Таным

Помодорро техникасы – өнімді жұмыстың кепілі

Помодорро әдісі

Помодорро әдісі – бұл өз уақытыңызды басқаруға арналған техника. Көптеген адамдар үшін уақыт жетіспеушілігі үлкен проблема. Тіпті кейбіреулер сағаттың әр тырсылынан мазасызданады. Сөйтіп істі кейінге қалдыруды әдетке айналдырып алады.

Помодорро қай кезде керек?

— жұмыстың басталуын жеңілдету;
— концентрацияны арттыру, ойды жинақтау;
— өз шешіміңіздің дұрыстығына көз жеткізу;
— мотивацияңызды арттыру;
— өз уақытыңызды есептеу, бағамдау;
— негізгі мақсатқа жету жолындағы нақтылық;
— жұмыс өнімділігін арттыру;
— дұрыс шешім қабылдай білу.

Помодорро техникасының қадамдары

Күніңіз басталмай тұрып жасалуы қажет істердің тізімін жасаңыз.
Бір жұмыстан бастаңыз:
1. Таймерді («Қызанақ») 25 минутқа қойыңыз.
2. «Қызанақ» (таймер )қоңыраулатқанша басқа ештеңеге мойын бұрмастан жұмыс істеңіз.
3. 3-5 минуттық үзіліс жасаңыз.

Әр істі 4 «қызанаққа» бөліп орындаңыз (істің ұзақтығына байланысты қызанақтарды көбейтесіз). Сол әр 4 «қызанақтан» соң 15-30 минуттық үзіліс жасаңыз. Помодорро техникасы бойынша жұмыс істегіңіз келсе, www. pomodoro-tracker.com сайтына кіріңіз.

Ережелер мен ескертпелер

1. Егер жұмыс 6-7 қызанаққа дейін созылып кетсе, оны бөліп-бөліп жасаңыз.
2. Тапсырманы орындауға аз уақыт алса, оны басқа жұмыстармен бірге орындаңыз.
3. Сіз «қызанақты» бастасаңыз, оны бітіруіңіз керек.
4. Келесі «қызанақты» жасау қызығырақ болады.
5. Осы уақыт аралығындағы жұмыс өнімділігін тексеріп отырыңыз. Бұл сіздің мотивацияңызды арттырады.
6. «Қызанақ» техникасын бос уақытыңызда пайдаланбаңыз. Бос уақытыңызда дұрыс демала біліңіз.

Дайындаған: Дидар Сұлтанбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!