Табыс

Дональд Трамптың қанатты сөздері

Balbal.kz порталы Америка Құрама Штаттарының президенті, бизнесмен, саясаткер Дональд Трамптың нақыл сөздерін оқырман қауымға ұсынады.

    Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетесіз.
    Табысқа жету жолындағы ең басты кезең – өз ісіңді жақсы білу және жақсы көру. Бұл көп мәселені шешуге көмектеседі.
    Көпшілік маған ойынқұмар адам сияқтысың дейді, бірақ мен өмірі құмар ойынына жолап көрмегенмін. Ойынқұмар казинода ойын автоматтарының қасынан шықпайды. Ал мен сол автоматтардың иесі болғанды қалаймын.
    Мен іскерлік келісімге оңай қол жеткіземін. Тігінен айту – менің стилім. Мен үнемі алдыма үлкен мақсат қойып, тәуекелге барамын. Қалағаныма қол жеткізгенше тынбаймын. Кейде ойымдағыдан аз жетістікке жетемін. Ал басым бөлігінде өз қалауыма қол жеткіземін.
    Мен әрқашан қол беріп амандасамын және солай амандасқанды жақсы көремін. Қол беріп амандасуды ұнатпай саясаткер болу мүмкін емес.
    Жақсы идеяны ойлап тауып, оны іске асырмағаннан артық қылмыс жоқ
    Ешқашан еңбек демалысын алмаңдар. Егер жұмыс ләззат сыйламаса, демек өздеріңе керек емес жерде жұмыс істеп жүрсіңдер.
    Егер сенің бастығың нашар адам болса, онда оны жұмыстан шығарып жібер. Басқа жұмыс тауып ал.
    Егер менікі дұрыс болмаса, ешқашан кешірім сұрауға арланбаймын.
    Егер сіз жұмыс уақытыңызды келесі демалысқа қанша сағат және минут қалды деп есептеумен өткізсеңіз, онда сіз ешқашан миллиардер бола алмайсыз.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close