Таным

Google Analytics: клиент келбеті, қызығушылығы, іс-қимылы

Google Analytics веб-сайтыңызды бақылауға, дамытуға көмектеседі

Google Analytics – Google ақысыз негізде ұсынатын веб-аналитика бағдарламасы. Бүгінгі таңда компаниялардың барлығы онлайн режимде жұмыс істеуге көшкен. Сондықтан әрқайсының жеке веб-сайты бар. Электрондық коммерция негізіндегі сайт болсын не ақпараттық блог болсын веб-сайтты бақылау және дамыту маңызды.

Динеш Тахур Google және Bing агенттігінің серіктесі Ads Triangle жарнамалық компаниясының тең құрылтайшысы. Сандық маркетинг бойынша Тахурдың 10 жылдан асатын мол тәжірибесі бар. Balbal.kz мотивациялық сайты Динеш Тахурдың «10 good reasons  why you should use Google Analytics» материалын қазақша аударып, оқырман қауымға ұсынады.

Тегін

Арзанның сорпасы татымайды дейміз. Ал тегін ірімшік тек қақпанда дей отыра тегін дүниенің болуын мүмкін емеске жатқызамыз. Алайда Google Analytics-пен жағдай өзгеше. Google Analytics-ті қолданғаныңыз үшін Google сізден бір тиын да алмайды. Артылған ақшаңызды басқа ресурсқа инвестиция етіп құйсаңыз болады. Сайтыңыздың өнімділігін арттыруға көмектесетін бар құнды ақпарат, сандар, статистика Google Analytics-те ап-айқын көрініп тұрады.

Автоматты түрде мәліметтерді жинайды

Google Analytics-те есептік жазба ашасыз да кодың қарапайым фрагментін сайтыңызға көшіресіз. Бітті. Енді ол веб-сайтыңыз бойынша бар ақпаратты теріп-жинап, әртүрлі есеп-талдаулар дайындап қояды.

Тұтынушы есебін ала аласыз

Жоғарыда ғана ақпаратқа сай есептің неше түрлісін алып, сайтты дамыту бойынша қорытынды жасай аласыз дедік. Алайда бар жақсылық мұнымен шектелмейді. Сіз Google ұсынатын кең таңдау ішінен өзіңізге ұнайтын, ыңғайлы есеп түрін таңдай аласыз.

Тұтынушы есебін құру үшін:

1-ші қадам: Google Analytics-ке кіреміз.

2-ші қадам: Басты бетке кіреміз.

3-ші қадам: «Баптауды» таңдап, ашылған мәзірдің ішінен «Есептер» дегенді таңдаймыз.

4-ші қадам: «Баптауларды» басасыз> + жаңа тұтынушы есебі.

5-ші қадам: Атауын қоясыз.

6-шы қадам: Есептің түрін таңдаңыз: өткізгіш, карта түріндегі және т.с.с.

8-ші қадам: Өлшеміңіз бен метрикті таңдаңыз.

9-шы қадам: Есебіңіз қай жерде тұруы керек, шешіп алыңыз.

10-шы қадам. Өзгертулерді сақтап қойыңыз.

Қалған платформалар мен құралдармен интеграцияға түсуі

Google-дың бар сервистері сияқты Google Analytics те түсінгенге, қолданғанға қарапайым әрі жеңіл. Бұл бағдарламаны ұялы телефонға, планшетке жазып алуға болады. Google Play-ге кіріп, арнайы бағдарламасын жазып алыңыз.

Google Analytics сонымен қатар Google AdWords-пен де керемет интерграцияға түсетінін білгейсіз. Екеуін байланыстыра отырып сіз екі құралдың басын біріктіресіз де бірге жұмыс істеулеріне мүмкіндік бересіз.

Сайт ішінде не болып жатқанын көре аласыз

Сайтқа кіргеннен кейін потенциалды клиент не іздеп жатқанын тек ішкі сайт қана көрсетеді. Ішкі сайтты зерттей отырып, қай тұсты дамыту қажеттігін анықтай аласыз.

Сайтыңызға келушілер неге тез кетіп қалатындықтарын білесіз

Сайтыңыздың бірінші бетіне кірген клиент қанша секундта, минутта сайттан шығып кеткендігі енді көрініп тұрады. «Кетіп қалушылардың» пайызын, көрсеткішін төмендету сіздің мақсатыңызға айналуы керек.

Көптеген компанияларда келетін трафик көп. Алайда конверсиясы аз. Бұл  сайтқа кірушілер көп болғанымен, олар қалағанын таппай сайттан кетіп қалады деген сөз. «Кетіп қалушыларға» мән беріп, себебін анықтау қажет.

Алайда Google Analytics «кетіп қалушылар» саны біршама болған кезде ғана есебін көрсетеді.

«Кетіп қалушылар» саны көп болса, демек сайтыңыздың оптимизациясы дұрыс емес не бірінші бетіңіз клиент үшін қызықсыз, тартымсыз дегенді білдіреді.

Аудиторияңыздың жасын, жынысын, қызығушылығын, қай жерде тұратынын, қай құрылғы арқылы сайтқа кіретіндігін білесіз

Google Analytics көмегімен аудитория сайтқа қалай тап болатындығын, қандай каналдар арқылы келетіндігін анықтай аласыз. Соның арқасында қандай каналдарды дамытып, қандай каналдарға басымдық беру керектігін шешесіз. Тіпті Google Analytics сізге клиент қолында ұстаған ұялы телефон қай брендтікі екендігін біліп отырасыз. Клиентіңіздің тұратын қаласын білгендіктен қай қалада маркетингтік стратегия жасауға болатындығын айқындап береді. Оны аз десеңіз, ол клиенттің сөйлеу тілі қазақ па әлде орыс па анықтай аласыз.

Қандай әлеуметтік платформаларға бағдар ұстауды анықтайсыз

Әлеуметтік платформалар –  трафикті көбейтіп, потенциалды клиенттердің қызығушылығын оятатын әдіс-амал.

Мысалы: Facebook-те сіздің компанияңызға деген қызығушылық көп болса, ал Twitter-ден келушілер мол болса, бюджетіңіз басым бөлігін Facebook-ке құясыз. Ал одан азырағын Twitter-ге бағыттайсыз.

Google Analytics көмегімен сайтқа кірген клиенттің көзі ең бірінші неге түсетіндігін біліп аласыз. Нәтижесінде соны жарнаманың орны етіп таңдайсыз.

Контентіңізді анықтайсыз

Сайтқа жарияланатын барлық ақпарат бақылауда болады. Ол дегеніміз қай ақпарат көбірек оқылатындығын, қай тақырып көбірек қызығушылық тудыратындығын білу. Клиентке ұнайтын «блогтарды», «айдарларды» одан сайын дамыта аласыз.

Алдыңызға мақсат қоя аласыз

Төлем жасаған, электронды кітап сатып алған, жүктеп алған, үлгіні толтырған, ақпараттық материалдарға жазылған дегендей мақсаттарды бақылап отыруға Google Analytics-ке тапсырма бересіз. Сөйтіп ай сайын, күн сайын осынша мақсат орындалды ма, жоқ па, оп-оңай анықтап отыра аласыз.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close