Компас

Сингапур немесе ең қымбат қаладағы бағалар

Сингапурде ақшаны қайда жұмсаймыз?

Сингапур – аса қарқынмен дамып келе жатқан құрлықты қала-мемлекет. Оны кейде «Арыстан Қала» деп те атайды. Космополиттік қала Сингапур –  әлемдегі ең тығыз қоныстанған мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар Сингапур тұрғындары әлемдегі миллионерлердің көшін бастап тұр. Капиталы 1 миллион доллардан асатын шамамен 105 мың адам тұрады екен. Атақты Economist Intelligence Unit экономикалық басылымының «Әлемдегі ең қымбат қалалар» рейтингісі бойынша Сингапур қаласы үш мәрте 1-ші орынды иеленеді.

Сингапур несімен қымбат?

Салыстырмалы түрде Сингапурде азық-түлік бағасы Нью-Йорктен 11% жоғары, ал киім-кешек 50%-ға қымбат.

1 бөлке нан бағасы: 3,54$

1 бөтелке асханалық шараптың бағасы (0,75 мл): 25,24 доллар

1 қорап темекінің бағасы: 10,32 $

1 литр көлік жанармайының бағасы: 1,76 $

Сингапурдағы тұрғын үй, көлікпен жүру және коммуналдық қызметтердің қымбат болуы мемлекеттің ресурстарының шектеулі болуымен түсіндіріледі. Алайда әлемге әйгілі бағасы қолжетімді көше асханалары, арзан ұлттық мейрамханалар, сондай-ақ ойын-сауық және мәдени мекемелер бар. Ендеше көп шығын шығармай, Сингапурды қалай аралауға болатынын талдайық.

Сингапурдың көрікті жерлері

Шығанақ бойындағы футуристикалық бақ.

Сингапурдағы ең танымал жер. Осы қалаға келген турист міндетті түрде көруі тиіс.

Азия өркениеті мұражайы.

Сингапур – бірнеше мәдениеттің тоғысқан жері. Бұл мұражайдан Азия халқының тарихы мен мәдениеті туралы біраз ақпарат аласыз.

Сингапур ботаникалық бағы

Бақ 24 гектар шаршы аумақты қамтып, ЮНЕСКО көлемінде «Әлемдік мұра» тізіміне енген.

Чайнатаун және Кіші Үндістан жолымен қыдыру.

Осы жерлерді қамти отырып, қытай және үнді мәдениетін тамашалай аласыз. Айта кетерлігі, Чайнатаун жерінде орталыққа қарағанда арзанға тамақтана аласыз. Орташа есеппен 6 SGD (сингапур доллары) шығады. Ал әрі қарай араб кварталында Сұлтан мешітін немесе Қытай мәдени мұрасының орталығын аралаумен саяхатыңызды жалғастырасыз.

Сингапур айналғыш дөңгелегі

Егер биіктіктен қорықпасаңыз, міндетті түрде отырыңыз. Қаланы толығымен жоғарыдан бақылап, тамсана аласыз.

Сингапурде қалай үнемдесе болады?

Қоғамдық көлікпен жүріңіз.

Қала экологияға қатты мән бергендіктен, автокөлікпен, таксимен жүру өте қымбат. Туристік билет арқылы қоғамдық көлікпен бір күн 10 SGD болады. Метро, троллейбуспен қаланы аралағаныңыз жөн.

Орталықтан тамақ алмаңыз.

Аталып өткендей, Чайнатаун, кіші Үндістан және Смит-стрит жерлерінен тамақтанған үнемді әрі дәмді.

Каучсёрфинг.

Сингапурда жатын үйлер, хостель, отельдерде бір түнеп шығу 17 SGD-дан басталып, 85-110-ге дейін барады. Ал каучсерфинг деген қала тұрғындарының жатын бөлмелерін алу қызметі. Бұл тәсілмен ақша үнемдей отырып, өзіңізге серік таба аласыз.

Бақытты сағат

Қалада бақытты сағат уақытын біліп алғаныңыз дұрыс, себебі басқа уақыттарда сусындарды алу өте қымбатқа шығады. Сонымен бірге бөтелкедегі суды сатып алмаңыз.  Сингапурдың су құбырынан ағатын су өте таза болады. Соны құйып алып, өзіңізбен алып жүріңіз.

Сингапурде тыйым салынады

Сингапурда біз білмейтін көп нәрсеге тыйым салынған. Көп туристер білместікпен айыппұл төлеп, тіпті жазаға тартылып жатады. Тыйым салынған заттар:

  • Сағыз. Сингапур шекарасына сағыз атаулымен кірмеңіз, 100 мың SGD көлемінде айыппұл төлейсіз;
  • Электронды темекі;
  • Фейерверк/петарда;
  • Кальян;
  • Экзотикалық жануарларды ұстау немесе сату;
  • 22:30-дан кейін спиртті өнімдер сатып алу;
  • 22:00-ден кейін қоғамдық орындарда үш адамнан көп болып жиналу;
  • Үйде мысық асырау;
  • Қоғамдық көліктерде тамақ не сусын ішу.

Сингапур – қалай ең қымбат атанса, түрлі өркениет пен әсемдікке дәл солай бай. Қолайлы климат, қонақжай халық, көрікті жерлері Сингапурға барудың басты себептері бола алады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!