ТанымТарих

Ең алғашқы компьютер ойыны

Spacewar туралы деректер

Spacewar — адамзат ойлап тапқан ең алғашқы компьютер ойыны. Ол ғарыш кемелерінің соғысы жайында. Ойынды Мартин Гретц пен Стив Рассел есімді азаматтардың басқаруымен Массачусетс технологиялық институтының жұмыскерлері құрастырған.

Алдымен, 1962 жылы, олар күрделі емес бағдарлама жасап шығады. Араға аз ғана уақыт салып, ол бағдарлама екі ғарыш кемесі бар мини ойынға айналады. Шеңбер пішіндес катодты дисплейде шайқас алаңының картасы көрсетіледі. Екі қарсылас джостиктің көмегімен өздерінің ғарыш кемелерін басқарып, біріне-бірі оқ ата атады. Жанармай мен ату жарақтары шектеулі. Сол себепті, ойыншылар мейлінше сақ болған. Spacewar сол заманның үздік компьютері PDP-1-де тестіленген деседі.

Өзінің құрастырушыларына Spacewar қаржылай пайда алып келмеді. Десе де, ойынның арқасында олар бағдарламашылар ортасында үлкен танымалдылық пен құрметке ие болды. Ел ішінде Кен Томпсон осы ойынды ойнағаннан кейін шабыттанып, UNIX компьютерлік жүйесінің алғашқы нұсқасын құрастырған деген аңыз бар. Бірақ ол аңыз ғана.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close