Табыс

CRM жүйесі – табысты арттырудың кілті

CRM деген не?

CRM — (таратып жазатын болсақ, Customer Relationship Management) клиентпен қарым-қатынасты басқару жүйесі. Ол арқылы клиентпен тиімді диалог құрып, оған жақсы әсер қалдырасыз. Осылайша сатылым санын арттырасыз.

Жүйе қалай жұмыс істейді?

Клиенттік базаңыз сақталған Excel кестесін елестетіп көріңіз. Бұл жүйе дәл сол сияқты, тек клиенттің атын басқан кезде ыңғайлы карта ашылады. Онда бірінші қоңыраудан бастап сатып алуға дейінгі онымен жасалған жұмыс туралы барлық ақпарат бар. Мұнда сіз қоңырауларды тыңдай аласыз, сатып алу тарихын көре аласыз, шаблон бойынша құжаттар жасай аласыз, e-mail немесе sms жаза аласыз.

Клиент сізге қоңырау шалған кезде CRM оның картасын ашуды ұсынады. Сіз клиент туралы ақпараттарды біліп отырасыз. Бұрын бұл сатып алушыға басқа менеджер қызмет көрсеткен болса да сіз оның сұрақтарына оңай жауап беретін боласыз. Жүйе өзі клиентке хабарлама жібереді. Сонымен сіз оны сатып алуға дайын етесіз.

CRM-нің мүмкіндіктері

— тапсырыстар мен салымдарды есептеу;
— жобаларды басқару;
— онлайн жобаларды басқару;
— клиенттерді қабылдауға жазу;
— бизнес процестерді автоматтандыру;
— қаржыны басқару.

CRM-нен түсетін пайда

2015 жылы Capterra компаниясы CRM жайлы 500 компанияның арасында сауалнама жүргізген. CRM-ді енгізген соң ол компаниялардың табысы 25-35%-ға өскен.

CRM-де қандай функциялар болуы шарт?

Ең бірінші, сізге не қажет екенін анықтап алыңыз. Бағдарламаны әзірлеушілер оның функционалдығын үнемі кеңейтіп отырады. Мысалы, жаңа интеграцияларды, геймификация элементтерін, визиткаларды сканерлеуді және т.б. қосады. Бірақ көбінесе компаниялар бұл опцияларды пайдаланбай артық төлем жасап жатады.

CRM-де болуы керек міндетті функциялар жиынтығы бар:

Клиенттермен өзара әрекеттесудің бүкіл тарихы сақталатын клиенттерді есепке алу модулі.
1. Сатуды басқаруға арналған модуль;
2. sms-хабарламалар жіберуге, объектілер туралы деректерді өзгертуге, маңызды күндердің жақындағанын (мысалы, шарттың аяқталу мерзімі немесе туған күні туралы) еске салуға мүмкіндік беретін бизнес-процестерді автоматтандыру.
3. Көрнекі графиктер мен диаграммалар, сондай-ақ егжей-тегжейлі мәліметтердегі кестелер түріндегі нақты уақыттағы талдау және есептер.
4. Тапсырмаларды басқару менеджер қызметкерлердің орындаған және мерзімі өткен істері туралы дереу хабарлама алатындай етіп құрылған.
5. Пошта, сайт және IP-телефониямен интеграция. Барлық кіріс өтініштер олар қандай арна арқылы түссе де бірден CRM-ге жазылады.
6. 1С, корпоративтік бағдарламалық жасақтама, мобильді және басқа қосымшалармен интеграцияны реттеуге мүмкіндік беретін API бағдарламалау интерфейсі.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!