Миллионер

Илон Масктың 24 сағатты тиімді ету қағидасы

Илон Масктың бір күні

Илон Масктың есімі озық инновациялық жобалармен синонимдес болып кетті. Әлемге белгілі кәсіпкер, миллиардер, өнертапқыш Илон Масктың басшылығымен «Tesla», «SpaceX», «Neuralink» компаниялары жұмыс істейді. Ең қызығы, Илон Масктің тайм-менеджменттен хабары жоқ. Ол тек берілген уақытты тиімді пайдалануды біледі.

Күнді маңызды істерден бастау

«Шудың үстінен естілетін дыбысқа назар салыңыз. Сізге пайда әкелмейтін заттарға уақытыңызды өлтірмеңіз» дейді Маск.

Илонның алдынан күнделікті орындалуы тиіс маңызды істер шығады. Ол бұл істердің арасынан маңыздысын таңдап алады.

Оның жұмыс уақыты таңғы 07:00-де бастау алады.

Ол жарты сағат бойына қызметкерлерінен келіп түскен маңызды сұрақтарды шешеді.

Бұл қағиданы орындағыңыз келсе, орындалуы тиіс жұмыс арасынан сіз үшін маңыздыларын таңдап алыңыз. Оларды орындау өзге жұмысыңыздың алға жылжуына себепкер болады.

Өткен әрекеттерді талдау

«Одан да жақсырақ жасауға болатын әрекеттеріңізді ойлаңыз. Әрқашан өзіңіздің істеріңізге күмәнмен қараңыз». Илонның күн тәртібі тығыз және офистен офиске көшкендіктен жұмысын тиімді еткісі келеді.

Ол өзінің тайм-менеджмент жайлы кітаптарды мүлде оқымағанын мойындайды.

Бірақ ол 24 сағатты тиімді етудің жолын ойлап тапқан. Маск өзінің бұрын жасалған әрекеттерін қашанда сараптайды. Нені жақсырақ жасауға болатынын анықтайды.

Илон өз қызметкерлерінен де осыны талап етеді. Олар жасайтын фидбэк жағымсыз болуы тиіс. Әрине, бастапқы уақытта қай жерден қателескеніңді қабылдау өзің үшін қиын. Бірақ уақыт өте келе мұның қаншалықты пайдалы екенін ұғынасың.

Мұны іс жүзінде қалай пайдалану керек? Әріптестеріңізбен жұмыстың қалай жүріп жатқанын талқылау кезінде бірінші жақсыны, одан кейін ненің жаман екенін айтыңыз. Жеке өмірде де бұл қағиданы қолдануға болады. Сын кешегіден жақсырақ болуға көмектеседі.

Қарым-қатынастың асинхронды түрін қолдану

«Мен электронды поштаны жақсы көремін. Мүмкіндік болса асинхронды байланыс құруға тырысамын. Шынын айтсам, мен хатды жақсы жаза аламын» деп мойындайды Маск. Электронды пошта арқылы байланыс орнатудың тиімділігі өте көп. Бірақ Илонмен хабарласу оңай шаруа емес. Себебі оның мекен-жайын анықтау оңай емес. Бұл жұмысқа толығымен енуге мүмкіндік береді.

Бұл қағида жұмысқа толық зейін қойған жандар үшін тиімді. Сіз өзгелермен әңгімеге аз уақыт жұмсайсыз және өз қалпыңыздан таймайсыз.

Алдымен телефон дыбысын өшіріңіз.

Хаттан келетін хабарландыруды алып тастаңыз.

Жеке кездесулерден бас тартыңыз.

Тек өзіңізге шынымен пайда алып келетіндеріне ғана уақыт бөліңіз.

Іс-әрекеттерді қиыстыру

«Колледжде оқып жүрегінімде әлемді өзгертетін заттармен айналысқым келетін».

Илон Маск – бірнеше әрекетті байланыстырудың стратегі. Өзіне ыңғайлы кезде бірнеше істі қатар атқарғанды ұнатады. Мысалы, түскі ас кезінде барлық хаттарға жауап беру. Оның айтуы бойынша, балаларымен уақыт өткізгеннің өзінде электронды поштаны назардан тыс қалдырмайды. Тіпті сұхбаттар мен телефонмен сөйлесу барысында өзге жұмысын бақылауда ұстайды.

Зерттеушілердің айтуы бойынша, барлық уақытты бір жұмысқа арнағаннан бірнешеуін қатар орындаған тиімдірек. Сіз ұқсас бірнеше жұмысты бірден атқаруыңызға болады. Ол үшін жұмыс күніндегі міндеттеріңізді сараптаңыз. Ұқсас жұмыстардың тізімін дайындаңыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!