Саяхат

Токио қаласы: көрнекі жерлері және бағасы

Жапонияға саяхат

Токио — әлемдегі ең танымал әрі әдемі қалалардың бірі. Көптеген адамдар Жапония астанасына баруды армандайды. Balbal.kz мотивациялық сайты Токиоға барғанда қай жерлерде қыдыру керектігін және оған қанша ақша кететінін материал ретінде дайындалды.

Цукидзи базары

Цукидзи — жай базар емес, бұл теңіз өнімдері мен балықтардың бірнеше таңдауы бар үлкен тағам алаңы. Цукидзидегі басты ойын-сауық — тунец аукционы. Аукцион тегін, бірақ туристерге арналған орындар саны шектеулі. Таңертең 4.30-дан кешікпей кезекке тұру керек. Аукционнан кейін базар аралап, теңіз жануарларын қарай аласыз. Жапон суши-барларының бірінде ас ішуді ұмытпаңыз (базардағы мейрамханалар сағат 13:30 шамасында).

Уэно саябағы және мұражай орамы

Уэно саябағында мұражайлар, храмдар, тіпті Токиодағы ең көне зообақ бар. Токио ұлттық музейі Хонкан және Ұлттық ғылым мен табиғат мұражайында жапон сурет галереясын тамашалаңыз. Хонкан саябағының қарама-қарсы жағында кішкентай Ситамати мұражайы орналасқан. Онда жер сілкінісі болғанға дейін Токиодағы кедей аудандардың өмір сүру деңгейі қалпына келтірілген.

Мэйдзи храмы және Йойоги паркі

Мэйдзи — бұл Токио императоры Муцухито мен оның әйеліне арналған үлкен әйгілі синтоистік храм. Муцухитоның арқасында ел әлемдегі жетекші державалардың біріне айналды. Мэйдзи ежелгі Йойоги саябағының төменгі жағында орналасқан. Саябақ велосипед және баскетбол алаңымен жабдықталған, велосипедтерді жалға алуға болады.

Харадзюку кварталы

Сибуяда орналасқан Харадзюку кварталы — Токиодағы ерекше орындардың бірі. Жексенбіде мұнда түрлі субмәдениет өкілдері жиналады, жастар анимеге сай костюмдер киеді.

Сибуя қиылысы

Сибуя — әлемдегі әйгілі жол қиылысы, Токио рухын керемет көрсетеді. Старбакстың екінші қабатында Цутая кітап дүкенінің ғимаратында тұрып, мыңдаған адамдар бір уақытта бірнеше бағытты кесіп өткенін бақылаңыз. Старбакста кезек көп, терезеден қарау үшін сәл күтуіңіз керек. Көше қиылысының көрінісі Mark City сауда орталығы мен Сибуя станциясының арасындағы әйнекпен көтерілген жолдан басталады. Кешке неон белгілері мен жарнамалар жарқыраған кезде, қиылыс жақсы көрінеді.

Мори мұнарасы

Роппонги Хиллз кешенінің Мори мұнарасы 238 метр. Қаладағы ең биік ғимараттардың бірі. 52 және 53 қабаттарда қазіргі заманғы өнер мұражайы орналасқан, онда жапон суретшілерінің, бүкіл әлем авторларының көрнекті жұмыстары ұсынылған. Мұражайға билет сатып алғаннан кейін, сіз Токионың кейпі көрінетін байқау алаңына бара аласыз.

Император сарайы

Бұл сарай император отбасының қазіргі резиденциясы. Сарай туристер үшін жылына екі рет — 2 қаңтар мен 23 желтоқсанда ашылады. Бірақ шығыс саябағын көруге болады. Мұнда жыл бойы гүлдейтін түрлі ағаштар мен бұталар бар.

Асакуса ауданы және Сенсодзи храмы

Бұл Канон құдайына арналған буддистердің ғибадатханасы. Сенсодзидің жанында танымал ескі Nakamise сауда көшесі орналасқан. Рнда кәдесыйлар мен дәстүрлі жапон тәттілерін сатып алуға болады.

Күнделікті шығындар

Қыдырудан басқа күнделікті шығындар да бар: тамақ, пәтер жалдау, коммуналдық қызметтер.

Тамақ пен сусынның бағасы айына орташа есеппен 65,994 иен (200 000 теңге) құрады. Көлік пен байланыс құны айына орташа есеппен 15 608 иенді (50 000 теңге) құрайды.

Токиодағы бір бөлмелі пәтерді немесе студияны жалға алудың орташа бағасы — 89 500 иен (240 000 теңге).

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!