Таным

Электронды визит картасы жайлы не білесіз

Электронды визит картасын жасау жолдары

Электронды визит картасы – сіз және сіздің компанияңыз жайлы ақпараты бар электронды файл. Мұнда аты-жөніңіз бен байланыс нөмірін қосасыз. Бұдан бөлек сілтемелерді және өзге де интерактивті құралдарды енгізуге болады. Назарыңызға электронды визит картасының артықшылығы мен жасау жолдарын ұсынамыз.

«Ақылды» картаның мақсаты

Электронды визит картасының мақсаты – неғұрлым көп серіктестер және клиенттермен байланыс орнату. Қазіргі уақытта көпшілігі ақпаратты компьютерде немесе телефонда сақтайды. Осының кесірінен визит карталарының 88% алғашқы аптада-ақ қоқыс жәшігіне кетіп жатады. Ал «ақылды карта» мұның алдын алады.

Электронды визит картасының артықшылықтары

Жылдам ақпарат алмасу. Электронды визит кратасын әлемнің кез келген нүктесіне жібере аласыз. Мұны мессенджер, электронды пошта, әлеуметтік желі арқылы іске асыруға болады.

Қолдану қарапайымдылығы. Арнайы макет жасап, баспаға тапсырыс берудің қажеті жоқ. Дайын үлгілері бар программа немесе қосымшаны пайдалансаңыз жеткілікті. Ақпаратты жаңарту да қиындық туғызбайды.

Шексіз ақпарат. Маркетингтік стратегияға қажетті ақпаратың барлығын файлға енгізуге болады.

Байланыс. Адамды қызықтыратын кез келген құралдарды қолдануға болады: бейнежазбаға сілтеме, әлеуметтік желідегі мекен-жайыңыз.

Ерекшелік. Электронды визит картасы сізді бәсекелестеріңіздің алдында ерекшелеп тұрады.

Электронды визит картасын қалай жасауға болады?

Онлайн

Haystack. Сервис көмегімен барлық командаңызға арнап визит картасын дайындай аласыз. Брендтің картасына арналған үлгіні жасаңыз. Бұл үлгіге қызметкеріңіздің аты-жөнін қоссаңыз болды. Тегін тарифтік жоспарға базалық функциялар қосылған.

CamCard. Сайт «ақылды серіктестік» қызметін ұсынады. Командаға арналған ортақ файл жасауға болады. Әр қызметкерге жеке карта дайындай аласыз.

Inigo. Онлайн  сервис командаңызға арналған визит картасын басқаруға мүмкіндік береді. Түрлі жобалар мен үлгілерге арналған жеке бөлім жасаңыз. Дайын визит картасын серіктесіңізге немесе тұтынушыға жіберіңіз.

Электронды визит картасын жасайтын қосымшалар

L-Card. Қазіргі уақыттағы электронды визит картасын дайындайтын танымал мобильді қосымша. Дайын шаблондар арасынан қажеттісін таңдап, өз брендіңіз үшін қолданыңыз. Қосымша арқылы файлға электронды пошта мекен-жайын, QR-кодты қосуға болады. Қосымшаның тегін нұсқасында мүмкіндіктері шектелген. Ақылы нұсқаның бағасы айына 9,95 долларды құрайды.

Switchit. Қарапайым және түсінікті сервис. Дайын үлгі арқылы байланыс нөмірін, сурет, бейнеролик, әлеуметтік желіге сілтемені қоса аласыз.

Қарапайым визит картасын қалай жасауға болады?

Жұмыс барысында қандай тұтынушының жолығатынын білмейсіз. Осы себепті өзіңізбен бірге қарапайым визит картасын алып жүруді ұмытпаңыз. Қағаз картаның баспаға арналған нұсқасын дайындау үшін «Logaster» сайтын қолданыңыз. Қажетті ақпаратты енгіңсеңіз жеткілікті. Сервис басып шығаруға дайын нұсқаны сізге ұсынады.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!