Табыс

Уолт Дисней газет сатушыдан медиамагнатқа дейін

Уолт Дисней алғашқы мультфильмді қалай шығарды?

Уолт Дисней (1901-1966) – американдық аниматор, режиссер, актер, сценарист және продюсер. The Walt Disney Company мультимедиялық империясының негізін қалаушы.

Дисней кино тарихында бірінші болып дыбыстық және музыкалық мультфильмдерді жасап шығарды. Режиссер ретінде Уолт Дисней 11 фильм түсіріп, тағы 576 фильмнің продюсері атанды. Дисней кино саласындағы қызметі үшін 26 рет Оскармен (абсолютті рекорд) және Ирвинг Талберг сыйлығымен марапатталды.

Өмірбаяны

Уолтер Элиас Дисней 1901 жылы 5 желтоқсанда Чикагода дүниеге келді. Оның ата-бабаларының арасында ағылшындар, ирландтар және немістер бар.1906 жылы отбасымен Миссури штатындағы фермаға, ал 1910 жылы Канзас-Ситиге көшті. 14 жасында ол газет сатушы болып жұмыс істеді. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Дисней Францияда Халықаралық Қызыл Кресттің жедел жәрдем көлігін басқарып, бір жыл қызмет етті.

Дисней антикоммунист болды. New York Times жазушысы Марк Элиоттың кітабында «Уолт Дисней – Голливудтың қара ханзадасы» деп мәлімдеген. Дисней ФБР-мен ұзақ жылдар жұмыс істеді деген болжам бар. Журналист Шимон Брайманның айтуынша, Дисней өзінің бастамасы бойынша Голливудтағы әріптестерінің айыптауларын бюроға жазған. Соғыстан кейін Уолт Дисней Америкаға қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияға кино әлеміндегі «жасырын коммунистерді» анықтауға белсенді көмектесті.

1925 жылы студия хатшысы Лиллиан Бундсқа үйленді. 1933 жылы олардың Диана Мэри деген қыздары дүниеге келді. Ерлі-зайыптылар 8 жыл бойы нәрестелі бола алмаған. Екінші бала туа алмай 1937 жылы жұп кішкентай қызды асырап алып, оған Шарон Мэй Дисней есімін береді.

Диснейдің киноға келуі

1920 жылы Дисней жарнамалық киностудияда суретші болып жұмысқа орналасады. Онда ол алғашқы жарнамалық фильмдерін жасай бастады. Сол кезден бастап анимациялық туындылар жасауды армандады. Уақыт өте келе Дисней Канзас-Ситиде өзінің алғашқы Laugh-O-Gram анимациялық студиясын ашты. Онда Аб Иверкс оның серігі және жетекші аниматоры болды. Алайда компания көп ұзамай дағдарысқа ұшырады.

1922-1927 жылдары ол таза шығармашылықпен айналысты. 1923 жылы Дисней Лос-Анджелеске көшіп келеді де ағасы Роймен бірге Голливудта The Walt Disney Company шағын анимациялық студиясын ашады.

Алғашқы туындысы

1924 жылы 1 наурызда Дисней Льюис Карроллдың «Алиса ғажайыптар әлемінде» кітабына сүйене отырып, «Алисаның теңіздегі күні» атты алғашқы мультфильмін ұсынды. Сондай-ақ режиссер осы кітаптың кейіпкерінің құрметіне 1926-1927 жылдары «Алиса анимация елінде» атты бірнеше сериялы фильмді шығарды. Диснейде Алисаның шытырман оқиғалары туралы 56 фильм түсірілген. Содан кейін Дисней мультфильмдерінің стилі қалыптаса бастады.

Микки Маус – Дисней бренді

1927 жылы «Освальд қоян» фильмі үлкен танымалдылыққа ие болды және ондағы кейіпкерлер Диснейдің брендіне айналып, бірнеше мультфильмге кірістірілді. Аб Иверкс салған тышқан алдымен Мортимер деп аталды, бірақ көп ұзамай ол Микки Маус атанып, бүкіл әлемге әйгілі болды. Алғаш рет тышқан Микки Маус «Crazy Airplane» дыбыссыз фильмінде пайда болды. Сол жылы Диснейдің алғашқы дыбыстық фильмінің – «Пароход Уиллидің» кейіпкері атанады. Алғашқы бөлімдерде Уолтердің өзі тышқанның дауысын дыбыстайды.

Бұл кейіпкерлер компанияны байытты. Кейіпкерлер комикстер беттерінде, неше түрлі дүниелер бетінде пайда болды. 1930 жылдары Дисней кейіпкерлеріне ұқсас ойыншықтар пайда болды. Микки Маус немесе Дональд Дактың суреттері бар сағаттар, киім бұйымдары және басқа да күнделікті заттар сатылымға шықты. Олардың көмегімен белгілі тауарларды жарнамалайтын. Кейін Дисней өзінің мультфильмдеріндегі кейіпкерлерді коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат беретін лицензияларды сатты.

Дисней режиссурасының ерекшелігі

Disney мультфильмдерінде музыка маңызды рөл атқарады. Фильмдерде музыка тек диалогтың негізі емес, басты фоны ретінде қаралады. Сол себепті ондағы кейіпкерлер жиі ән айтады.

Диснейдің суретшілері жануарларды салмас бұрын әрқашан олардың тірі прототиптерін мұқият зерттеген. Сондықтан экрандағы барлық қимылдар шынайы көрінеді.

Уолт Диснейдің «Қиял» мультфильмінде алғаш рет кең экранда стерео дыбыс шығады. Дауыс Леопольд Стоковскидің жетекшілігімен Филадельфия симфониялық оркестрімен жазылған.

Дисней фильмді түсіруге арналған үш түсті машиналарды қолдана бастаған алғашқы режиссерлердің бірі болды.

Уолт Дисней студиясында кейін басқа студияларда аниматорларға премия ұсынылды. Ерекше трюк ұсынған аниматор сыйақы алатын болды.

Компанияның кеңеюі

1950 жылдары Дисней студиясы өз қызметін кеңейтті. Апта сайын «Диснейленд» ойын-сауық телебағдарламаларын дайындауды бастады.1955 жылы Лос-Анджелестегі Анахаймда аттракциондары бар «Диснейленд паркі» ойын-сауық кешені ашылды. Онда әртістер кейіпкерлердің костюмін киіп, балалардың көңілін көтерді. 1971 жылы Дисней әлемі Орландода пайда болды, ал 1992 жылы Париждің жанында Eurodisneyland ашылды.

1966 жылы 15 желтоқсанда Уолт Дисней қайтыс болады. Уолт Диснейдің бірнеше жылдық жоспарын Рой Дисней жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта бұл Голливудтағы ең ірі студиялардың бірі. Компания 11 ойын-сауық паркі мен екі су паркінің, сондай-ақ бірнеше хабар тарату желісінің, соның ішінде Американдық телерадиокомпанияның (ABC) иесі.

2009 жылдың тамызында Уолт Дисней компаниясы Marvel Entertainment компаниясын 4,5 миллиард долларға сатып алғаны белгілі болды.

Уолт Дисней компаниясының бас кеңсесі және негізгі өндіріс орындары Бурбанктағы (АҚШ, Калифорния) Disney Studios бөлімшесінде шоғырланған.

Уолт Дисней компаниясы Dow Jones Industrial Average құрамына кіреді. 2019 жылдың қарашасына нарықтық қаржыландыру $ 240 млрд құрады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close