Таным

Көбейту кестесі: 7 күнде балаға жаттату жолдары

Көбейту кестесі

Көбейту кестесі оқушыларға ғана емес, күнделікті өмірде ересектерге де пайдаға жарайды. Бірақ содан шатасатындар бар. Біз сізге 25 минутта көбейту кестесін ішті пыстырмай, оңай жаттап алу тәсілін ұсынамыз.  

Сабырлық сақтаңыз

Балаға көбейту кестесін 7 күн ішінде меңгерту үшін алдымен ата-анаға сабырлық қажет. Жаттау барысында шатасу, қателіктерді қайталау жиі кездеседі. Бір қателікті кері қайталаған кезде дауыс көтермей сабырмен түсіндіргеніңіз абзал. Баланы шапалақпен ұрып қалудан аулақ болыңыз!

Мұқият болыңыз

Көбейту кестесін түсіндіру барысында бар назарыңыз балада болсын. Өзіңіз телефон қолданбаңыз. Whatsapp желісінде хаттарға жауап жазып, instagram желісіндегі фотосурет қарап отырмаңыз. Кешкі астың қамымен асүйге шауып кетпеңіз. Бар назарыңыз балада болсын. Бала көбейту кестесін жаттау кезінде тыныштық болсын, алаңдап кететін смартфонды бөлек қойып, теледидардағы мультфильмді өшіріңіз.

                                              Күніне 3 рет дайындалыңыздар

Күніне 7-8 минуттан көбейту кестесін 3 рет жаттаңыз. Сонда бір күнде көбейту кестесін жаттауға әрі кетсе 20-25  минут уақытыңыз кетеді. Көбейту кестесін жаттау кезінде тұрақтылық болсын. Бір күн жаттап, келесі күні қалып қоймауын қадағалаңыз.

Түрлі түсті карталар қолданыңыз

Сабақ іш пыстырмас үшін балаңызға ұнайтын түстен немесе түрлі түсті қағаз алғаныңыз дұрыс. Сол қағаздан 80 карта қиып алыңыз. Оның әрбіреуіне көбейтіндіні жазыңыз. Мысалы: 2*2 десек, сол картаның артына дұрыс жауабын яғни 4 деп жазыңыз. Екінші картаға 2*3 деп картаның артына дұрыс шешімі 6 деп жазыңыз.

Есте сақтау үшін дауыстап қайталаңыз

Әуелі  көбейту кестесін 2 минут дауыстап бірге қайталаңыз. Дауыстап оқу еске сақтауға көмегін тигізеді. 1 минут көбейтіндіні сіз айтып, жауабын оның айтуына жол беріңіз. Кейін көбейтіндіні ол айтуын өтініп, сіз жауабын айтқаныңыз да көмегін тигізеді. Бұл тәсіл баланың қызығушылығын одан әрі оятады.

Карта баланың қолында болсын

2 санының көбейту кестесі 9 картадан тұрады. 2 саны бар 9 картаны баланың қолына беріңіз. Қолына картаны алған кезде мысалы: 2*2 картасы тұрсын. Баладан жауапты сұраңыз. Дұрыс жауап яғни 4 болған жағдайда картаны бөлек жерге қойыңыз. Дұрыс жауап бермесе, картаның артындағы жауапты көрсетіңіз. Жауабын дауыстап бірге қайталаңыз. Жауабынан қателескен картаны баланың қолындағы карталар арасына салып қойыңыз. Арасына салған карта жиі кездесетіндіктен бала қатесін дұрыстап, көбейтіндіні жақсы меңгереді. Жауап толықтай алынғанша 9 карта қайтала бергені жөн. Уақытты да қарап қоюды ұмытпаңыз.

7 күн ішінде барлық санды қамтып үлгересіз. Бастапқы 2 және 3 сандарының көбейту кестесі оңай болғандықтан 1 күнде меңгеріп алуға болады. Мұндай тәсілмен күнделікті жұмыс істеп, тура 1 аптаның ішінде толықтай көбейту кестесін меңгере аласыз.

Дайындаған: Аружан Махамбетова

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!