірі:
«Мен ол кезде 21 жастағы студент едім. Сол уақытта аз ұйықтап, көп кофе ішіп, курстық жұмыс жазып жүрдім. Менді бәрі жақсы болатын. Кенет еңкейіп, жердегі теледидар пультін алғым келді. Бірақ аяқтарым еденмен өздері кетіп бара жатқандай көрінді. Бұл бірнеше секундқа ғана созылды.
Кейін бәрі күрделене бастады. Еден толқын сияқты қозғалып, саусақтарым қолдарымнан бөлініп кеткендей көріністер орын алды. Оқу бітіріп, жұмысқа орналастым. Ауруым күшейе түсті. Көлігім ойыншық машинадай кішірейіп, өзімді ұзын адам сияқты сезіндім. Кейін бұл синдром екенін білдім. Терапевт, невролог сияқты мамандардың біреуі де маған көмектесе алмады. Қазір жасым 36-да, бұл жағдайларды айына 1 рет басымнан өткеремін.