Таным

Өнертапқыш әйелдер: Ыдыс жуу машинасы, жиналатын төсек, корректор

Өнертапқыш әйелдер оқиғаларымен танысыңыз

Өнертапқыш әйелдер барын білесіз бе? Олар әйел логикасы жайлы және даму қозғалтқышы ерлер деген таптаурынды бұзды. Ендеше өнертапқыш әйелдер хикаяларымен танысыңыз!

Гипатия Александрийялық

Ежелгі астрономиялық құрылғы – астролябияны тарихтағы алғашқы ғалым әйел Гипатия Александрийялық ойлап тапқан. Бұл құрылғы аспан денелерінің орналасу координатасын есептеуге арналған. Сонымен қатар антикалық философ, математик, астроном Гипатия дисцилденген суды жасауға арналған құрылғы мен оның тығыздығын өлшейтін аппарат жасап шығарған.

Мария Склодовская-Кюри

Франциялық физик, химик, педагог Мария Склодовская-Кюри күйеуімен бірге радий мен полоний секілді химиялық элементтерді ашқан. Ол – Нобель сыйлығын алған бірінші әйел. Марияны марапатқа жаратылыстану ғылымының екі саласы бойынша ұсынылды.

Грейс Коппер

Американың компьютерлік ғалымы Грейс Коппер бірінші компьютер «Марк І»-дің құрылысына қатысқан. Ал 1950 жылдары бірінші компиляторды ойлап тапты. Бұл құрал «COBOL» жүйелеу тіліне арналған.

Олив Деннис

Олив Деннистің өнертабысы теміржол саласының жұмысын толығымен өзгертті. Мұның ішінде жиналмалы төсек, тегін сүлгі ұсыну, сұйық сабын да бар. Сонымен қатар Олив пойыздағы желдету жүйесінің сызбасын сызды және түнде сөніп қалатын жарықшамды ойлап тапты.

Джозефина Кокрейн

Америкалық өнертапқыш Джозефина Кокрейн 1886 жылы бірінші ыдыс жуушы құрылғысын құрастырып шықты. Ыдыс жуу барысында фарфор ыдыстардың көптеп сынуынан шаршаған Джозефина «Ешкім ыдыс жуғыш құрылғы ойлап таппаса, мен жасаймын» деген екен. Айта кету керек, Кокрейннің өнертабысының шаруашылықтағы қажеттілігі тек 40 жылдан соң ғана мойындалды.

Хеди Ламарр

1942 жылы актриса Хеди Ламарр құпия хабарласу құралын ойлап тапты. Бұл құрылғы хабар беру жиілігін алмастырып отырған. Осылайша жаудың хабарламаларды ұстап қалуынан сақтаған. Ал 1962 жылы құрылғы америкалық торпедаларда, кейіннен мобильді байланыс пен «Wi-Fi» үшін қолданылды.

Бетти Несмит Грэм

Бетти Несмит Грэм «сұйық қағазды» ойлап табуымен белгілі. Ол баспа терімінде жіберілген қателіктерді түзетуге арналған корректорды жасап шығады. Химия негізімен танысқан соң Бетти ұзақ уақыт өз көлікжайында тәжірибе жасайды. Нәтижесінде тез кебетін, ақ түсті, қателерді түзетіп, қайта жазуға мүмкіндік беретін химиялық сұйықтық пайда болады.

Дайындаған: Назархан Уән

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!