Табыс

Сайлау Абайділданов. Bai-Quat — қазақы болмыс арқылы байытады

Сайлау Абайділданов - Bai-Quat компаниясының тәжірибелі бас қаржы кеңесшісі.

Сайлау Абайділданов «Bai-Quat» компаниясының қаржы кеңесшісі: Екі адамның алдына шығып сөйлей алмайтын мен қалай өзгердім? Қаржы маманынан қаржы кеңесшісіне айналуыма не себеп болды деп ойлайсыз? Мен жүрген үлкен жолдар… Шынайы жолдар… Жемісім мен жеңісімнің құпиясын ең қарапайым тәсіл арқылы басқаларға үйреткім келеді. Әр қазақ бай әрі қуатты болса екен деп армандаймын.

Тез үйретуге тиімді тәсіл таптым

Халықты толықтай сауаттандыруға 10 жылдай уақыт қажет. Ешқайда асықпаймыз. Өйткені, біздің басты көксегеніміз қаржылық мәдениетті дамыту. Ал мәдениет 1 жылда көтерілмейді. Білімді 1 жыл ішінде үйретіп, игерте алмауымыз мүмкін. Қоғамды жақсы жағынан өзгерту үлкен жауапкершілік пен төзімділікті қажет ететін жұмыс. Сондықтан да ең оңай жолы жеке қаржыны қазақша түсіндіру деп таптық. Себебі, қазақы философиясы, қазақы тәрбиесі бар адамдар жеке қаржыны өте тез меңгереді. Олардың қанында қаржылық ілімнің жасырын жатқан ілмектері бар.

Мен өз басым білімді ағылшын, неміс, орыс тілдерінде алдым. Қазір осыны халыққа жеткізу үшін қазақшаға аударып көрсем, көп дүние біздің ұлттық салт-дәстүрлермен сәйкеседі екен. Басым көпшілігі қазақтың мақал-мәтелдерінде тұр. Мен алып келген білімнің 95%-ы менің апам айтқан әңгімелерден екен. Яғни, менің қазақы болмысымда жатыр.

Қазақтар қаржылық капиталды ғасырлар бұрын құрған

Ата-бабаларымыз ғұмыр кешкен кезеңдерден бері, әлі күнге дейін жақсы өмір сүруіміз, бай мемлекеттің иесі болып қалуымыз да салт-дәстүрімізді сақтағанымыздың арқасында. Мұқият зер салсаңыз, қазақылықтың иісі шығып тұратын, қаймағы бұзылмаған жерлерде береке көбірек болады. Оған барлығымыз келісеміз. Ал, жастар жағы осыны түсінбей, орыстанғысы келеді, ағылшын болғысы бар немесе шетелге кетуге асығады. Мен шетелде өте көп болдым. Шетелден оқу да оқыдым. Бір қызығы, олардың назары бізге ауған. Әрине, өзінің тамырын сезінбейтін адам, түп-тамыры бар, қазығы қағылған ұлтқа өте қызығушылықпен қарайды. Себебі, біздің тіліміз, дініміз бар, кең байтақ жеріміз, әдебиетіміз, мәдениетіміз, ұлттық құндылықтарымыз бар. Мұның барлығы бізге мыңдаған  жылдық сынақтардан өтіп келген.

Білектің күшімен, найзаның ұшымен, данышпандық даңғылмен жеткен. Соның бәрін қазіргі ойдан шығарылған жаңа бағытқа айырбастау, менің ойымша, үлкен қателік секілді. Осы қағиданы ұстану арқылы, жеке қаржының өзін, қаржылық капитал құруды табиғи болмысымызға сәйкестендіре отырып, халыққа жеткізу өте оңай болып тұр.

Сайлау Абайділданов
Сайлау Абайділданов қазақы экономиканың формуласы

Бай болуға көп ақша табу аздық етеді

Бір ескеретін жайт, бай болуымыз үшін, ішкі дүниемізді де дәл солай байытуымыз қажет. Ал, ішкі дүниенің баюы – ұлттық философияны бойға сіңіруді талап етеді. Мысалы, «үлкенді сыйлау», бір қарағанда өте қарапайым сияқты. Қазақтың тәрбиесінде үлкеннің алдын кесіп өтпейді.

Халқымызда ешқашан әке мен шешені тастап кетпеген. Ол айтылмайтын нәрсе. Мүмкін емес жағдай. Бірақ өкінішке қарай, қазақы тәрбиеден кетіп, орысша сөйлеп, ана тілін ұмытып, ділінен адасқан балалар ата-анасын қарттар үйіне әкеп беріп жатыр. Жылдар өте қазіргі бала да қартаяды ғой. Ал оның баласы әкесінің айтқанын емес, әкеден көргенін істейді. Яғни, оның өзін де перзенті қарттар үйіне апарады. Осындай қарапайым дүниелер арқылы жеке қаржыны да, капитал құруды салт-дәстүрімізге негіздеп жеткіземіз.

Ұлттық дәстүр жоғалмаған жерде табысты болу да оңай

Жастар айтады: Әке-шешем маған алғашқы капиталымды жасап берсе, болашағыма оңай болатын еді», –деп. Біздің ата-бабамыз оны ғасырлар бойы жасап келе жатыр емес пе?! Мәселен, «Балаға еншісін беру». Соңғы кеңестік дәуірде ғана енші деген болмады. Соның кесірінен біз бұл салтты ұмытып қала жаздадық. Қазіргі уақытта батыстың мамандары «Создать первичный капитал для своего ребенка» деп жаңалық ашып жүр. Бұл бізде байырғы заманнан жалғасқан үрдіс. Еншісі бар, қыздың жасауы бар, т.б. Осылайша, жеке қаржыны салт-дәстүрімізге ақырындап әкеліп жақындатсаң қазақтар өте тез қабылдайды. Мыңдаған жылдар бойы осы жерде өмір сүріп келе жатырмыз, тілімізде жоғалған жоқ, сол дәуірлерден бері бай әрі қуаттымыз. Біздің Bai-Quat-тың негізгі миссиясы осыны естеріне түсіру. Біз осы әдіспен жұмыс істейміз. Ал жаңа технологияларды бастыстан алу керек.

Тегін білімді қабылдамайды

Біз білімді тегін бергіміз келеді. Бірақ тегінді халық қабылдамайды екен. Сонда да тегін мастер класстарды өз офисімізде әр сенбі сайын өткізіп тұрамыз. Енді ақылы мастер класстар өткізгелі жатырмын. Бағасы 5 мың теңге. Алғашқы екі сағаттық шеберлік сағатымды Нұр-Сұлтан қаласынан бастаймын. Менің оқу-сабақтарыма қатысып жүрген, әлеуметтік желілер ақылы мені танитындар, семинар ақылы деген соң тіпті қызығушылық танытуда. Өзім қаржылық сауаттандырудан Қазақстандағы, қазақ тіліндегі алғашқы маманмын. 10 жылдық тәжірибеммен бөлісемін. Оқыту барысында зерттеулерім және авторлық қаржылық бағдарламамды пайдаланамын. Сондай-ақ, қазір Қарағанды, Тараз, Талдықорған қалалары жұмыс істеп жатыр. Осы қалалар да ақылы мастер класстар өткізейін деп тұрмын.

Сұқбаттасқан: Бекзат Ғажапбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close