Таным

Бизнесті жүргізуге көмектесетін тегін сервистер

Бизнесмендерге керек құрылғылар

Бизнесті жүргізу кәсіпкерге бірнеше қиындықтар алып келуі мүмкін. Бұл процесті де жеңілдетуге болады. Ғаламтордағы бірнеше тегін сервистер сізге ойыңызды жинақтап, жаңа идеяның пайда болуына әсер етеді. Жинақы ой, тиімді жұмыс кәсіптің дамуына септігін тигізеді.

KeePass

Ғаламтордағы бұл сайт құпия сөздерді сақтауға, басқаруға арналған. Енді түрлі платформаға тіркелген кезде орнатқан құпия сөздерді жаттаудың қажеті жоқ. Барлығын бір жерге жинақтап, басқаруға мүмкіндік беретін сайт тегін жұмыс істейді.

Ақпараттар қорғалған файлда сақталады. Қажет жағдайда флэш картаға жүктей аласыз. Сонымен қатар сервис ішінде іздеу жүйесі бар. Бұл арқылы қажетті құпия сөзді жылдам таба аласыз.

Asana

Сайт алдағы уақытқа міндеттер қойып, оның орындалуын бақылауға көмектеседі.

Кәсіпкер алдыға түрлі міндеттерді қояды. Оны орындау, жазып алу, орындалу барысын бақылауға көп уақыт кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда сіздің ойыңызда жаңа идея дүниеге келмейді. Бірақ кәсіпкердің басты мақсаты – бизнесті жетілдіру.

Сервисте орындалуы қажет барлық міндеттерді жазып қоюға болады. Күнтізбе арқылы олардың уақытын белгілеуге де мүмкіндік бар. Сонымен қатар жұмыс командасын таңдап, әр маманға түрлі міндетті бөліп бере аласыз. Сайт ағылшын тілінде. Бірақ оны түсіну аса ауыр емес.

Қазіргі уақытта «Asana» сервисінің мобильді қосымшасы да іске қосылған. Бұл көп кәсіпкерлердің арманы – кәсіпті телефонмен басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Егер қол астыңыздағы барлық қызметкерлер бұл сервисті меңгерсе, мақсат қою және оны орындау әлдеқайда жеңілдейді.

Бұл сервис арқылы аяқ-астынан ойыңызға келген идеяны жазып қоя аласыз. Оны орындау үшін қоңырау шалудың немесе хат жазудың қажеті жоқ. Қосымшаны ашып, идеяға қатысты міндеттерді қажетті мамандарға бөліп бересіз.

Evernote

Evernote – заметка сақтауға арналған сервис. Сайтқа тіркелу тегін. Бұл сайт арқылы бизнеске қажетті идеяны, өз ойларыңызды жазып, сақтай аласыз.

Барлық ақпараттар қорғалады. Жазбаларды сізге ыңғайлы формада жүктей аласыз. Дыбыстық жазба, сурет секілді ақпараттар сервисте сақталады. Сонымен қатар ұялы телефоныңызға мобильді қосымшаны да орнатуыңызға болады.

Сервис кәсіпкерлер үшін ыңғайлы. Блог жүргізіп, жоба негізінде жұмыс істей аласыз. Уақытын үнемдегісі келетін жандар үшін таптырмас құрал.

Slack

Қазіргі уақытта мессенджерлер саны жетерлік. Бірақ мұндағы артық чаттар жұмысқа толығымен енуге бөгет жасауы мүмкін.

Slack – сіз және командаңыз ғана хабар алмасатын жабық чат. Мұнда жұмысшыларыңызбен тек жұмыс аясында ғана сөйлесуге мүмкіндік аласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!