Таным

Apple логосының тарихы

Apple логотипінің пайда болу тарихы

Apple компаниясының эмблемасын білмейтіндер  жоқтың-қасы. Тістелген алма әлемдік брендке айналды. Balbal.kz мотивациялық сайты атақты бренд логосының құпиясы және қалай пайда болғандығын материал ретінде дайындады.

Логотип тарихы неден басталды?

Apple логотипінің тарихы екі Стивтің амбициясынан басталды. Стив Джобс және Стив Возняк. Екеуі жетістікке жету үшін MOS Technology 6502 процессорының негізінде алғашқы компьютерлік модельдерді шығара бастады. 1976 жылы алғашқы компьютер модельдері жарық көргенде, олар ресми түрде Apple Computers Co. компаниясын тіркеді.

Логотипті кім ойлап тапты?

Apple компаниясының алғашқы логотипін компания негізін қалаушылардың бірі  Рональд Уэйн ойлап тапты. Ол екі аптадан кейін компаниядан кетіп қалды. Өзінің 10% үлесін бар-жоғы 800 долларға сатты.

Кейінірек оны Роб Янов өңдеді. Болашақ Apple символын жасау үшін дизайнер бірнеше алма сатып алды. Оларды алдына қойып, эскиздер жасады. Қажет емес бөлшектерді алып тастап отырды. 7 күннен кейін логотип дайын болды. Бұл түрлі-түсті жолақтары бар тістелген алма болды.

                                                Неліктан тістелген алма?

Алманы негіз етулерінде  екі себеп бар:

Сол жылдары компьютер модельдерімен жұмыс істеген кезде Стив Джобс диетада болды. Ол тек алма жеген.

Apple атауы телефон каталогында алдыңғы тізімде болды.

Неліктен алма тістегені туралы бірнеше нұсқа бар:

Стив Джобтың кумиріне айналған атақты математик Алан Тюрингтің құрметіне дейді. Оның керемет қабілеті Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде шифрлау машинасын жасауға көмектесті. Содан кейін сол жылдары гениальдық — гомосексуализмге жазаланатыны туралы белгілі болды. Ол сотталды. Жазалау ретінде химиялық кастрацияны таңдаған. Алан алманы калий цианидіне малып, соны тістеп өлген.

Сурет салудан шаршаған Роб алманы жегісі келеді. Оны тістегеннен кейін оған бір идея келеді. Осылайша өзі тістеген алманы салып шығады.

Дизайнердің айтуы бойынша тістелген алма арқылы ерекшеленген.

                                                    Логотип қанша рет өзгерді?

Уэйн жасаған түпнұсқа кескінге мұқият қарасаңыз, Apple логотипінің мәнін толық түсінуге болады. Онда өнер туындысын бейнелейтін көптеген ұсақ бөлшектер болды.

Эмблемада ағаштың түбінде отқан Исаак Ньютон бейнеленген. Оның үстінде алма тұр. Алма оның басына құлауға сәл қалған екен. Кішкене қаріппен  A Mind Forever Voyaging Through Strange Seas of Thought (Ақыл-ойдың таңғажайып теңіздер арқылы саяхаты) деп жазылған.

Яғни олар Ньютон сияқты iPhone, iPad, т.б бүкіл әлем үшін жаңа нәрсе ашты.

                                                    Логотиптің түсті форматы

Роб басында Apple логотипін түссіз етті. Бірақ Джобс оны кемпірқосақ жолақтармен жасауын талап етті. Өйткені Apple II түрлі-түсті экран түрінде шықты. Логотип те соған сай болу керек деп есептеді. Бұл 1988 жылға дейін компания символы болды.

                                                    Монохромға айналуы

1988 жылы Джобс компанияға оралды. Оған дейін 13 жыл басқа жерге кетіп қалған еді. Өзгерістер енгізгісі келді. Түсті iMac G3-ды сатылымға шығарды. Сондықтан жаңа өнімді жасаушы, Apple дизайнері және вице-президенті Джонатан Айв компания логотипінің сыртқы түрін өзгертті. Ол монохромға оралуды шешті. Ол екі нәрсені түсіндіргісі келді:

Компанияға «жаңа тыныс» беруді көздеді;

Компанияның жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Ол құлдыраса да, қайтадан биік шыңды бағындырды.

Сонымен қатар, түрлі-түсті эмблема Mac корпусында көрінбеді, ал қарасы жақсы үйлесті.

Қазіргі логотип

Бүгінгі таңда бренд логотипі қарапайым, бірақ әсерлі көрінеді. 2007 жылы компания алғашқы iPhone-ды ұсынып, компьютерлерден бас тартты. Сол кезде. Джонатан Айв логотиптің жаңа нұсқасын ұсынды. Енді алмада сұр реңктері бар, олар металл мен алюминийге ұқсас.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!