КітапТаным

Математиканы түсінуге мүмкіндік беретін кітаптар

Математика бізге не үшін керек?

Математиканы бірден игеріп кету көпшілігіне қиындық туғызады. Оны көбісі қызықсыз және түсініксіз деп ойлайды. Бірақ оны қарапайым ететін кітаптар бар. Назарларыңызға ғылымның пайдасы мен оны игеруге көмектесетін 14 кітапты ұсынамыз.

Математика не үшін керек?

«Математика маған керек болмады» деген пікірді жиі естиміз. Әсіресе гуманитарлық бағытты таңдаған жандардан. Мектеп бітіргеннен соң теңдеу шешпеуіңіз мүмкін. Бұл математиканың пайдасы жоқ дегенді білдірмейді.

Бұл логиканы дамытуға үлес қосады. Табысты өмір сүру үшін де қажет. Жиі кездеседі:

  • Банк. Қаржылық, өндірістік жұмыс. IT-сала;
  • Сатып алу және есептеуге байланысты жұмыс;
  • Пәтер жөндеу жұмысы. Материал сатып алу;
  • Ипотека, сақтандыру және несие үшін қолайлы жағдайларды іздеу;
  • Гуманитарлық пәндерді игеру.

Кьяртан Поскитт «Ересектерге арналған математика. Күнделікті есептеуге арналған лайфхактар»

Кьяртан BBC арнасында математикалық заңдылықтарды ертегі арқылы түсіндіреді. «Ересектерге арналған математика» арифметикалық операцияларды тез орындауға көмектеседі. Ойша есептеу, пропорциялардың мөлшерін есептеуге үйретеді.

Алекс Беллос «Сұлулық квадраты. Сандар өмірді және өмір сандарды қалай бейнелейді?»

Осы кітаптың көмегімен сіз пропорция, синусоид және факториал туралы мәлімет аласыз. Тіпті ежелгі әлем тарихы туралы оқисыз. Өйткені көптеген математикалық ашылулар ежелгі дәуірден басталды.

Барбара Оакли «Математик сияқты ойла»

Окленд университетінің профессоры Барбара  «Математик сияқты ойла» кітабында математика лайфхактарын жинақтады. Ол математикалық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра білді.

Дьердь Пойа «Математикалық жаңалық»

Бұл кітап кез келген мәселені шешуді үйретеді. Математиканы игеруге кедергі келтіретін қателіктерге талдау жасайды. Автор  түрлі тәсілдермен дұрыс шешім табуды көрсетеді. Ол үшін математикалық софизмдерді қолданады.

Джордан Элленберг «Қалай қателеспеуге болады? Математикалық ойлаудың күші»

Кітап қателеспеуге үйретеді. Тек математикалық есептеулер ғана емес. Мамандық таңдау, бизнестегі әрекеттерді талдайды. Висконсин университетінің профессоры Джордан: «Математиканы білу — бұл жасырынған әлемнің құрылымын көруге мүмкіндік беретін рентген көзілдіріктері»

Ханна Фрай «Махаббат математикасы»

Радио және теледидар жүргізушісі Ханна Фрай махаббатта қалай қателеспеу керегін айтады. Ол Лондон университетінің колледжінде математикалық білім алған. Енді Ханна қарым-қатынасты сонымен байланыстыруда. Үйлесімділікті қалай есептеуді, некедегі адалдық туралы мысалдар келтірген. Үйлену тойын оңтайландыру туралы дәрістер оқиды.

Артур Бенджамин «Математика сиқыры»

Америкалық математик Артур математиканы сандардың нағыз сиқыры деп санайды. Оқырманды да соған сендіруге дайын. Ол ойша тез санауды үйретеді. Тригонометрияны түсінікті тілде түсіндіреді.

Иэн Стюарт «Профессор Стюарттың математикалық пазлдары»

Стюарт АҚШ, Германия және Ұлыбритания университеттерінде сабақ берді. Иэн Стюарт математикалық жұмбақтар жинағын шығарды. Математика құпияларына жақын болуға мүмкіндік береді.

Борис Кордемский «Математикалық тапқырлық»

Математика қызықсыз деп ойлайтындар үшін тағы бір кітап. 369 тапсырмадан тұрады. Кітаптың кез келген бетін ашып оқи аласыз.

Яков Перельман «Көңілді геометрия»

Бұл кітап шын өмірде геометрияны қолдану бойынша нақты нұсқаулық. Сіз өзен бойында, жол жүргенде осы кеңестерді қолдана аласыз.

Нелли Литвак, Андрей Райгородский «Математика кімге керек? Цифрлы әлем қалай жұмыс істейтіні туралы нақты кітап»

Жастарды қызықтыратын компьютерлік мамандықтар туралы сыр шертеді. Бағдарламамен жұмыс істейтіндерге маңыздылығын айтады. Компьютерлік желілерді жобалауда немесе Интернеттегі жарнамалық науқандағы математиканың пайдасын түсінесіз.

Микул Патель «Көңілді математика»

Балаңызға математиканы үйретуге көмектесетін кітап. 10-12 жастағы балаларға формулалар мен геометриялық фигуралар туралы айтады. Барлығы қызықты суреттермен түсіндіріледі.

Лев Генденштейн «Алиса математика елінде»

Математиканы әлі үйренбеген оқушыларға ертегімен түсіндіреді. Оның кітабы Льюис Карроллдың «Алиса ғажайыптар әлемінде» шығармасына ұқсас. Алайда оның Алисасы математика әлеміне саяхаттады.

Михаил Пегов «Жеті рет өлше»

Гуманитарлық ғылымдарға арналған математика кітабы. Онда пұт, қарыс, верст, миль сынды әдеби кітапта кездесетін бұрынғы өлшемдерді түсіндіреді.

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!