Таным

Гай Кавасакидің маркетологтарға айтар 10 кеңесі

Гай Кавасакидің маркетингтік стратегиясы

Гай Кавасакидің жетістігін қайталау әбден мүмкін. Ол Aplle брендінің фанаттары пайда болуына атсалысқан адам.  Balbal.kz мотивациялық сайты Гай Кавасакидің маркетологтарға арналған 10 кеңесін материал етіп дайындады.

Сатуға тырыспаңыз

Маркетолог саудагер емес. Сіз аудиторияның көңілін тауып, тек ақпарат бересіз. Оларға тауарды сатуға тырыспаңыз. Таңдау жасауға көмектесіп, кеңес беруіңіз керек. Сонда сіз көпшіліктің сеніміне ие боласыз.

Алғысөзге мән беріңіз

Презентацияның басы қызықты болу шарт. Алғысөз қызықсыз болса, әрі қарай ешкім сізге назар аудармайды. Алғашқы 3-4 минутта қарапайым амандасу, таныстыру емес, ерекше бір әдісті қолданыңыз. Ол ойын ойнату, сұрақ қою, т.б. болу мүмкін. Кейде өз сөзіңізден емес бастамай, бейнебаянға көз жүгіртуге болады.

Аудиториямен байланыс

Презентацияның тек басы керемет болып, ары қарай қызықсыз болса, одан пайда жоқ. Аудитория үшін жұмыс істейсіз. Сондықтан аудиторияға назар аударыңыз. Сұрақ қойып, кері байланыс орнатыңыз. Презентацияға дейін аудиториямен жақын танысып алған болсаңыз, тіпті жақсы. Осы арқылы танитын адамдардың есімін айтып, мысал келтіріп отырасыз. Ал адам өз есімі аталғанда міндетті түрде сөзді тыңдайды.

Бәсекелесті төмендету

Ешқашан бәсекелесті сынамаңыз. Абырой әкелмейті шаруа. Өзіңізді көтеру үшін оларды мысалға алу – әлсіз маркетологтың ісі. Ондай кезде сізге деген негативті пікір қалыптасады. Аудитория сізге сенбейтін болады.

Оқиғаны баяндау

Өмірден алынған оқиғалар қызықтыратыны сөзсіз. Клиенттердің не өзіңіздің өміріңізден өткен оқиғаны айтыңыз. Презентациямен байланыстырып кету керек.

Бөлме көлемі

Презентация барысы қандай бөлмеде өтетіні маңызды. Өзіңізге қаншалықты сенімді болсаңыз да адамдарды кішірек бөлмеге жинаңыз. Себебі зал кең болса, адамдар басқа нәрсемен айналысып кетеді, әркім өз-өзімен отырады. Адамдар тығыз отырғанда зал эмоцияға толы болады. Артық қимыл жасап кетпейді.

Дайындық

Алдымен не айтатыныңызды дайындап алыңыз. Жетістіктің 80 %-ы сіздің ойыңызға байланысты. Маркетинг зерттеуді қажет етеді. Кейсіңізді бірнеше рет қайталаңыз. Мықты ораторлардың пікірінше, мінсіз сөйлеу үшін кемінде 20 рет  дайындалып, қайталау керек.

Баға саясаты

Тауар бағасын ұсынатын кезде бірнеше қағидаға мән беру керек:

Бағаны дөңгелектемеңіз

98000 теңге дегеннен гөрі 97260 деген өтімді. Бірақ соңын тоғызбен аяқтап қоятындарды көп көреміз. Тоғыздан алшақтау керек. 97999 емес, 97260 деп жазған клиентке ұнамды болады.

Жеңілдікті пайызбен емес, сан түрінде көрсетіңіз

Халықтың бәрін қаржылай сауатты дей алмаймыз. Бұл қолжетімді ақпарат емес. Ал клиент қарапайымдылықты ұнатады. Сол себепті баяғы және қазіргі бағасын салыстырып қойғаныңыз абзал.

Ірі сомманы азайтып көрсетіңіз

Бұл өтірік сан көрсету емес. Мәселен телефонның бағасы 200 000 теңге болған. Ол қымбат болып көрінеді. Бірақ оның ішіне көп нәрсе кіреді. Одан гөрі бәрін жіктеп, телефон 100 000, бағдарлама қондыру 10 000, қосымша гарнитуралар 20 000, номер 200 деген сияқты жазу керек.

Көтерме сауда және бөлшек сауда

Екеуінің бағасын көрсетіңіз. Клиентті көтерме сауда бағалары қызықтырады.

Дайындаған: Қырмызы Скендирова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!