Саяхат

Венеция туралы қызықты деректер

Венеция – Италияның солтүстік-шығысында орналасқан қараса көз тоймайтын әдемі қала. Қала судың үстіне салынғанымен ерекше. Ғажайып қаланың тұрғындары мен қала жайлы деректерді Balbal.kz порталы оқырман назарына ұсынады.

  1. Венецияда су тасқыны қараша мен желтоқсанда болады.
  2. Қала тұрғындары мен қала маңындағы Местре қаласында тұратындар да венециялық болып саналады.
  3. Қала ішінде дүкендерге орын жеткіліксіз. Сол себепті саудагерлер көшеде сауда жасайды.
  4. Италия бойынша ең қымбат пәтерлер Венецияда орналасқан. Бұл жерде пәтерді жалға алу үшін қалтаңыз қалың болуы керек.
  5. Венецияда қоғамдық дәретханалар жоқтың қасы.
  6. Венецияда мейрамханаларда жергілікті тұрғындарға үнемі үлкен көлемде жеңілдік жасалады. Ал бұл туристердің наразылығын тудыратын көрінеді. Мейрамхана басшылығы өз жерлестерін тұрақты клиент ретінде қабылдайтынын айтады.
  7. Венецияда гондольер саны өзгермейді. Олардың зейнетке шығуы да, жаңадан қызметке орналасуы да бұл санды өзгерте алмайды. Венецияда гондоланы жүргізетіндер саны – 425.
  8. Венеция жыл сайын судың астына батып жатыр. Ғалымдар 2028 жылы қаланы су басып қалады деген болжам жасаған.
  9. Ескі ғимараттардан кітап ұстап тұрған арыстанды байқауға болады. Егер кітап ашық тұрса, құрылыс жұмыстары кезінде бұл жерде бейбітшілік болған. Ал жабық кітапты ұстап тұрған арыстан қалада соғыстың болғанын білдіреді.
  10. Жыл сайын Венецияға 18 млн турист келеді. Ал күн сайын шамамен 50 мың адам су үстіндегі қаланың сұлулығымен тамсанады.
  11. Үйлердің басым бөлігі Сібір сағызқарағайына салынған.  Бұл ағаш тұзды суда ұзақ сақталады.
  12. Венецияда саяхатшы Марко Поло мен әйгілі композитор Антонио Вивальди дүниеге келген.
  13. Венецияда автокөлік пен автобус мүлде жоқ. Қоғамдық көліктің рөлін суға арналған автобустар атқарады.
  14. Венециядағы ең үлкен канал – Гранд Канал. Оның ұзындығы –  4 шақырым.
  15. Венециялық гондоланың көлемі өзгермейді:  ұзындығы – 11 метр, ал  ені – 140 см.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close