Психология

Назгүл ханым: Мына 30 әдет бойыңызда бар ма?

Назгүл ханым: Табысты адамдарда бұл әдеттер жоқ

Назгүл ханым яки Назгүл Беспаева – психолог, тренер, мотиватор, «Nazko &Bonnie» әйелдер академиясының негізін қалаушы. Бірнеше мотивациялық кітаптардың авторы Назгүл ханым жетістікке жеткен тұлғалардың әртүрлі кезеңде айтқан сөздерін, берген кеңестерін зерделейді. «Өз өмірін дұрыс сүру, армандарын орындап, жетістікке жету жолы да қажырлы еңбекті қажет етеді» дейді ол.

Инстаграм: @nazgul_hanym Хабарласу үшін: 8 (771) 446 09 44

Жетістікке жеткен тұлғалардың бойынан кездеспейтін не өмір бақи күресіп өткен әдеттердің тізімін Назгүл ханым тізіп берді.
Осы 30 әдетпен таныса отырып, соларды өз бойынан аластау арқылы сіз өз жолыңызды дұрыс таба алатыныңызға күмәніңіз болмасын.

30 әдеттен аулақ болыңыз

  1.  Өзіңізге ұнамайтын іске көніп жүре беру;
  2. Сіздің өзіңізге деген сенімділігіңізді түсіретін адамдармен араласу;
  3.  Басқалар не айтады екен деп жалтақтау;
  4. Өз қалағаныңыздай жасау үшін бәрін бақылау;
  5. Бір ағыспен, жеңілдің астымен жүру;
  6. Ойыңыз бен пікіріңізді өзіңіздің ішіңізде сақтау;
  7. Алға қадам басып, жаңа заттарды бастаудан қорқу;
  8. Өзгелерді ойлап, өзіңізді ұмыту;
  9. Бәріне ұнауға тырысу;
  10. Жақындарыңыз бен ата-анаңызды ұмыту;
  11. Бос уақытыңызды төрт қабырғаға қамалып өткізу;
  12. Әрқашан асығып жүру;
  13. Өзіңізді сынау;
  14. Қателесуден қорқу;
  15. «Менің қолымнан келмейді деп» өзіңізді сәтсіздікке бұру;
  16.  Өзіңізді басқалармен салыстыру;
  17.  Бұрынғы өткен шақта қалып қою;
  18. Тек болашақты ойлай беру;
  19. Өз өміріңізге шағымдану;
  20. Өзіңізге ренжіп жүру;
  21. Керек жоқ заттарды сатып алып, сақтап жүру;
  22. Бәрін өзіңіз жасауыңыз;
  23. Мінсіз адам болуға тырысу;
  24. Жауапкершілікті басқаларға арту;
  25. Орындай алмайтын уәделерді беру;
  26. Жамандық ойлау, ниеттің түзу болмауы;
  27. Ұялшақтық;
  28. Қателіктерді қайталай беру;
  29. Қызғаныш;
  30. Ренжи беру;

Тізімдегі отыз әдеттің қайсысы сіздің бойыңызда бар? Ойланып, шынайы жауап беріңіз. Сосын сол әдетті/әдеттерді бойыңыздан жоюға бар күш-жігеріңізді салыңыз. Ол үшін сізге сол әдеттер бойында жоқ адамдармен достасу, ұқсап бағу міндетті болып табылады. Бірақ ең алдымен өзіңізді бар қалпыңызбен қабылдап, өзіңіздің кемшін тұстарыңыз бен артықшылықтарыңызды айқындап алыңыз. Өзін-өзі алдамайтын адам бақытты.

Өзін-өзі бақытты еткен әйел

«Тынық мұхитындағы Фресно университетінде бір оратор аудиториядағы отбасылы адамға сұрақ қояды: «Күйеуіңіз сізді бақытты етіп жүр ме?» деп. Дәл осы кезде күйеуі басын тік көтеріп, өте сенімді отырады. Ол әйелінің жауабы «Иә» болады деп ойлады, себебі ол осы уақытқа дейін өміріне шағымданып көрмеген екен. Бірақ әйелінің жауабы «Жоқ» болды. «Жоқ, мені күйеуім бақытты қылмайды» дегені күйеуін таң қалдырады. Бірақ әйелі жалғастыра берді: «Менің күйеуім мені ешқашан бақытты еткен емес. Мен өзім бақыттымын. Менің бақытты болуым өзгелерге байланысты емес, менің бақытты болуым тек өзіме байланысты. Мен әр сәтте бақытты болуды жөн көрдім, егер де менің бақытты болуым басқа адамдарға, заттарға, Жердегі мәселелерге байланысты болса, онда менде нағыз қиындықтар туушы еді.

Үздіксіз өзгеріс

Бұл өмірде бәрі өзгеріске ұшырайды: адам, байлық, денеміз, климат, қуаныш, достар, физикалық және психикалық денсаулық. Бұл тізімді жалғастыра берсек, тіптен көп. Мен қандай жағдай болса да, бақытты бола білуім керек. Мен де көп болсын, аз болсын, мен бақыттымын! Мен сыртқа шықсам да, үйде де, бай, кедей болсам да бақыттымын.Мен тұрмыстамын, бірақ мен жалғыз болғанның өзінде де бақытты болдым. Мен өзім үшін бақыттымын. Көп адамдар «Мен бүгін бақытты бола алмаймын, себебі мен ауырамын, әзірге ақшам жоқ, бүгін күн суық немесе ыстық, мені жақсы көруін қойды, мені ренжітті, жұмысымнан шаршадым» дейді. Мен өз өмірімді басқаларға қарағанда жақсы өмір сүргендіктен емес, тек бақытты өмір сүруді таңдағаннан кейін жақсы көремін! Мен өз бақытыма өзім жауаптымын! Мен бақытты болу жауапкершілігін тек күйеуіме артып қоймадым. Сол себепті отау құрғаннан кейін шаңырағымыз шайқалмай, бақытты ғұмыр кешудеміз!» дейді ақтарылып.

Шешім қабылдаңыз

30 әдет пен өзіңізді бақытты сезінудің байланысы сіз ойлағаннан да нәзік. Өзін бар мінімен қабылдаған адам сол мінімен күресе алады. Сондықтан да бақытты боламын деп шешсеңіз де, табысты адам боламын десеңіз де, түп-төркіні бір. Жақсылардың жанында жүріңіз, өзіңізді бақытты сезініңіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!