Салауат

Наурыз көже. Ұлттық сусынның денсаулыққа пайдасы

Наурыз көженің пайдасы жайлы білесіз бе?

Наурыз көже – қазақ халқының ұлттық тағамы. «Наурыз көжені», әдетте, «Наурыз» мерекесі қарсаңында дайындайды. Көженің құрамы 7 түрлі өнімнен құралған. Назарыңызға ұлттық сусынымыздың пайдасын ұсынамыз.

         Наурыз көженің жасалудағы мәні

Қазақ халқының негізгі шаруашылығы төрт түлікпен байланысты. Сол себепті болар, көженің құрамы да еттен, сорпадан, құрттан, айран және қазы секілді тағамдардан тұрады. Ал барлығының негізі – су. Қазақтың жаңа жылы – Наурызда жасалатын ұлттық сусынды жасарда «Ұлы күні қазан толса,ол жылы ақ мол болар» деп айтқан. Сондықтан көже барыншы мол дайындалады. «Наурыз көже» тек мереклік сусын ғана емес. Ол – адам организмінің қайта қалпына келуіне көмектесетін дәрумендердің мол қоры.

         Жеті түрлі өнімнің жеті түрлі пайдасы

Су. Су – тағамның негізгі құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Организміміздегі барлық зат алмасу процесі судың қатысуынсыз жүрмейді. Осы себепті адам аштықтан гөрі шөлге шыдамсыз болып келеді. Тек адам ғана емес, су – табиғаттың көзі. Тіршілік атаулының бәрі суға тәуелді.

  Ет. Еттің қоректік құнарлылығы мол. Негізгі тағамдық өнім болып табылады. Оның құрамының 73-77% су, 18-21% ақуыз, 1-3% май құрайды. Сонымен қатар В1, В2, В6 секілді дәрумендерге бай. В1 дәрумені ағзаға зат алмасу үшін қажет болса, В2 жарақаттың тез жазылуына көмектеседі. В6 дәрумені балаларда бойдың өсуіне, қанның көбеюіне әсерін тигізеді. Етте бұлардан бөлек фосфор, темір, мырыш секілді элементтер бар.

Сүт. Сүт ақуыз, дәрумендер мен минералды заттарға бай. Сонымен қатар иммунитетті күшейтіп, тұмау секілді аурулармен күресуге көмектеседі. Сүттің құрамында А, Д, В2, В12 дәрумендері мен калий, фосфор, магний, натрий, темір, фтор мен йод көп мөлшерде кездеседі.

Май. Май – құнарлылығы жоғары өнімдердің бірі. Ағзаға 1 грамм майдың түсуі ақуыз бен көмірсулардың сіңіп, тарауына әсер етеді. Денеде 2 есе артық жылу бөлінеді. Майдан адам организмі А, Д, Е секілді дәрумендерді алады. А дәрумені көздің көруін жақсартады.

Бидай, тары, арпа. Дәнді дақылдар тағамдық құнары мен калориясы көп өнімдердің қатарына жатады. Бидай, тары және арпада аз мөлшерде калий, кальций, магний мен фосфор болады. Сонымен бірге көмірсулар мен өсімдік ақуызының қоры саналады. Мұндай ақуыз бұлшық еттердің дұрыс жұмыс істеуіне әсер етеді.

Тұз. Тұз – организмге қажетті заттардың бірі. Ол адам терісіндегі су мөлшерін реттеп, асқазанда тұз қышқылының түзілуіне әсер етеді.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!