Табыс

Әрбір сәтсіздік – жеңіске жасалған қадам

Арманның орындалуына бір нәрсе ғана кедергі, ол – сәтсіздік туралы қорқыныш, қалғандары себеп, — деген Пауло Коэльо. Рас, бүгінде адамдардың ой-мақсаттарына қол жеткізуіне кедергі келтіретін себептердің бірі және бірегейі – табысқа жету алдындағы қорқыныш. Алайда сәтсіздікті жау емес, ұстаз деп қабылдаған жөн. Balbal.kz порталы сәтсіздік туралы сәтті айтылған ойларды топтастырды. Оқып көріңіздер.

  • Әрбір сәтсіздік – жеңіске жасалған қадам.
  • Сәтсіздік адамға жеңіске жетуге бойыңдағы бір дүниенің кедергі болып тұрғанын көрсетеді.
  • Сәтсіздік жеңу үшін жетіспейтін нәрсені көрсетеді.
  • Әрбір сәтсіздіктің себебі өзіңде жатыр.
  • Сәтсіздікке біреуді кінәлауға болады немесе сабақ алуға болады.
  • Жолы болмайтын адам жоқ, тек жеңілуден қорқатындар бар.
  • Мақсатыңа жету үшін еңбек етуге дайын болмасаң, бұл сенің жеңілісің.
  • Сенің орныңа біреу жеңіске жетеді деп ойласаң, жеңілдің деген сөз.
  • Ешкім сәтсіздік секілді адамның мінезін қалыптастыра алмайды.
  • Сәтсіздікке ұшырасаң, себебін түсін де, басынан баста.
  • Егер адамда ақыл-парасат болмаса, сәтсіздікке ұшырайды.
  • Егер адам өз іс-әрекетін жоспарламаса, сәтсіздікке бір табан жақындайды.
  • Сәтсіздікке қарамай, басты мақсатына қадам жасай білетін адам ғана табысқа кенеледі.
  • Жалқаулық – сәтсіздіктің серігі.
  • Қиын жолды таңдасаң әр ісіңе мұқият қарап, сақ болуың керек.
  • Егер алдыңнан шыққан мәселені шешпесең, жеңіліс бір табан жақындайды.
  • Әлсіздіктің соңы сәтсіздікке апарады.
Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close