Таным

Фрилансер болудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Фрилансер болудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?

Фрилансер болудың артықшылықтары мен  кемшіліктері қатар жүреді. Қазіргі еңбек нарығы жұмыс іздеушілерге кәсіби қызметін жүзеге асырудың көптеген нұсқалары мен жағдайларын ұсынады. Соның бірі фрилансерлік қызмет. «Фриланс» атауының өзі біздің сөздік қорымызда жақын арада пайда болды.

Ағылшын тілінен аударғанда «freelancer» – ғаламтор арқылы өзіне жұмыс істейтін еркін маман деген мағынаны білдіреді.

Фрилансер бір уақытта бірнеше жобаға қатысып, бірнеше компанияға жұмыс істей алады. Бірақ олардың бірде-бірінің штатында қызмет етпейді.

Фрилансер болып жұмыс істеудің артықшылықтары өте көп: таңертең ерте оянып, кеңсеге жұмысқа бармайды; күндіз-түні қадағалайтын басшы жоқ; автобуста сығылысып, кептеліске тап келудің еш себебі жоқ. Өйткені сіз өз үйіңізде жұмыс істейсіз.

Бір қарағанда фрилансерліктің артықшылықтары өте көп сияқты көрінеді. Алайда оның кемшіліктері де жоқ емес. Мысалы, фрилансер болып кез келген адам істей алмайды. Көбінесе шығармашылыққа жақын мамандық иелері -дизайнерлер, суретші-үйлестірушілер, фотографтар, журналистер, филологтар фрилансер болады.

Келтірілген деректерге сенетін болсақ, кеңседе отырып сол мамандық бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге қарағанда 1,5-2 есе көп табыс табады.

Артықшылықтары:

  1. Еркін жұмыс уақыты;
  2. Үйде жұмыс істеу;
  3. Жоғарғы жалақы;
  4. Жұмыс пен саяхатты қатар алып жүру;

Кемшіліктері:

  1. Нақты белгіленген тұрақты жалақы болмайды;
  2. Тапсырыс берушілерді іздеу;
  3. Бақылаудың болмауы;
  4. Соңында істелген жұмысқа ақша төлемей қою.

Фрилансер болудың артықшылықтары мен кемшіліктерін саралап, өзіңізге қай бағытта жұмыс істеу тиімді екенін анықтап алыңыз. Бүінгі таңда адамдар өзінің сүйікті ісімен айналысып мол табысқа кенелуді ойлайды.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Close