Табыс

Джек Мадан кейінгі екінші адам: ІТ-саласының алыбы Ма Хуатэн

Онлайн ойындардың дистрибьютеріне айналған «Tencent» компаниясының қожайыны Ма Хуатэн

Джек Ма, Джефф Безос, Илон Маск секілді әлемнің бай адамдарын бәрі біледі. Алайда Ма Хуатэн жайлы білетіндер көп емес. «Tencent» қожайыны Ма Хуатэн Азиядағы ең бай адамдардың бірі және ІТ-саласының алыбы болып отыр. 2018 жылы Қытайдың топ-10 миллиардерлер тізіміне енген. 2013 жылы ол «Forbes» тізімінің 200-орынында болған. Ал 2017 жылы бірден 17-орынға көтерілді.

Ма Хуатэн кім?

Ма Хуатэн Гуандун Қытай провинциясында 1971 жылы туылған. Бала күнінде астроном болуды армандаған. Алайда дербес компьютерді иеленген соң оның арманы түбегейлі өзгереді. Өзінің қызығушылығы Ма Хуатэнді информатика әлеміне алып келді.

Алғашында «China Motion Telecom Development» компаниясында интернет-пейджинг саласы бойынша қызмет атқарады. Ғаламтормен АҚШ-тағы іссапары кезінде танысады. Осы жерде ол израилдік программистер жасап шыққан ICQ программасымен таныстығы орын алады. Бұрын-соңды болмаған мұндай сервис ағылшын тілінде болғандықтан, Қытайда қолдануға ыңғайсыз еді. Мұндай сервисті тек дамыған интернет қолданушылары ғана пайдала алатын.

Ма Хуатэн өзінің достарымен ICQ сервисінің қытайша нұсқасын жасауға кіріседі.

Компанияға алғашында 120 мың доллар құйылады. Олар бұл қаржыны биржалық қор нарығында ойнау арқылы табады.

Tencent

Ма Хуатэн және оның досы Чжан Чжидун 1998 жылы «Тэнсюнь» (Tencent) компаниясын құрады. Компания жергілікті операторларға байланыс қызметін ұсынды.
Бір жыл өткен соң QQ – бірінші қытайлық онлайн-мессенджер пайда болады.

Ол өз жұмысына «Google» және «Yahoo» секілді ІТ-нарығының алыптарының тәжірибесін қолданады.

Бірақ олардың қолы Қытай жеріне жетпеген еді. «QQ» елдегі жастардың арасында танымалдылыққа ие болады. Аз уақыттың ішінде қытай аудиториясын жаулап алады.

Қытайдың ең бай адамы

«Tencent» компаниясы қазіргі уақытта онлайн ойындардың дистрибьютері болып отыр. Ал жалпы сервистің құрамына музыкалық және веб-порталдар, әлеуметтік желілер, төлем сервистері, электронды коммерция енеді.

2020 жылы Ма Хуатэн қытайдағы ең бай адам атанды. Жыл басынан бастап оның компаниясының акциясы 14%-ға қымбаттаған.

2020 жылдың 14-мамырындағы ақпарат бойынша оның қазіргі жағдайы $48,3 миллард деп бағаланады.

Пандемия басталған уақыттан бастап «Tencent» компаниясы әлемдегі аз бенефециарлардың бірі болды. Жылдың бірінші ширегіндегі компания табысы 31%-ды құраған.

Қытайдың басты филантропы

Соңғы жылдары Ма Хуатэнгті Қытайдың басты филантропы деп атап жүр. «Hurun» институтының хабары бойынша 2011-2016 жылдары 17,2 миллиард доллардан астам қаражат қайырымдылыққа жұмсалған. Хуатэннің сөзі бойынша оның мақсаты – әлемдегі адамдарды жақындастыру, олардың арасындағы кикілжіңді жеңуге көмектесу.

 

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!