Миллионер
Герберт Кэссон: Ақшаны қолдануға арналған 12 ереже
Ақшамен қарым-қатынас кезіндегі 12 ереже
Герберт Кэссон – канадалық қаржы маманы, кәсіпкерлік саласындағы сарапшы, психолог және журналист. Өткен ғасырда Герберт Кэссон инвесторларға арналған классикалық ережелер тізімін жасаған. Оның бұл ережесі ақшаны жоғалтып алмауға көмектеседі. Назарыңызға Кэссонның 12 ережесін ұсынамыз.
Ақшамен қарым-қатынас кезіндегі 12 ереже
Қаржы саласында нақты «аксиомалар» мен заңдылықтар жоқ. Мұнда әркім өзінің өмірлік тәжірибесі бойынша өмір сүреді. Кэссонның айтуы бойынша 100 кәсіпкердің тек 4-і ғана бай болады. Кәсіпкерлердің көпшілігі қаржысын тапқан соң, көп ұзамай одан айырылып қалады.
«35 жасқа дейін 100 адамның 20-сы өзіне жақсы жағдайды жасайды. Алайда белгісіз себептермен олардың он алтысы өз ақшасын жоғалтады. Олар кәсіп жасаудың өнерін үйренді, бірақ ақшаны ұстап қалу өнерін игермеген», — дейді Герберт Кэссон өзінің еңбегінде.
Оның ұсынған бұл ережелері қаржыны бір ортада ұстап, көбейтуге септігін тигізеді.
Бірінші ереже: Ақшаны өзің білетін нәрсеге сал
Барлық кәсіп бастаушылар мен кәсіпкерлер өз ақшаларын көбейткісі келеді. Бірі акциялар сатып алса, енді бірі басқа салаға құйып жатады. Ал сіз осы акция жайлы не білесіз? Бәлкім, бұл алаяқтардың ісі шығар? Осы секілді сұрақтар сіздің ойыңыздан шықпауы тиіс. Сатушылар мен өзге сарапшылардың сөзіне сенудің қажеті жоқ. Өз ақшаңызды өзіңіз жақсы білетін салаға жұмсаған дұрыс.
Екінші ереже: Ақшаны қысым әсерінен құймаңыз
Серіктесіңіздің кеңесімен өз ақшаңызды бірден инвестиция ретінде құймаңыз. Бірнеше күн ойланыңыз. Ол сізге қаншалықты пайда алып келетінін есептеңіз.
Үшінші ереже: Ақшаны жоспар негізінде емес, қолда бар нәрсе арқылы жасаңыз
Жоба немесе жоспар қаншалықты жақсы болғанымен, оның өзіндік бағасы болмай тұрып, ақшаңызды салмаңыз.
Төртінші ереже: Ақшаны қайтадан сатуға болатын нәрсеге салыңыз
Сіз инвестиция құйған немесе сатып алған нәрсені ертең сатуыңыз керек.
Бесінші ереже: Өз пайдаңызды алыңыз
Адамдар өз иелігіндегі заттарға байланып қалады. Алайда бизнестегі мақсат – пайда көру.
Егер кәсіпкер тауарды сатудан гөрі, дүкенді сату арқылы көбірек пайда көрсе, дүкенді сата алуы керек.
Алтыншы ереже: Өз банкиріңізбен кеңесіңіз
Бастаушы инвесторды өзінің тәжірибесі немесе оның шығынан пайда көргісі келетіндердің кеңесі тақырға отырғызуы мүмкін. Осындай жағдай орын алмау үшін өзгенің ісіне бас сұқпайтын және жағдайды түсінетін адамнан кеңес алған дұрыс.
Жетінші ереже: Баға түскенде сатып алып, қымбаттағанда сатыңыз
Нарықты бақылап, баға төмендегенде сатып алуға тырысыңыз. Уақыт өте баға өскенде сатылымға шығарасыз.
Пессимистерден сатып алып, оптимистерге сатыңыз.
Сегізінші ереже: Ақшаны айналымда ұстаңыз
Бизнестің мәні – айырбас: ақшаны – тауарға, тауарды – ақшаға. Неғұрлым жылдам болса, соғұрлым дивиденттер де көп болады. Қаржының ең үлкен заңы: капиталдың қозғалысы оның мөлшерінен де үлкен мәнге ие.
Тоғызыншы ереже: Бизнеске қанша ақша қажет болса, соншасын қарызға ал
Ақша арқылы құрылғыны, көліктерді сатып алып, жаппай өндірісті ұйымдастыруға болады. Егер өзгенің қаржысын пайдаға асыра аламын деп ойласаңыз, қажетті қаржыны қарызға алып көріңіз.
Оныншы ереже: Мақтану үшін емес, даму үшін алыңыз
Өз бизнесіңізді дамытыңыз. Егер бизнеске шығын келетін болса, дивидент алудың қажеті жоқ.
Он бірінші ереже: Қарызға ақша бермеңіз
Қарызға ақша беру – сыйлық емес және инвестиция да емес. Бұдан сізге пайда түспеуі мүмкін. Оның орнына жобаға ақша салып, басшыларының бірі болыңыз.
Он екінші ереже: Бір нарықты алып, бағаның өзгерісін бақылаңыз
Бұл биржада ойнауға қабілеті мен ақшасы барларға арналған кеңес. Әр саланың белгілі компаниясы болады. Ол сенімді әрі жақсы қаржыландырылады. Компанияның акциялары да нарықпен бірге өсіп, бірге төмендейді. Мұндай акциялар өзге бағалы қағаздарға қарағанда көбірек пайда тауып келеді. Егер нарықтағы баға өссе, сіздің акцияларыңыз да қымбаттайды.
Дайындаған: Назархан Уән