Миллионер

Мind Map интеллект-картасы арқылы жұмыс істеудің артықшылықтары

Мind Map интеллект-картасы жоспарлауды жеңілдетеді

Мind Map интеллект-картасы, ой диаграммасы… Бұл терминдердің барлығы миымызда пайда болған ойлар мен идеяларды іс жүзінде жоспарлауға арналған құрал. Ендеше, майндмэппингті қалай меңгеруге болатынын бірге анықтап көрейік.

Адамның ойы ұшқыр. Сәт сайын, сағат сайын жаңа идеяларды ойлап табамыз. «Қайдағы идея? Мен ерекше дүние ойлап таба алмадым ғой», — деуіңіз мүмкін. Алайда, күні бойы жоспарлау барысында сіздің санаңызда сан түрлі ой пайда болады. Бірақ біз оған аса қатты мән бермейміз.

Сіз өз тәжірибеңізде жоспарларды, тізімдер мен жазбаларды пайдаландыңыз, солай ма? Тіпті, кейбір қателіктерге ұрынып, бас қатырған сәттеріңіз де болды. Ойдан ой туады. Біз ойланған сайын түрлі суреттер, оқиғаның желісі көз алдымызға келеді. Оның барлығын санамызда ұстап тұру мүмкін емес. Сол үшін кез келген идеяны барлық бағытта шексіз дамыта аламыз. Қалай дамытамыз? Мұндай жағдайда Мind Мap-тың көмегіне жүгінгеніміз абзал.

Мind Мap деген не?

Mind Map — диаграмма түріндегі графикалық жазбаны пайдалана отырып, ойды жүйелі түрде құрылымдау әдісі. Оны қарапайым тілмен түсіндірсек, ақпаратпен жұмыс істеудің ерекше тәсілі және ақпаратты өңдеуге болатын құрал. Ол барлық салаға қажет. Ағылшын тілін үйреніңіз, кәсібіңізді жоспарлаңыз, мейлі жаңалық ойлап табыңыз… Өзіңізге қажетті ақпараттар мен қысқаша мәліметтерді Мind map-та жоспарлауыңызға болады.

Мind Мap картасын кім ойлап тапты

Мind Мap ақыл-ой картасын алғашқылардың бірі болып әйгілі жазушы, оқу психологиясы мен ойлау мәселелері бойынша лектор және кеңесші Тони Бьюзен ойлап тапты. Ақпаратпен жұмыс істеудің осы тәсілі Тони Бьюзенге дейін де болған. Дегенмен, ол ақпараттармен жұмыс істеудің тиімді әдісі ретінде интеллектуалды карталар идеясын әлемге танытты.

Бьюзен жұмыста отырып, университеттердегі оқу жүйесін қалай жеңілдетуге болатыны туралы көп ойланады. Бәлкім кітаптарды ақтарсам, шешімін табармын деген оймен кітапханаға барады. Ол жердегі көп кітаптардың ішінде «мидың жұмысы туралы» оқулықтың жоқ екенін анықтағанда, қатты таң қалады. Осылайша  ол ақыл-ой картасын жасап шығарады. Бүгінде Mind Мap көптеген адамдар үшін жүйелі жоспар құруға арналған таптырмас құралға айналды.

Mind Мap интеллект-картасын қалай құрастырамыз?

Мұндай карталарды жасау өте оңай, ең бастысы негізгі қағидаларды ұстаныңыз:

  • Ортасына ең маңыздысын жазыңыз. Бұл сіздің ой картаңыздың атауы немесе негізгі идеяңыз болуы мүмкін;
  • Әрбір тармақты бір тақырыпқа арнаңыз, тақырыптарды шағын тақырыпшаларға бөліңіз. Түсінікті болу үшін тармақтарды нөмірлеңіз.
  • Mind map интеллект-картасында ойыңызды жүйелеп жазыңыз.
  • Картаңызда әртүрлі түстерді, символдарды, смайликтерді пайдаланыңыз. Шығармашылығыңызды барынша танытыңыз!
  • Ойыңызға жақсы идея келсе, бірден картаға түсіріңіз.
  • Егер бос орын қалмаса, жаңа парақ бастаудың қажеті жоқ, картаның шетіне қосымша парақ жабыстыруға болады.
  • Негізгі тақырып бірнеше ойды қамтуы мүмкін, олардың саны қанша болатынын сызықтар мен белгілер арқылы бейнелеу керек.
Mind Мap интеллект-картасы, Mind Мap деген не, Mind Мap, Mind Мap это, Mind Мap примеры, Mind Мap мысалдар, Mind Мap қазақша
Мind Мap Balbal.kz

Аз уақыт ішінде сіздің картаңыз әдемі пішінге ие болады.  Алайда бірнеше тармақшаларға бөлініп, сызықтардың саны көбейіп, шашыраңқы болса, алаңдаудың реті жоқ. Өйткені Mind Мap сіздің ойлау қабілетіңіздің жемісі.

Mind Мap кімдерге керек?

  1. Жазушыларға, сценаристерге және редакторларға: шығармашылық ойды жинақтап, жүйелі мәтін дайындау үшін.
  2. Бизнесмендер мен стартаперлерге: жаңа бизнес-жоба жасау барысында, жұмыс жоспарын құруда, орындалған жұмыстарға есеп бергенде.
  3. Оқушылар мен студенттерге: оқуға қажетті ақпаратты қабылдау мақсатында, емтиханға , дипломдық жұмыстарға жүйелі дайындалу үшін.
  4. Ғалымдар мен мұғалімдерге: сабақ жоспарын құруға, жаңа әдістемелік оқу құралын немесе ғылыми мақала жазу үшін.
  5. Өзін-өзі дамытушыларға: өзінің артықшылықтары мен әлсіз тұстарын белгілеп, болашаққа құрған арман-мақсаттарын жоспарлы түрде қағазға түсіру үшін.

Mind Мap интеллект-картасын құруға араналған онлайн бағдарламалар

  1. MindMeister
  2. MindMup
  3. Coggle
  4. Xmind
  5. MindJet Mindmanager

Интеллект-карталардың түрлері сан алуан. Олар график, сызба түрінде, мақсаттар ағашы және ұйымдастыру құрылымы түрінде де болуы мүмкін. Тіпті бұл сызбаларды қолмен жасауға да болады. Тек өзіңізге қажеттісін таңдап, ісіңізді дұрыс жоспарлай біліңіз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!