Миллионер

Джон Рокфеллер – мұнайдан миллиард жасаған филантроп

Джон Рокфеллер қалай байыды?

Джон Рокфеллер – мұнай саласында қызмет еткен алғашқы миллиардер. Оның жеңіс тарихы мен тәжірибесі, құпиясы әлі күнге дейін зерттеліп келеді. Себебі ол арманның орындалу мүмкіндігін теория жүзінде емес, практика негізінде дәлелдеді. Оның тәжірибесі кез келген бастаушы кәсіпкер үшін маңызды. Balbal.kz сайты Джон Рокфеллердің өмірі жайлы материалды назарларыңызға ұсынады.

Рокфеллердің балалық шағы

Джон 1839 жылы 8 шілдеде дүниеге келген. Оның отбасында 6 бала болған. Олар Нью-Йорк штатындағы Ричфорда тұрған. Әкесі Уильям коммивояжер болып қызмет атқарған. Анасы Луиза үй шаруасымен шұғылданады.

Уильям өз балаларына үйдегі атқарылған жұмыс үшін ақы төлеген. Осылайша бала Джон коммерцияның алғашқы қыр-сырын үйренеді. Ол өзінің есеп-қисап дәптерін жүргізген. Онда барлық тапқан ақшасын жазып отырған. Оқу мен білім оның қызығушылығын тудырмады. Бірақ есте сақтау қабілеті мен логикалық ойлау қабілеті оған көмектесті. Джон оқуын бухгалтер курсымен жалғады.

Джонның мансабы

Джон қызмет мансабын 16 жасында бастайды. Алғашқы қызметі бухгалтердің көмекшісі еді. Ол бұл жұмысымен $17 жалақы алды. Фирма басшысы орнынан кеткен соң, оның орнын Джонға ұсынды. Бірақ оған $2000 доллардың орнына  $600 ғана төленді. Осы себептен қызметін тастайды.

ХІХ ғасырдың ортасында мұнай өңдеу саласы жедел қарқынмен дамыды. Джон өзін осы салада сынап көргісі келеді. Осы кезде оның жетістігінің тарихы басталады. Джон химик Самуэль Эндрюспен бірігіп «Standart Oil» компаниясын құрады. Олар мұнайды өндіріп қана қоймай, өңдеуді қолға алады. Осы кезде Джон өз жұмысшыларына жалақыны ақша түрінде емес, компанияның акциясы түрінде төлеп отырды.

Джонның жеткізушілермен сәтті келісімі арқасында оның керосиндері белгіленген жерге дейін арзан бағамен жеткізілді. Ол жұмысты жеңілдету үшін агентурлық жүйе құрады. Оның агенттері қызығушылық танытқан компаниялар жайлы толық ақпарат тауып берді. Осылайша Джон бәсекелес компанияларды сатып алып отырды.

1911 жылға дейін  «Standart Oil» монополист атанды. Ал оның табысы $3 000 000 құрады. Антимонополиялық заң енгізіліген соң Джон алып компаниясын 34 шағын кәсіпорынға таратты. Бірақ барлығында басқарушы ретінде акцияларды иемденіп қалды. Сонымен қоса оның иелігінде 16 теміржол компаниясы, 9 банк бар еді.

Қайырымдылық

Джонның отбасыcы қайырымдылыққа қатты көңіл бөлген. Пайданың 10%-ын шіркеуге беріп отырған. Джонның өзі қызмет мансабы кезінде $100 000 қайырымдылыққа аударған.

Ол Чикаго университетін қолдап, қаржыландырып отырған.  Ал қартайған шағында жарты миллиард долларды қайырымдылыққа жұмсайды.

Өмірі жайлы қызықты деректер

Джон және оның әйелі Лора Селестина Спелман 1864 жылы шаңырақ көтерген. Джон өз әйелінің ақылын қашан да бағалаған және оның кеңесінсіз кедей болып қала берер едім деп есептеген;

Миллиардердің отбасындағы барлық балалар қаталдықпен тәрбиеленген;

1870 жылы Джон Кливлендте «Standart Oil» компаниясын құрады. Ал 1879 жылы мұнай нарығының 90%-ын бақылауында ұстады;

Кәсіпкердің атағы мен даңқы оның артынан көптеген жылдар бойы қалмады. Бірақ 1897 жылдан бастап магнат қайырымдылыққа да көңіл бөле бастайды.

Дайындаған Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!