Миллионер

Сайлау Абайділданов. «Қалтаны қампитатын агроном»

Сайлау Абайділданов жеке қаржы кеңесшілерін агрономға теңейді

Сайлау Абайділданов – жеке қаржы сауаттылығының гуруы.  Bai-Quat компаниясының аса тәжірибелі бас қаржы кеңесшісі. Қаржыгердің өзге әріптестерінен ерекшелігі – қарапайым қазаққа түсінікті болуы үшін ақпаратты жеткізу барысында мақалдатып-мәтелдетуі, ассоциацияларды жиі пайдалануы. Түрі сұсты, суық Cash flow ұғымын бұлаққа яғни «қаржы бұлақтарына» теңеп, мыңдаған адамның қаржылай білімге деген қызығушылығын оятқан қаржыгер ендігі кезекте «Қалтаны қампитатын агроном» хикаясын баяндамақшы.

Таңдау неге агрономға түсті?

Қазаққа жер тақырыбы атам заманнан түсінікті әрі жүректің қылын шертетін тақырыптардың бірі. Туған жерінің топырағын қимай, жыраққа кеткенде бір уыс топырағын өзімен бірге алып кететін бізге «жеке қаржы» деген түсініксіз әрі суық әлемнің талаптарын жүрегімізге ыстық жазиралы жермен байланыстырып түсіндіруі, біздіңше, ең оңтайлы, ұтымды тәсіл.

Сайлау Абайділданов Bai-Quat компаниясының бас қаржы кеңесішісі
Инстаграм: @sailau_abaidildanov Хабарласу үшін: 8 (778) 370 34 10

Сайлау Абайділданов:

Алқап ол ақша

Көз алдыңызға алқапты елестетіңізші.  Жаздың кезіндегі көк орай шөп көз алдыңызға келді ме? Сіз сол алқаптың иесісіз. Алқабыңыз үш ақ соттық, алты ақ соттық, бақандай он бес соттық немесе тұтас бес гектар жер болуы мүмкін. Маңыздысы әзірге ол емес. Бастысы бар дейміз. Міне, сол алқап сіздің ай сайын қалтаңызға түсетін қаражат. Сіз жеке қаржыңыздың болғанын, оның бәрі судай ағып кетпеуін қалайсыз. Сондықтан сіз жерді жыртасыз, бәлкім тыңайтқыштар себесіз, өнім аласыз. Жерді немен өңдейсіз деген сұрақ туындайды. Біреулер қолына ине алып, жер жыртуға күш салады. Енді біреулер таяқты тауып алып, сонымен әлек болады. Бұл аграрлық білімі жоқ адамдар. Жеке қаржы мәселесінде қаржылай білімі жоқ адамдар деген сөз. Ине мен таяқтан пайда болмаған соң жер өнім бермейді.

Қаржылай білім трактор

Сіз енді өз-өзіңізге сұрақ қоясыз: мен мына алқаптан не өндіргім келеді, осыншама жер маған не үшін қажет, түпкі мақсатым  не, бұл жердің ерекшелігі қандай. Бұл сұрақтарға агроном деген маман, немесе жері бар тәжірибелі адам жауап бере алады. Жеке қаржы кеңесшілері – біз сізге қажет сол агрономдармыз. Біз сізге тракторды береміз. Ол инемен құдық қаздыратын, трактормен зуылдататын білім. Агрономдар яғни жеке қаржы кеңесшілері сізге қай жерді жырту керек, қай жердің тасы көп, бәрін-бәрін айтып, түсіндіріп береміз. Агроном болса қасыңызда, сіз алқабыңыздың жемісін жейсіз. Қалай да. Қаржылай білім – қаржылай тәуелсіздікке жетудегі сіз пайдаланатын инструмент, құрал.

Тамшылап суару – бұл технология

Ғаламторда қазір ақшаны жинауға, көбейтуге арналған материалдар көп. Оларды оқисыз да шабыттанғандай боласыз. Бірақ олардың бәрі кіріспе сөздермен ғана, жалпылама ақпарат берумен ғана шектелетіндігін іштей сезіп отырасыз. Сіз белгілі бір нәтижеге қол жеткіңіз келеді. Жоғарыда айтқандай, алдымен инструментті алдыртасыз. Оның тілін білетін маманның кеңесіне жүгінесіз. Содан соң ғана технологияларға көңіл бөлесіз. Сіз қазір қаржылай білімді емессіз, ендеше пәленше технологиялардың сізге керегі не?!

Франшиза бұл – дайын егістік

Трактор жеріңізді жыртып болды. Дән  себілді. Енді сіз алқабыңызды суарасыз. Тамшылап әлде шашыратып суарасыз ба, таңдау өзіңізде. Кейде жаңбыр жаумай, қуаңшылық басталып кетеді. Сол кезде де сіз технологиялардың көмегімен тығырықтан шығасыз. Міне, осылардың бәрі технология мүмкіндіктері. Алқабы бар болғанымен, дән екпеген адамға суарудың, қуаңшылықпен күресудің қажеттілігі жоқ. Біз білім жинақтамас бұрын, трактор сатып алмас бұрын бірден бай болудың, табысты болудың құралдарын іздеп әлек болып кетеміз.

Кейде біреулер дайын егістікті сатып алады да оның өнім бергенін күтеді. Бұл франшиза. Алайда бұл қымбатқа түсетін дүние. Қазақстандықтардың дайын франшиза сатып алатындай қаржылай қауқарлары жақсы емес. Мойындайық.

Бағбансыз ба, жоқ па?

Ол үшін «Мақсат қандай? Бұл маған не үшін қажет» деген сұрақтарға жауап беру керек. Алқапқа егін еккіңіз келе ме әлде алма бағына айналдырасыз ба, ойланыңыз. Адамда мақсат болмаса, одан алқабынан өнім алатын бағбан шықпайды. Ол әлі бағбан болуға, бай болуға дайын емес деген сөз. Мақсаты айқын болмаған адамға «бағбан бол, бүйтейік-сөйтейік» дегеннен түк шықпайды.

Бағбан болсаңыз, келіңіз!

Жоғарыда қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берсеңіз, демек сізде айқын мақсат бар. Алқабыңызға егін егуге сіз дайынсыз. Ендеше, келесі жасалынатын сіздің тарапыңыздан қадам ол – агрономның көмегіне жүгіну. Жеке қаржы кеңесшілері дәрігер, столяр, көлік жөндеуші сияқты мамандар. Миссиялары – туындаған мәселені шешу.

Дайындаған: Жазира Байдалы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!