Таным

Физиканы қарапайым тілмен түсіндіретін кітаптар

Физиканы түсіну үшін кітап оқиық

Физиканы мектеп кезінен түсіне қоймайтын жандар көп. Ол саланың қаншалықты маңызды екенін, қоршаған ортаның бәрі физикалық құбылыстардан тұратынын білеміз. Мектеп оқушылары болашақта физикаға қатысты мамандыққа барғысы келгенімен, ол пәннен қорқып, қадам жасамай қалады. Ендеше Balbal.kz мотивациялық сайты оқырмандары үшін физиканы қарапайым тілмен түсіндіретін үздік кітаптар легін жариялайды.

 «Тек физика, тек қиыны! Шатыр»,  Д.Побединский

Уақыт деген не, жол қағидасын кім ойлап тапты, әлемдегі ең ірі химиялық элемент, жасанды интеллект сүюді сезе ме сияқты түрлі сұрақтың жауабын Дмитрий өз кітабында түсіндіреді. Кітапта параллельді әлем мен қара тесіктер туралы барлық тың ақпараттарды таба аласыз. Осы кітапқа негізделген «Шатыр: ғылым, технология, болашақ» атты ғылыми-танымдық жоба өткізілуде.

 «Уақыттың қысқаша тарихы. Үлкен жарылыстан қара тесікке дейін»,  С.Хокинг

Қызықты әрі жеңіл оқылатын кітап. Ағылшын физигі Стивен кеңістік пен уақыт, ғаламшардың құрылуы және оның болашақтағы тағдыры туралы баяндайды.

 «Сіз, әрине, қалжыңдаған боларсыз, Фейнман мырза!», Р.Фейнман

Фейнман өте әзілқой адам болған. Өз дәрістерін де барынша күлкілі етуге тырысқан. Кітапты оқыған жандардың пікірінше, оның автобиографиясы кей қиял-ғажайып романдардан асып түседі. Кітап кішкене баладан үлкен қарияға дейін түсінетін стильде жазған.

«Мүмкін емес физикасы», М.Каку

Атақты физик Мимио Каку бүгінгі таңда мүмкін емес болып көрінетін жаңа технологиялардың болашақта қандай болатынын талдап жазады. Кітапты оқи отырып, 21 ғасырда күш өрістері, көзге көрінбеушілік, ойды оқу, телепорт сияқты дүниелердің пайда болу ықтималдылығын түсінеміз.

Әрине, бұл әзіл не фантастика болып көріну мүмкін, алайда интернет, роботтардың өзі бұрынғылар үшін миға қонымсыз болып көрінді. Автор оны тек құр сөз арқылы емес, құнды дәлелдермен түсіндіреді.

«Сұлулық физикасы. Табиғат құрылысын түсіну», Ф.Вильчек

Әлемді сұлулық құтқара ма? Бұл сұрақтың жауабын ойшыл-философтар, суретшілер, ғалымдар ұзақ іздеді. Ал өзіндік иллюстрациялы көзқарастарымен Нобель сыйлығының лауреаты Фрэнк Вильчек сұлулық туралы түсіндіреді. Ол сонау грек философиясындағы Пифагор, Платон ойларынан бастап, Ньютон мен Максвелл, Эйнштейн теорияларына жүгінеді. Осылайша ол физикалық концепция бойынша сұлулық пен симметрия идеясын айқындайды. Көп физиктерден айырмашылығы – Фрэнк физиканы басқа ғылымдармен байланыстыруы.

«Неліктен Е= mc2? Неге бұған алаңдауымыз керек?», Б.Кокс, Д.Форшоу

Бұл кітап салыстырмалылық теориясын түсіндіріп, ең танымал теңдеудің мағынасына терең үңіледі. Іргетасын қалап кеткен Эйнштейн теорияларының маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Осы кітап арқылы физика не үшін керек деген сұраққа жауап таба аласыз.

«Квантты ғаламшар», Б.Кокс, Д.Форшоу

Біз қалай пайда болғанын көре алмаған ғаламшардың құрылуын көз алдымызға келтіре алатын кітап. Квантты физика арқылы әлемнің құрылу моделін түсіндіреді. Квантты физика көп адамдар үшін біртүрлі ғылым, алайда авторлар кітап арқылы көп оқырманның көзқарасын өзгерте алды.

«Физика. Комикстердегі жаратылыстану», Л.Гоник, А.Хаффман

Авторлар «Формулаларды үйренбес бұрын физиканың негіздерін білу керек» деген пікірді ұстанады. Қызықты тәсілмен физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды үйретеді. Оқырманға қызықты болуы үшін технологияларды мысалға алып көрсеткен. Механика, электроника, электродинамика салалары туралы біраз сыр шертеді.

«Жол қағидалары мен ғаламшардың жасырын өлшеулері», Ш.Яу, С.Надис

Жол қағидалары ғаламшардың он өлшемді екенін, ал адам санасы тек төрт өлшемді қабылдай алатынын көрсетеді. Жаңашыл ғалымдар қалған алты өлшем ғажайып құрылымға жинақталған деп болжайды. Оны физикада «Калаби-Яу» әртүрлілігі деп те атайды.

Дайындаған: Скендирова Қырмызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close