Таным

Эмир Байғазиннің фильмі «Азиялық Оскардың» номинациясын алды

«Өзен» фильмі «Режиссурадағы табыстар» номинациясынан көрінді

«Азиялық Оскар» ретінде танылған, жыл сайын өтетін «Asia Pacific Screen Awards» белді киножүлдесі үміткерлердің тізімін жариялады. Қазақстандық режиссер Эмир Байғазиннің «Өзен» фильмі «Режиссурадағы табыстар» номинациясынан көрінді. 12-ші Asia Pacific Screen Awards жүлдесінің жеңімпаздарын Австралияның Брисбен қаласында 29 қарашада жариялайтын болады. Айта кетсек, Эмир Байғазин 2013 жылы «Асланның сабақтары» фильмі үшін осы аталымда бақ сынап, киножүлденің жоғары бағасына ие болған (Hight commendation). 

Одан бөлек, «Өзен» фильмі Лос-Анджелесте өтетін Asian World film festival кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына қатысады. Сондай-ақ, аталған кинотуынды Варшавадағы және Сан Паолодағы фестивальдің арнайы бағдарламаларында көрсетіледі. Ал «Өзен» фильмінің азиялық тұсаукесері қазанның 25-і мен қарашаның 3-і аралығында Токиодағы халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасы шеңберінде өтеді.

— «Өзен» фильміне қатысты жаңалықтар мені және менің командамды әрине қуантады. Осы орайда, командама алғысымды білдіргім келеді. Олар тек маған емес, сонымен қатар менің идеяларыма қашан да адал. Сондай-ақ, маған қолдау көрсетіп, сенім білдірген Мәдениет және спорт министрлігіне алғыс айтамын. Болашақта да қарым-қатынасымыз нығайып, ортақ табыстарға қол жеткізетінімізге сенімдімін, — деді режиссер.

«Өзен» фильмінің әлемдік тұсаукесері Венеция кинофестивалі шеңберінде өткен болатын. Бұл фестивальдің «Көкжиектер» бағдарламасында Эмир Байғазин үздік режиссер атанды. Ал фильмнің Солтүстік Амирикадағы тұсаукесері қыркүйек айында Халықаралық Торонто кинофестивалі аясында өтті. Кинотуынды фестивальдің «Тұғырнама» («Платформа») конкурстық бағдарламасында көрсетіліп, қазылар алқасының құрметті аталымына және Screen Daily тәуелсіз киносыншылардың рейтингісі тізімінде алдыңғы қатардан көрінді. Одан бөлек, «Өзен» фильмі үшін Эмир Байғазин Голливудтың шетел баспасөзі қауымдастығының грантына ие болды.

«Өзен» фильмі өркениеттен алыс жерде тұратын, қаладан келген қонақтан кейін өмірлері күрт өзгере бастаған бес ағайынды туралы баяндайды.

 

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close