Біліп жүр

Балаға қай жаста нені үйрету керек?

Балаға қандай жұмыс тапсырамыз?

Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың міндеті. Бірі баланы шектен тыс ерке етіп өсірсе, бірі жауапкершілігін ояту үшін тым қатал әдістерді қолданады.  Balbal.kz мотивациялық сайты бала өз жауапкершілігін түсіну үшін қай жастан бастап нені істеу керек екені туралы материал дайындады.

3 жас

Үш жасынан бастап балаға өз затының иесі екенін түсіндіріп, жауапкершілігін оятыңыз. Осы кезден балаға өз ойыншықтарын жинауды, жоғалтпауын талап етіңіз. Үш жасынан бастап бала таңертен өзі беті-қолын жуып, тісін тазалау керек. Сонымен қатар заттарды алып беріп, көмектескен еңбегін бағалап, мақтау айтыңыз.

4 жас

Өзі киініп-шешінуі керек. Баланың ұзақ киінгенін сынап, өзіңіз киіндірмеңіз. Бала өзін қабілетсіз сезінеді. 4 жасар балаға төсек орнын жинауды, ыдысты орнына, киімдерді кір жуғыш машинаға қоюды талап етіңіз. Ас әзірлеген кезде балаңыз қызықса, жұмыртқа жару, т.б.қарапайым заттарды істеуге рұқсат беріңіз.

5 жасар бала не білу керек?

Үй жинауға көмектесу;

Дүкеннен нан сияқты заттарды сатып алу;

Аяқ-киім бауын байлау;

Дастарқан жаюға көмектесу;

Үй жануарларына қамқорлық таныту, тамақтандыру;

Осы кезде бала өз киімін жинап, орнын білу керек.

6 жасында не істетеміз?

Шаңсорғышпен кілемді тазалап шығу;

Гүлдерге су құю;

Қоқыс төгіп келу;

Осы кезеңде балада өзіндік көзқарастар пайда болады. Балаға өз киімін өзі таңдауға рұқсат беріңіз. Баланың таңдауын ешқашан сынамаңыз. Тек ауа райына сәйкес келмейтін киімдер болса, ескерткеніңіз жөн.

7 жасар бала

7 жасында бала мектепке барады. Сол жауапкершілікті сезініп, оқушы екенін түсіну керек.  Ерте жатып, ерте тұру, күн тәртібін құруды үйретіңіз.

Электроникалық құралдармен сіздің бақылауыңызда қолданып көруге рұқсат етііңіз. Өзінен кейін орнын жинап жүруін талап етіңіз.

8-9 жасында нені білу керек?

Еден жуу;

Өз киім сөресін жинау, ретке келтіру;

Инені қолдана білу. Ине-жіп сабақтау, ілгекті матаға қадау;

Ваннаны жеке өзі қабылдау, суға түсу;

Осы кезден бастап ол өзінен кіші бауырларына қамқор болып, ата-анасы үйде болмаған кезде де бас көз болу керек. Бала дастарқан басындағы әңгімелерге қосылып, өз пікірін айта алады. Оның маңызды екенін білдіру үшін тыңдап отырыңыз.

9-10 жас

Осы кезеңде балаға сыртқы ортамен байланыс ауадай қажет. Осы кезеңде бала жолдан өзі өте алу керек. Жол ережелерін толық біліп, оны іс жүзінде қолдана білгені абзал. Алғашқы көмек көрсету шараларын біліп, маңызды нөмірлерді білу керек. Мысалы, 103 – жедел жәрдем, 101 – өрт сөндіру, т.б. Одан бөлек жақын маңдағы жерлерге жаяу бару, төсек-орындарын ауыстыру, тез дайындалатын тамақтарды пісіре білу керек.

10-11 жас

Бала автобуспен жүре алу керек. Оған адаспай, қай автобус қай жерге баратынын айтыңыз. Адамдардан ұялмай, сұрауын өтініңіз. Үйде өзі қалудан қорықпасын. Қорқынышымен бірге күресіңіз. Осы кезде баланың қолына ақша ұстата бергеніңіз абзал. Ол өз ақшаларына ие болып, орынды жұмсай алу керек. Туған күніне шошқа банкін сыйлауға болады. Жеке хоббиларына жауапкершілікіпен қарауын талап етіңіз. Қызығушылықтарын бағалаңыз.

11-12 жас

Ас үй пешін қолданып, оны таза ұстау керек. Ата-анасына көмектесу керек екенін түсіндіріңіз. Өз ісіне яғни сабағына өзі жауапты болып, өзі оқысын.

13-17 жас

Бұл баланың өтпелі кезеңі. Олар жеткіншекке айналады. Психологияға мән берген жөн. Ол өзгерісті байқамай бала деп қабылдамаңыз. Осы кезеңде бала өзіне қатысты мәселенің шешімін қабылдай алу керек. Сонымен қатар ата-анасы жоқ кезде өзін үлкендердің орнына қоя алады. Тамақ істеу алу керек.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!