Табыс

Джон Рокфеллердің байлық туралы айтқан 15 қағидасы

Джон Рокфеллердің ұстанған алтын ережелерін назарларыңызға ұсынамыз

Джон Рокфеллердің белгілі миллиардер, магнат-кәсіпкер әрі филантроп болғанын жақсы білеміз. Мұнай индустриясындағы ең алғашқы ірі компания Standard Oil-дың негізін қалаушылардың бірі. Джон Рокфеллер өмір бойы табысты әрі бай болудың 15 алтын қағидасын ұстанып келген екен. Өмірінің соңында оның байлығы 340 миллиард долларға бағаланған.

1. Сапалы жұмыс

Ең алдымен сапалы жұмыс істеуге көп көңіл бөлу керек. Рокфеллер жұмысқа барынша көңіл бөліп істеген адам, табысқа мың қадам жақындайды деген пікірді алға тартады. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені сапасыз істі әрқашан түзетуге тура келеді. Ал бұған уақытыңыз бен энергияңызды жұмсайсыз.

2. Ақша үнемдеу

Үнемдеу – қаржылық табысқа жетудің ең маңызды бөлімі. Бұл дегенміз арзан, сапасыз заттарды сатып алу керек деген сөз емес. Сапалы тауарларды да барынша арзан бағаға алуға болады. Кейбір заттар аса қатты қажет емес болса, тізімнен қысқартып отырыңыз.

 

Ақшаңызды дұрыс басқарғыңыз келсе, кірістер мен шығыстарды есептейтін дәптер арнаңыз. Және күнделікті жазып отыруды естен шығармаңыз. 

3. Жеке бизнесіңізді бастаңыз

Егер адам кедей болса, өзінің қолынан келетін істің көзін жедел табуы керек. Соның арқасында мол табысқа кенелетіне сенімім мол.

4. Пассивті кіріс

Ақша табуды дұрыс жолға қою үшін, қосымша қаражат табуды да ойластырған жөн. Бұған банктегі депозиттер, қосымша жұмыстар мен алтын жинау жатады.

5. Арман

Қызық болып көрінуі мүмкін. Алайда бізді толағай табыстарға үлкен армандарымыз жетелейді. Сол армандарымызды орындау жолында мол қаражатқа кенелеміз.

6. Адамдармен қарым-қатынас

Джон Рокфеллердің айтуынша, бай болу үшін көп адамдармен қарым-қатынас орнатуымыз керек. Өйткені, ақша бізге өзге адамдар арқылы келеді. Таныстарыңыздың саны артса, табысыңыздың да арта түсері анық.

7. Шағымданбау

Өмір бойы өзіне көңілі толмайтын, алайда өзгелердің де жетістігін көре алмайтын адамдар байлықтан үміттенбей-ақ қойсын. Сонымен қатар осындай ниеті бар адамдарды жаныңызда ұстамаңыз.

8. Ақталу

Бүгін істейтін шаруаны ертеңге қалдырып, өзіңді ақтаудың қажеті жоқ. Адамды байлықтың ауылынан алыстататын жау – жалқаулық екенін сіз де жақсы білесіз ғой?

9. Даму

Миллионер болу үшін, өзіңді дамытуға ақша салудан қашпау керек. Тамаққа, білімге, жан дүниеңді байытатын істерге, киімге ақша үнемдеудің қажеті жоқ.

 

Рокфеллердің айтуы бойынша, адам тамаққа ақша аяса – әлсіз болады, білімге ақша салмаса – наданға айналады, ал киімге ақша қимаса – өзін өзгелерге таныта алмайды.

10. Зұлымдықтың тамыры

Кедей адамдар байлықты бақытсыздықтың себебі деп санайды. Ал бай адам байлықты қажеттілік деп таниды. Сол себепті байлықты зұлымдыққа теңеудің жөні жоқ.

Ақша мен билік адамды бұзбайды. Бірақ адамның қандай екенін білгіңіз келсе, оған көп ақша ұсыныңыз. Ақырындап шынайы бет-бейнесі ашыла бастайды.

11. Адамдарға шын жүректен көмектесу 

Көмегіңіз үшін алғыс күтпеңіз. Керісінше, шын жүрегіңізден көмектесіңіз. Көмектескен адамыңыздан қайтпаса да, Жаратқаннан қайтарын ұмытпаңыз.

12. Бизнес жүйе

Бай әрі табысты болу үшін бизнес жүйе жасаңыз. Ол сіздің қаражатыңызды тиімді басқаруға, байлығыңызды арттыруға көмектеседі.

13. Өзгелер сияқты өмір сүру

Адамдардың көпшілігі қарапайым адамдарға қарап бой түзейді, сол себепті ешқандай жетістікке жетпейді. Ал оның негізгі ережесі – ешкімге ұқсамау. Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз, ешкімге теңемеңіз. Өзгелер сияқты өмір сүрмеңіз.

Өзгелердің қай бағытта жүріп жатқанына қарамаңыз. Әрдайым өзіңіздің өзгеше жолыңызды таңдаңыз.

14. Өзгелердің кеңесі

Бай болғыңыз келсе, басқалардың ақылын тыңдап, сіз үшін өзгелердің шешім шығаруына жол бермеңіз. Бірақ, мүлдем ақыл тыңдама деген сөз емес. Тек өзіңізге керегін ала біліңіз.

15. «Жоқ» деп айтып үйреніңіз

«Жоқ» деп айтуды үйренген адам, өзгелердің тапсырмасын орындауға тез көнетін адамдарға қарағанда табысты келеді. Өзіңізді адамдардың өз мақсатына қолдануына жол бермеңіз. Уақытыңыздың қадірін біліп, оны ысырап етуден сақтаныңыз.

Дайындаған: Маржан Сәбет

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close