Таным

АҚШ-та кәсіп жасаудың 3 жолы

АҚШ-та салық мөлшері әр штатта әртүрлі

«АҚШ-та кәсіп ашуға бола ма?» – ғаламторда ең көп ізделінетін сұрақтардың бірі. Бұл біреулер үшін болашақта шетелге көшудің жолы болса, біреулерге инвестициялық мүмкіндік. Balbal.kz мотивациялық сайты АҚШ-тың Калифорния штатында кәсіп ашудың жолдарымен таныстыратын болады.

АҚШ-та кәсіп ашу қиын шарулар қатарына жатпайды. Ешкім сіздің алтындай артық уақытыңызды алмайды. Кәсіп ашуға кететін шығын да әр штатта әр түрлі. Калифорния штатында бұл шығындар салыстырмалы түрде аз. Өз кәсібіңізді Калифорнияда ашу үшін сіздің алдыңыздан үш түрлі таңдау шығады.

Өз еліңізде жұмыс істеп тұрған кәсіпті АҚШ-қа көшіру

Тек сіз бұл кәсіпорында кем дегенде 3 жыл басшылық қызметтердің біреуін (директор, топ-менеджер, бас маман т.б.) атқарғаныңызды, қол астыңызда жұмысшылар болғандығын растайсыз. Сонда ғана сізге эммиграциялық емес, жұмыс визасын алуға мүмкіндік туады. Есіңізде болсын, АҚШ-та өз еліңізде айналысқан кәсіппен ғана шұғылдануға рұқсат бар.

АҚШ экономикасына инвестиция құю

Бұл АҚШ-та кәсіп ашудың ең қымбат жолы десек болады. Инвестор визасы 5-7 жылға ғана беріледі. Ең бастысы, АҚШ-пен келісімшартқа отырған мемлекеттердің азаматтарына ғана қолжетімді. Бұл мемлекеттерге Қазақстан, Украина, Әзірбайжан, Молдова, Грузия кіреді. Инвестиция сомасы нақты белгіленбеген екен. Бір анығы, 100 000 доллардан бастап 500 000 доллар аралығындағы инвестиция құюыңыз шарт.

Жаңа бизнес ашу

Ол үшін сіз Америка азаматтығын алып, SSN иегері атануыңыз міндетті Егер сізде SSN болмаса, онда американдық өкіл жалдауыңызға болады. Болмай бара жатса, SSN-ы бар америкалық азаматпен келісімшартқа отыруыңызға рұқсат.

АҚШ-та жаңа кәсіп ашудың бір жолы

Алдымен кәсіп жүргізудің дайын формулаларын зерттеп алыңыз. Нарықтағы болашақ өз бағаңызды белгілеңіз. Бизнес-жоспар дайындап, серіктес пен инвестор табуға тырысыңыз. Компания ашпас бұрын жоспарлаған штатта сондай жеке серіктестіктер бар-жоғын анықтап алыңыз. Компания атауын анықтап алған соң, электронды сайт арқылы тіркеу формасын толтырыңыз. Кәсіп ашқыңыз келетін штаттың мекенжайын жазып, өзіңіздің сотталмағандығыңызды растайтын анықтаманы өткізіңіз.

Тіркеу бағасы кәсіптің бағытына қарай 85 доллардан 115 долғарға дейін барады.

Сонымен қатар бұл қаражаттан бөлек РО Вох ашуға кететін шығынды да есепке алған дұрыс.

Барлығын тіркеп болған соң АҚШ салық басқармасынан идентификациялық салық нөмірін аласыз. Бұл сізге келешекте салық төлеуге және жұмыскерлерді тартуға көмек болады. Нөмірді алу үшін тағы да сайт арқылы онлайн өтініш немесе өтінішті шығарылған күйінде пошта арқылы жөнелте аласыз. Нөмір алған соң кәсіп ашуға және жұмыс жүргізуге мемлекеттен рұқсаттама мен лицензия алуыңыз қажет. Тіркелу тағы да онлайн түрде жүреді. Кәсіптің бағытына қарай сайт арнайы тізімді өзі береді. Ең соңында банктен есепшот ашасыз. Керек құжаттар тізімін банк өзі береді. Алайда банкке идентификациялық нөмірсіз және штат хатшысының тіркелу жайлы лицензия құжатынсыз бармағаныңыз абзал.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!