Таным

Mars компаниясы: Құпияға толы кәсіптің құрылу тарихы

Mars шоколадының тарихы

Mars Америка бизнес әлемінің құпияға толы кәсіптерінің бірі. Компаниядағы негізгі тауарлар негізінде жеке өнеркәсіп құруға да болады. Mars-тың басшылығы компания негізін салған отбасыға тиесілі. Компанияның негізін салушылар байлықтарын жария етпеген. Мұндай құпиялылық оның төңірегіндегі өсек-аянның тарауына түрткі болды. Тіпті кейбірі Форрест Марс өзінің барлық өнімдерінің дәмін татып көреді деп топшылаған.

Компанияның құрылуы

Mars-тың тарихы ХІХ ғасырдан бастау алады. 1883 жылы Mars негізін салушы Франклин Клеренс (Фрэнк) Марс дүниеге келеді. Оның отбасысы кедей тұрған. Фрэнк ерте жасынан бастап жұмыс істей бастайды. 19 жасында толығымен тәттілер сатушысына айналды.

28 жасқа толғанында Фрэнк жұмысын тастап, жеке кәсіп ашуды қолға алады. Әйелі Этель екеуі өз үйлерінен кондитерлік дүкен ашып, тәттілер сата бастайды. Барлық сауда ас үйдің терезесі арқылы жүзеге асады. Олардың ісі оңға басып, 91 жылы Mars-O-Bar компаниясын құрады.

Бұл идея оған аяқ астынан келген. Ол ұлы Форрестпен дүкенге бара жатады. Ұлы әкесінен шоколад алып беруін өтінеді. Ал ол кезде шоколад өлшеп қана сатылатын. Бұл сатып алушылар үшін ыңғайсыздық тудыратын. Себебі тез былғанатын еді. Фрэнк осы кезден бастап қағазға оралған шоколадтың кішігірім бөліктерін шығаруды ұйғарады. Керемет идеясымен бірден әйелімен бөліседі. Milky Way батончигі бірнеше күнде танымалдылыққа ие болады. Ал 1925 жылы сатылым көшбасшысына айналады.

20-жылдары компания Чикаго қаласынан жеке зауытын ашады. Жұмыскерлер саны көбейеді. Бірнеше танымал маркалар да қосылады. Олардың ішінде Snickers те бар еді. 1932 жылы Форрест Марс өндіріске Mars атты ботончикті қосады.

Тек кондитерлік өнімдерден бөлек Mars Whiskas, Pedigree деп аталатын жануарлар тамағын да өндіреді. Ал ең танымал марка ретінде М&М белгілі болды.

«Қолда емес, ауызда ериді»

Форрест Марс М&М ойлап табады. Бұл идея оған Испанияда болған кезінде келеді. Шоколадтар қолда тез ерігендіктен ол бұлмәселені шешуді қолға алады. Испанияда М&М-тің негізіне айналған кәмпитті көреді. Тез ерігіштік мәселесін тәттілердің сыртын қорғаныш қабатпен жабу арқылы шешеді. Біраз уақыттан соң Форрест Uncle Ben’s компаниясын сатып алады. Бұл өнеркәсіп тез дайындалатын күріш өндірумен шұғылданатын еді. Ал Марстың тауарлар портфелі әлемдегі ең танымал брендтермен толыға түседі.

Форрест Марс әкесі мен өзі құрған кәсіптерді біріктіреді. Бірақ биржаға шығу туралы ой оған келмейді. Өйткені кәсіптің өз отбасында қалуын жөн деп санайды.

Басқармадағы ерекшелік

Форрест Марс өз байлығын ешқашан жария етпеген. Ол өзі туралы сөз қозғалғанын мүлде жақтырмаған. Жұмысқа берік болған ол мақтануды ұнатпаған. Қазірдің өзінде компания жайлы ақпарат аз. Форрест басқармасы бірнеше ерекшелікпен өзгешеленді. Ол тауардың сапасына қатты көңіл бөлген. Егер өндірісте мәселе туындаса, өз жұмысшыларын қатал түрде сынап отырған. Бірақ бұл жұмысшыларын сыйламады деген сөз емес.

Екіншіден, Mars компаниясында жеке бөлме деген болмаған. Жұмысшылардың арасын бөліп тұратын қабырғаларды қоймаған. Бұл ақпаратты тез әрі жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Үшіншіден, компанияның жұмысшыларды даярлайтын жеке орталығы бар. Ол ХХ ғасырда пайда болған.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Close