Біліп жүр

Ең алғашқы компьютер ойыны

Spacewar туралы деректер

Ең алғашқы адамзат ойлап тапқан компьютер ойыны — Spacewar. Ол ғарыш кемелерінің соғысы жайында. Ойынды Мартин Гретц пен Стив Рассел есімді азаматтардың басқаруымен Массачусетс технологиялық институтының жұмыскерлері құрастырған.

Алдымен, 1962 жылы, олар күрделі емес бағдарлама жасап шығады. Араға аз ғана уақыт салып, ол бағдарлама екі ғарыш кемесі бар мини ойынға айналады. Шеңбер пішіндес катодты дисплейде шайқас алаңының картасы көрсетіледі. Екі қарсылас джостиктің көмегімен өздерінің ғарыш кемелерін басқарып, біріне-бірі оқ ата атады. Жанармай мен ату жарақтары шектеулі. Сол себепті, ойыншылар мейлінше сақ болған. Spacewar сол заманның үздік компьютері PDP-1-де тестіленген деседі.

Өзінің құрастырушыларына Spacewar қаржылай пайда алып келмеді. Десе де, ойынның арқасында олар бағдарламашылар ортасында үлкен танымалдылық пен құрметке ие болды. Ел ішінде Кен Томпсон осы ойынды ойнағаннан кейін шабыттанып, UNIX компьютерлік жүйесінің алғашқы нұсқасын құрастырған деген аңыз бар. Бірақ ол аңыз ғана.

Ең алғашқы компьютер ойыны туралы ақпарат — осы.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!