Табыс

Дипломсыз байыған миллиардерлер

Дипломсыз да табысты болуға болады

Дипломсыз жетістікке жету мүмкін емес деп ойлаймыз. Алайда олай емес. Мына 11 миллионер дипломсыз-ақ бақытты. Balbal.kz мотивациялық сайты шынайы оқиғалармен бөліседі.

Билл Гейтс

Билл Гейтс Гарвард университетінде оқыған. Алайда 2 курсында оны шығарып жіберген екен. Соған қарамастан 2007 жылы университет дипломы табысталды. Қазіргі таңда Билл Гейтс әлемдегі табысты адамдардың бірі.

Марк Цукерберг

Марк Цукерберг те Гарвард университетінде психолог мамандығын оқып шыққысы келген. Алайда университет қабырғасында шығатын Harvard Crimpson газетіне: «Мен оралмаймын» деп жазып, 2 курсында шығып кетеді. Ол өзінің жаңа «Facebook» әлеуметтік желісін қолға алады.

Стив Джобс

Стив Джобс Орегондағы Рид колледжінде бір семестр ғана оқып, оқудан шығады. Atari-де шамалы уақыт жұмыс істегеннен кейін Үндістан арқылы саяхатқа аттанып, психикалық дәрі-дәрмектермен тәжірибе бастайды. Бұл оның ойлау жүйесін дамытуға ықпал етті.

1976 жылы досы Стив Вознякпен бірігіп, ата-анасының сарайында Apple-ді құрды.

Ричард Брэнсон

Ричард Брэнсон мектепті нашар оқыған. Сол себепті 16 жасында мектептен шығып, Лондонға көшіп кетті. Лондонда өзінің журналын шығарып, 17 жасында қайырымдылық жобасын өткізді.

Ричард Virgin компаниясының негізін салды. Ол тек дыбыс жазу фирмасын емес, авиакомпанияны да басқарады.

Джон Рокфеллер

Джон Рокфеллер ең алғашқы долларын 7 жасында тапқан, ал 13 жасында таныстарына пайыздық мөлшермен қарыз беретін болған. Мектепті аяқтап, колледжге түскен. Алайда тез арада оқуын тастап кетті. Джон өзінің қаржылық сауаттылығын арттыру үшін үш айлық есепші курсын оқыды.

Рокфеллер әулеті қазіргі таңда отбасылық бизнесін жаңғыртуда.

Генри Форд

Генри Форд шіркеу мектебін аса ұната қоймады. Бала кезінен механикалық құрылғыларға қызықты. 16 жасында үйінен қашып, Детройт қаласына келеді. Сол жерде механик көмекшісі болып жұмысқа тұрады.

«Ford Motor Company» компаниясы әлі күнге дейін түрлі машина шығарады. Генридің 161 құрылғысы патенттелген.

Амансио Ортега

Амансио Ортега 13 жасында мектепті тастап, киімдер дүкенінде тапсырыс жеткізушісі болып жұмыс істейді.

1975 жылы дүкенін ашады. Қазіргі таңда Inditex компаниясы танымалдылыққа ие. Компания құрамындағы Zara брендінің бірнеше елде филлиалдары бар.

Ли Кашин

Ли Кашин 12 жасында мектептен шығып, зауытқа жұмысқа орналасады. Зауыт пластмассадан жасалған гүл шығаратын.

10 жылдан кейін өзінің Cheung Kong компаниясын құрады. Ол тек саудамен емес, жылжымайтын мүлік, мейрамхана ісімен де айналысады.

Ларри Эллисон

Ларри Эллисон жоғары оқу орнына екі рет түсіп, екеуін де аяқтай алмаған. Иллин университетінде 2 жыл оқып, одан шығып кетеді. Кейін қайтадан бағын сынап көру үшін Чикаго университетіне барады. Ол оқу орнында тек бір семестр оқыған.

Ларри Oracle компаниясының негізін салушылардың бірі. Компания Майкрософттан кейін екінші орында. Компьютерлік бағдарламауды реттейді.

Майкл Делл

Майкл Делл алғашқы табысын 12 жасында газет сатып тапқан. Оқу кезінде алғашқы PC`s Limited атты компьютерлік компаниясын құрады. Өз кәсібін жалғастыру үшін 19 жасында оқудан шығады.

Ол Dell компаниясының негізін қалады. Компания компьютер сатумен айналысады.

Ингвар Кампрад

Ингвар Кампрад IKEA брендін қалыптастырған адам ретінде белгілі. Ол ИКЕА-ны 17 жасында ашты.

Ингвард бала күнінен дислексия ауруынан зардап шегіп, оқуын әрең оқыды. Сол себепті мектептен кейін жоғары оқу орнына түспеген.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close