Біліп жүр

Әр адам көруі тиіс 5 фильм

Әр адам көру тиіс, мотивацияға толы үздік фильмдер тізімі.

Әр адам баласы кітаптан қалай ой түйіп, тәрбие алса, кино арқылы да дәл сондай әсерге бөленіп, қиялмен өзге әлемді шарлауға мүмкіндік алады. Бастысы мағынасы терең, көкжиекті кеңейтер сапалы дүниені дұрыс таңдай білу шарт. Бір ғана кітап адам өмірін өзгерте алады. Алайда, сол бір кітапты табу үшін мың кітапты оқу керек. Сол сияқты сана биігіне шығып, әр адам өзін жеке тұлға ретінде сезінуіне септігін тигізетін фильмдерді де тамашалағаны дұрыс. Ендеше, танымыңызды арттыратын үздік 5 фильмді назарларыңызға ұсынамыз.

1. ШИНДРЛЕРДІҢ ТІЗІМІ (Список Шиндрлера)

Әр адам көруі тиіс 5 фильм
Шиндрлердің тізімі

Бұл туынды Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жүз мыңдаған адамды құтқарған Оскар Шиндрлер есімді жігіттің көрсеткен ерлігі жайында. «Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас» деген мақалды жоққа шығарғандай болған батыр жігіттің оқиғасы сіздің де көңіліңізден шығатыны сөзсіз.

2. ФОРРЕСТ ГАМП

ӘР АДАМ КӨРУІ ТИІС 5 ФИЛЬМ
Форрест Гамп

Бұл фильмде қиялдау, одан соң барып армандау, арманға деген нақты мақсат пен жетістік жолындағы әрекет әдемі суреттеледі. Бір сөзбен айтқанда, кинода бас кейіпкердің қалай атақты футболшы, батыр әрі миллиардер болғаны жайлы баяндалады. Біраз адамөз мақсаттарының бел ортасына шыға алмай жүргенде, бір ғана адам бірнеше биікті қалай бағындыруы мүмкін? Өзіміз білсек те білгіміз келмейтін, көре тұра  байқап қарауға ниет етпейтін өмірдің қарапайым шындығын ашқан туындыны зер сала қарап шыңсаңыз, көкірегіңізге көз бітеді.

3. АҚЫЛ ОЙЫНДАРЫ (Игры разума)

ӘР АДАМ КӨРУІ ТИІС 5 ФИЛЬМ
Ақыл ойындары

Кино картинаның жарық көргеніне 10 жылға жуық уақыт болса да, бүгінге дейін өзегін жоғалтпаған мәселелер баяндалады. Ақыл ойындары фильмін әртүрлі жанрға жатқызуға болады. Психологиялық, философиялық бағытта түсірілген туынды кино әлеміндегі көптеген сыншылардың сынынан сүрінбей өткен.

4. ЖАСЫЛ МИЛЯ (Зеленая миля)

ӘР АДАМ КӨРУІ ТИІС 5 ФИЛЬМ
Жасыл Миля

1999 жылы жарыққа шыққан фильмді көргенде көзіңізге жас келуі мүмкін. Себебі, мұнда «Суық тау» деп аталатын, өлім жазасына кесілген адамдар өмір сүретін түрменің ішіндегі оқиға баяндалады. Күндердің күнінде сол жерге Джон Коффи есімді жігіт те тап болады. Ал осы бір «ерекше» жігіттің қандай әрекеті сіздің көңіліңізді босатып, жылатуға дейін апаратынын  фильмді тамашалау барысында өзіңіз түсінесіз.

Оқи отырыңыз: «

5. ҮЙШІК (Хижина)

ӘР АДАМ КӨРУІ ТИІС 5 ФИЛЬМ
Үйшік

Психо-философиялық бағыттағы фильм өміріңде қандай жағдай орын алса да кешірімшіл болуды насихаттайды. Сондай-ақ, реніш пен өкпенің жарасы жазылмай, болашаққа жарқын қадам басу мүмкін емес  екендігіне сендіреді. Фильм сюжеті  отбасында орын алған қайғылы жағдайды бастан кешіретін Мак Филлипстің тағдыры жайында. Ол тірі бола тұра,  Құдаймен қалай кездескені жайында толығырақ өзіңіз көріп шығыңыз.

Бекзат Ғажапбекқызы

Тег
Көбірек көру

Оқи отырыңыз

Close

Тегін бизнес консалтинг

Balbal.kz материалдарын email-ға жіберіп отырамыз. Тек сала/тақырып таңдап әр 5 күн сайын e-mail-ды тексеруді ұмытпаңыз!