Миллионер

Келіссөз жүргізудің қыр-сыры

Келіссөз алдында дайындалыңыз

Келіссөз жүргізу кезінде адам белгілі бір нәтижеге ұмтылады. Өзіңізге қажетті оң нәтижеге жету үшін сізде мықты стратегия болу керек. Balbal.kz мотивациялық сайты іскерлік келіссөз жүргізудің әдістерімен бөлісетін болады.

Не керегін анықтау

Сізде нақты мақсат болу керек. Мысалы, бастығыңызбен айлық жөнінде сөйлесетін болсаңыз, қызықтыратын сомма мөлшерін айтыңыз. Көбісі «мен айлығымның өскенін қалаймын» дейді. Ал дұрысы — «менің жылдық табысымның мөлшері 5000 долларды құраса деймін». Сіздің ұсынысыз екі ережені қамту керек:

Жоғары амбиция. Ұсақшыл болмаңыз, әрдайым жоғары мақсат қою керек. Егер сіз жылына 5000 доллар таба алатыныңызға сенімді болсаңыз, сіздің қоятын талабыңыз 10 000 доллар болу керек.

Шынайы ұсыныс. Бұл бірінші ережеге қарсы шыққандай көрінеді, бірақ мүмкіндіктеріңізді шынайы бағалаңыз. Егер қызметіңіз ондай талапқа сай болмаса, бастығыңызға барып, 1 миллион долларды талап етудің қажеті жоқ. Онда ол мына келіссөзге салғырттық танытады. Келіссөз нәтижесіз аяқталады. Сондықтан сіздің нұсқаңыздағы ең жоғарғы сомманы анықтап алу керек.

Минимумын анықтау

Ең жоғары жалақыны анықтадық. Енді сіз келісе алатын ең төменгі табыс мөлшерін анықтау керек. «Кем дегенде осындай табыс алуым керек» деген ой қалыптастырыңыз. Жоғарыдағы мысал бойынша сіз өзіңізді 5000 долларға бағалайсыз, ал ең жоғары алғыңыз келетін табыс 10 000. Егер келіссөз онша сәтті болмай, басқа амал таппасаңыз, 1000-ға келісе аласыз. Сіздің минимумыңыз – 1000.

Дискуссиядан кейін бастығыңыз жалақыны 1500-ге көтерсе, демек сіз ұтылмадыңыз. Минимумнан жоғары нәтиженің бәрі жеңіс.

Келіссөздің барысын анықтау

Келіссөз сәтті немесе сәтсіз аяқталғанын білу үшін сізде әрдайым екінші нұсқа болу керек. Екінші нұсқа деген – сізге берілген басқа мүмкіндік, басқа жұмыс. Егер екінші нұсқаңыз болмаса, дискуссияға түсудің қажеті жоқ. Еш нәтижеге жете алмайсыз.

Ойдағыдай болмай жатса

Егер тілдесуші сіздің ұсынысыңызды қабылдамай жатса, сізде екінші нұсқа бар екенін айтыңыз. «Жақын арадағы компания маған 1500-нан жоғары табыс мөлшерін ұсынуда. Егер сіз келіспейтін болсаңыз, жаңа компанияға кетуіме тура келеді» деуге болады. Бірақ манипуляция жасауға тырыспаңыз. «Егер менің жалақымды көтермесеңіз, жоғары табысты компанияға кетем» деген сөздер бастығыңызға ұнамасы хақ, сол себептен келіссөзді дереу тоқтатады.

Бірақ екінші нұсқа ол – Б жоспары екенін ұмытпаңыз. Сіздің мақсатыңыз – келіссөзде жеңіп шығу. Сол себептен кетіп қалуға дайын тұрмаңыз.

Келіссөзді қалай жүргіземіз

Келіссөздің мақсаты – екі жақты ымыраға келу. Жоғарыда аталған төрт ереже арқылы сіз келіссөзге дайындалу әдістерін білдіңіз. Енді келіссөзде не айтылу керек:

Жоғары табысты айту

Өзіңіздің қалаған жоғары табысыңызды айтудан ұялмаңыз. Егер қарсы тарап сізге не керегін білмесе, көңіліңізден шыға алмайды.

Екінші нұсқаны айту

Бұл бірақ бопсалау түрінде жүрмеу керек. Сыпайы байыппен: «Мен екеумізге де тиімді болғанын қалаймын, бірақ оған келіспесеңіз, екінші нұсқаны таңдауыма тура келеді» деп түсіндіріңіз.

Ең төменгі табысты атамау

Ешқашан сіз үшін ең төменгі айлық деңгейін атамаңыз. Егер бастығыңыз сіздің минимумыңызды біліп қойса, міндетті түрде сол сомманы атайды. Осыған келісуге тура келеді.

Қарсы тараптың минимумын табу

Бастығыңыз ұсына алатын ең төменгі шекті анықтасаңыз, міндетті түрде жеңесіз. Мысалы «Менде жағдай қиын. Сізге 2000 долларды ғана бере аламын».  2000 доллар сіздің минимумыңыздан асып тұрғандықтан, келісіңіз. Осылай сіз күткеннен жоғары нәтижеге жеттіңіз.

Бедел

Оңтайлы шешім табамын деп өз беделіңізді түсіріп алмаңыз. Қарсы тараптың да шамасын ескергеніңіз жөн. Тек жұмысқа қатысты емес, сауда кезінде болсын сізге деген көзқарас болашақта ісіңізге, бизнесіңізге кері әсерін тигізу мүмкін. Сіз туралы пікір маңызды.

Кейінге қалдыру

Келіссөз алдында өзіңізге деген сенімсіздік туса, онда кездесуді кейінге қалдырған жөн. Қорқынышыңызбен сіз дискуссияға бара алмайсыз. Сонымен қатар төменгі не жоғарғы шек ауысып тұруы мүмкін. Осы кезде қарсы тарапқа 1-2 күн уақыт беруін өтініңіз.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!