Табыс

Ақша табу және жарату. Белгілі кәсіпкерлер нені кеңес етеді

Кәсіпкерлердің ақшаға деген көзқарасы

Ақша табу және жарату екі түрлі нәрсе. Ақша табу қаншалықты қиын болса, жарату соншалықты оңай. Ақылмен жұмсалмаған ақша сізді тақырға отырғызуы мүмкін. Сол үшін белгілі кәсіпкерлер мен ақшаның қыр-сырын білетін жандардың кеңесіне жүгінген жөн. Олардың өмірлік тәжірибесі мен білімі сізге көмегін тигізбей қоймайды.

Генри Форд, амеркалық кәсіпкер, өнертапқыш

Аты аңызға айналған өнертапқыш, автомобиль өнеркәсібінің алыбына айналған Генри өмірге оптимистік көзқараспен қараған. Оның ойынша білім алуды тоқтатпау керек. Жас мөлшері шектеу емес. Ол қартайған шағында да жаңа белестерді бағындырып, қиындықтан қашпаған.

Генри Форд үшін ақша – жаңа тәжірибе мен білімнің көзі. Дәл осы себептен де инвестицияны өзіңізге құю керек деп есептеген. Тек осылай ғана жетістікке жетуге болады деген қорытынды жасайды.

Генри Фордтың кеңестері:

  • Егер тәуелсіздіктің кілті ақша деп есептесеңіз, ешқашан тәуелсіз болмайсыз. Себебі сіз ақшаға тәуелдісіз. Тәуелсіздікке жетудің жалғыз жолы – білім қоры мен тәжірибе, мүмкіндікті ақылмен пайдалану;
  • Жетістік пен байлықтың құпиясы – өзгелерді де өзіңізді түсінгендей түсіну. Барлық сөзге өзіңіздің және өзгенің көзімен қарап үйрену керек. Түрлі көзқарастар сізге дұрыс жауапты береді;
  • Үлкендер бізді ақшаны үнемдеуге, болашаққа деп жинауды үйретеді. Бірақ бұл қате пікір. Ақшаны банкте жинамаңыз. Барлығын өзіңіздің дамуыңызға жұмсаңыз. Қырық жасқа дейін мен бір центті де өзімнің дамуым үшін үнемдемедім.

Уоррен Баффет, америкалық кәсіпкер, инвестор

Уоррен Баффет барлық уақыттың үздік инвесторы ретінде белгілі. Оның жетістігінің басын 10 000 доллар ғана құраған. Бүгінгі таңда ол әлемдегі бай адамдардың бірі. Оның жағдайы 77,3 миллиард долларға бағаланады.

Уореннің кеңестері:

  • Нарық жабылғанның өзінде сіз одан рахат алатын затты ғана сатып алыңыз;
  • Маған не екендігі маңызды емес: шұлық болсын акция болсын, тек сапалысын ғана төмен бағада сатып аламын;
  • Бір орында отырып жақсы жұмыстан бас тартудың қажеті жоқ;
  • Егер таңдау құқығы берілсе, барлық жағдайда «жоқ» деп айтқан дұрыс.

Марк Кьюбан, америкалық кәсіпкер, миллиардер

Марк Кьюбанның оқиғасы қызықты. Ол қарапайым отбасыда дүниеге келген. Өзінің алғашқы келіссөзін 12 жасында жүргізген. Марк қоқыс пакеттерін баскетболға арналған аяқ-киім сатып алу үшін сатқан. Марктың қазіргі жағдайы 2,3 миллиард доллар деп бағаланады. Оның мансабы барменнен басталып, жеке компанияға дейін жалғасады.

Марктың қаржыға байланысты кеңестері:

  • Жеке шығындарға ақшаны аз жұмсау – бай болудың кепілі. Ақылды сатып алушы болыңыз;
  • Қандай үйде тұрып, қандай көлік мінетініңіз маңызды емес. Ақшаға назар салсаңыз, жұмыс істеуіңіз қиындайды. Неғұрлым арзан өмір сүрсеңіз, алдыңыздан таңдау да көбірек пайда болады.
  • Мәселе ақша мен байланыста емес. Мәселе сіздің жұмыс істеуге деген дайындығыңызда, сабақ алуыңызда. Егер жетістікке жетпесеңіз, сабақ алып әрі қарай жылжисыз.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!