Компас
Венеция туралы қызықты деректер
Венеция – Италияның солтүстік-шығысында орналасқан қараса көз тоймайтын әдемі қала. Қала судың үстіне салынғанымен ерекше. Ғажайып қаланың тұрғындары мен қала жайлы деректерді Balbal.kz порталы оқырман назарына ұсынады.
- Венецияда су тасқыны қараша мен желтоқсанда болады.
- Қала тұрғындары мен қала маңындағы Местре қаласында тұратындар да венециялық болып саналады.
- Қала ішінде дүкендерге орын жеткіліксіз. Сол себепті саудагерлер көшеде сауда жасайды.
- Италия бойынша ең қымбат пәтерлер Венецияда орналасқан. Бұл жерде пәтерді жалға алу үшін қалтаңыз қалың болуы керек.
- Венецияда қоғамдық дәретханалар жоқтың қасы.
- Венецияда мейрамханаларда жергілікті тұрғындарға үнемі үлкен көлемде жеңілдік жасалады. Ал бұл туристердің наразылығын тудыратын көрінеді. Мейрамхана басшылығы өз жерлестерін тұрақты клиент ретінде қабылдайтынын айтады.
- Венецияда гондольер саны өзгермейді. Олардың зейнетке шығуы да, жаңадан қызметке орналасуы да бұл санды өзгерте алмайды. Венецияда гондоланы жүргізетіндер саны – 425.
- Венеция жыл сайын судың астына батып жатыр. Ғалымдар 2028 жылы қаланы су басып қалады деген болжам жасаған.
- Ескі ғимараттардан кітап ұстап тұрған арыстанды байқауға болады. Егер кітап ашық тұрса, құрылыс жұмыстары кезінде бұл жерде бейбітшілік болған. Ал жабық кітапты ұстап тұрған арыстан қалада соғыстың болғанын білдіреді.
- Жыл сайын Венецияға 18 млн турист келеді. Ал күн сайын шамамен 50 мың адам су үстіндегі қаланың сұлулығымен тамсанады.
- Үйлердің басым бөлігі Сібір сағызқарағайына салынған. Бұл ағаш тұзды суда ұзақ сақталады.
- Венецияда саяхатшы Марко Поло мен әйгілі композитор Антонио Вивальди дүниеге келген.
- Венецияда автокөлік пен автобус мүлде жоқ. Қоғамдық көліктің рөлін суға арналған автобустар атқарады.
- Венециядағы ең үлкен канал – Гранд Канал. Оның ұзындығы – 4 шақырым.
- Венециялық гондоланың көлемі өзгермейді: ұзындығы – 11 метр, ал ені – 140 см.