Миллионер

Шығынды басқаруға арналған мобильді қосымшалар

Шығынды есептемеу сіз ойлағаннан да қауіпті

Шығынды басқарудың түрлі әдіс-тәсілдері бар. Бірі – ақшаны бөлу арқылы жұмсау. Енді бірі қолма-қол ақшаны мүлде пайдаланбайды. Сонымен бірге шығынды бақылауға болатын мобильді қосымшалар бар. Бұл қосымшаларды бірі білсе, бірі білмейді. Мобильді қосымшалар ақшаны есептеп, дұрыс жұмсауға көмектеседі.

«Тяжеловато»

Бұл бар қосымшалардың ішіндегі ең қарапайымы. Ай сайынғы қаржы мөлшерін жазасыз. Қанша бөлігін жұмсайтыныңызды енгізсеңіз, қосымша күніне қанша ақшаны жұмсауға болатынын есептеп береді. Әрі қарай бәрі күш-жігеріңізге байланысты. Белгіленген соммадан асып кетпеуге тырысыңыз. Сонымен қатар ақшаның қайда жұмсалғанын жазып отырасыз. Бұл көп уақытты алмайды. Егер шығын күнделікті нормадан асып кетсе, қосымша барлығын қайта есептейді. Ал күнделікті жаратылуы тиіс ақша мөлшері сәйкесінше төмендейді.

«Дзен-Мани»

Қосымша ақылы болып табылады. Қосымшаның артықшылығы QR код арқылы тауар есепшотын енгізуге болады. Қарыз есебін жүргізу өзге қосымшаларға қарағанда ыңғайлы.

«1Money»

Қосымша Андроид жүйесіне арналған. Оның ішінде қолма-қол ақша есебі, несие мен қарыз есебі секілді бөлімдер бар. Тауарларды түріне қарай топтастырып, ай сайын ақшаңыз қай салаға көбірек кететіндігін анықтауға болады.

«Money Lover»

Премиум бөлімін сатып алу сізге бірнеше әмиянды басқаруға мүмкіндік береді. Әрбір операцияны әр оқиғаға сай етіп жасауға болады: туған күн, демалыс, той. Әрі қарай қосымша шығындарды сәйкес оқиғаға қарай бөледі. Ай соңында шығын статистикасын бақылауға болады.

«Financisto»

Қосымшаның барлық бөлімін өзіңізге ыңғайлы етіп жасауға мүмкіндік бар. Мекенжай, жобалар, есепшоттар, валюта, алушылар секілді бөлімдер бар. Бірақ олардың барлығын қолдану міндетті емес. Супермаркет немесе дүкен есепшоттарын да қоса аласыз. Шығын есептерін кез келген бөлікке бөле аласыз.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!