Таным

Ағылшын тілін үйренуге арналған 5 Telegram канал

Көп тіл білу – заман талабы. Бүгінде ағылшын тілі әлемде кең қолданысқа ие. Ағылшын тіліне әр үш ай сайын жаңадан 900 сөз қосылып жатыр. Ал көпшілік бастапқы білімді қалыптастыратын сөздерді жаттап үлгермей жатыр. Ендеше Балбал порталы ағылшын тілін үйренуге болатын 5 Telegram каналдың тізімін ұсынады.

@eng_polls — Бұл каналды пайдаланып бір айдың ішінде 500 сөз жаттап алыңыз. Күніне 15 минутыңызды ағылшын тіліндегі сөздік қорыңызды дамытуға жұмсаңыз.

@izenglish — бұл авторлық канал арқылы ағылшын тілінде сөйлеудің тәсілдерін үйренуге болады. Бұл жерде сөздерге аудармалар жан-жақты түсіндіріледі және еш жерден көшірілмеген. Былай айтқанда, CTRL+C, CTRL+V емес, авторы бар топ.

@wannaliveinusa — әзіл арқылы american english оқуға болатын топ. Әзіл сүйетін оқырмандар үшін таптырмайтын мүмкіндік.

@eng4ebd — әр күн сайын жаңа сөздер жүктеліп отыратын топтардың бірі. Оқытушысыз-ақ жақсы нәтижеге жетуге болады.

@Reclike — бес мыңнан көп жазылушысы бар бұл топтан жаңа сөздер мен арнайы тапсырмаларды табуға болады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close